Қазақстанда бірінші ГАЭС салу

Қазақстанда бірінші ГАЭС салу

Жобаның сипаттамасы: Қазақстанда бірінші ГАЭС салу 

Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінде энергия ресурстарын бөлу, ресурстардың құрылымы, электр энергиясына сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі саласында кейбір проблемалар байқалады. Экономикалық дамуға, ЖЭК үлесінің ұлғаюына және ірі желілерді қосуға байланысты туындаған электр энергиясына қажеттіліктің өсуі жағдайында гидроаккумуляциялық электр станциясын (бұдан әрі - ГАЭС) салу қажеттілік болып отыр.

ГАЭС энергия жүйесін тұрақтандыру үшін экологиялық таза, төмен көміртекті және экономикалық оңтайлы шешім ретінде қарастырылады. Оны салу электр энергиясын жеткізудің сенімділігін арттыруға, желілердің теңгерімін жақсартуға және жаңа энергия көздерін пайдалануды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Қуаттың икемділігінің арқасында ГАЭС энергия жүйесін маневрлеуге қатысуға мүмкіндік береді, бұл ретте үлкен базалық қуаттармен (ГРЭС, АЭС) үйлесімде жақсы жұмыс істейді.

Жобаның мақсаттары:

Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын жинақтауға арналған ГАЭС салу болып табылады, ол электр жүктемесі кестесінің тәуліктік әртектілігін теңестіруге, сондай-ақ жел мен күн энергиясының үлесі жоғары желілерде тұрақты жүйені қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2024-2032 жж.

Ағымдағы жағдайы:

  • Ағымдағы жылдың 6 наурызында «Самұрық Энерго» АҚ және «Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы» МК (ҚХСШЭК) Қазақстан Республикасындағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясының жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 
  • Ағымдағы жылдың 16 маусымында Power Central Asia+China энергетикалық форумының алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ мен ҚХСШЭК арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.