Жобаның мақсаты: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктеме кестесіне сәйкес жылу және электр энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Алматы ЖЭО-2 нысанының Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс экологиялық әсерін станцияны табиғи газды жағуға көшіру есебінен төмендету.
Жобаның сипаттамасы: Алматы 2-ЖЭО алаңында қуаты 600 МВт-ға дейінгі газ турбиналық технологияларды пайдалана отырып, жаңа станция салу. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 20 қыркүйектегі тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 10 шілдедегі Алматы ЖЭО-2 нысанында 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру мерзімімен жаңа бу-газ қондырғысын салуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда.
Іске асыру мерзімі: 2020-2026 жж
Қаржыландыру:
«Самұрық-Энерго» АҚ қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша келіссөздер мен дайындық шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта Еуропа қайта құру және даму банкімен (бұдан әрі - ЕҚДБ) қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша егжей-тегжейлі пысықтау жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ЕҚҚДБ Жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін егжей-тегжейлі зерделеумен айналысуда.
ЕҚҚДБ консультанттары кешенді экологиялық және әлеуметтік сараптама жүргізіп, келесі материалдарды қамтитын есепті ұсынды:
- Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары;
- Есептің техникалық емес түйіндемесі;
- Қоныс аудару тұжырымдамасы;
- Жобаның дайындық (құрылыс алдындағы) кезеңі үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары;
- Қоршаған ортаға тигізетін ықтимал әсерлер туралы есеп.
Қазіргі кездегі жағдайы:
2021 жылғы 30 желтоқсанда жобаның ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынды.
АЖЭО-2 алаңында жаңа станцияның құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған мерзімде «АлЭС» АҚ жеке жоспармен кезең-кезеңімен әзірлеу және жобалау-сметалық құжаттаманы уәкілетті органмен сараптамалық сүйемелдеу режимінде келісу арқылы EPC-келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.
Жобаны ЕҚДБ-мен бірлесіп, тек қана ашық халықаралық екі кезеңді конкурс негізінде іске асыру ашықтықты және неғұрлым бәсекелі түпкілікті құнды алуды қамтамасыз етеді.