«Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайта отырып жаңғырту» жобасы

photo1 TES 1

Жобаның мақсаты: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктеме кестесіне сәйкес жылу және электр энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Алматы ЖЭО-2 нысанының Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс экологиялық әсерін станцияны табиғи газды жағуға көшіру есебінен төмендету.

Жобаның сипаттамасы: Алматы 2-ЖЭО алаңында қуаты 600 МВт-ға дейінгі газ турбиналық технологияларды пайдалана отырып, жаңа станция салу. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 20 қыркүйектегі тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 10 шілдедегі Алматы ЖЭО-2 нысанында 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру мерзімімен жаңа бу-газ қондырғысын салуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда.

Іске асыру мерзімі: 2020-2026 жж

Қаржыландыру:

«Самұрық-Энерго» АҚ қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша келіссөздер мен дайындық шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта Еуропа қайта құру және даму банкімен (бұдан әрі - ЕҚДБ) қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша егжей-тегжейлі пысықтау жүргізілуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ЕҚҚДБ Жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін егжей-тегжейлі зерделеумен айналысуда.

ЕҚҚДБ консультанттары кешенді экологиялық және әлеуметтік сараптама жүргізіп,  келесі материалдарды қамтитын есепті ұсынды:

  1. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары;
  2. Есептің техникалық емес түйіндемесі;
  3. Қоныс аудару тұжырымдамасы;
  4. Жобаның дайындық (құрылыс алдындағы) кезеңі үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары;
  5. Қоршаған ортаға тигізетін ықтимал әсерлер туралы есеп.

Қазіргі кездегі жағдайы:

2021 жылғы 30 желтоқсанда жобаның ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынды.

АЖЭО-2 алаңында жаңа станцияның құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған мерзімде «АлЭС» АҚ жеке жоспармен кезең-кезеңімен әзірлеу және жобалау-сметалық құжаттаманы уәкілетті органмен сараптамалық сүйемелдеу режимінде келісу арқылы EPC-келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Жобаны ЕҚДБ-мен бірлесіп, тек қана ашық халықаралық екі кезеңді конкурс негізінде іске асыру ашықтықты және неғұрлым бәсекелі түпкілікті құнды алуды қамтамасыз етеді.

«Қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын кеңейту» жобасы

photo1 TES 1

Жобаны іске асыру мақсаты: Алматы қаласын жылумен және электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын кеңейту.

Жобаның сипаттамасы: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктемелер кестесі мен температуралық режимдерге сәйкес электр және жылу энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін қуатты 145 МВт-дан 200-250 МВт-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жобаның түпкілікті қуаты мен құны ТЭН әзірлеу қорытындылары бойынша анықталады.

Іске асыру мерзімі: 2021-2026 жж.

Қазіргі кездегі жағдайы: 2022 жылғы 22 ақпанда Жобаның ТЭН-і құрамында қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелері бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ТЭН әзірлеу жұмыстарын аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2022 жылғы қазан.