Жобаның сипаттамасы: тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету және Үлкен Алматы өзенінің энергетикалық әлеуетін барынша пайдалану үшін физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыру.
Жобаның мақсаттары: Электр энергиясын тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз ету, пайдалану қауіпсіздігін арттыру және Үлкен Алматы өзенінің энергия әлеуетін барынша пайдалану мақсатында өз әлеуетін толығымен бітірген Каскад ГЭС негізгі және қосалқы жабдықтарын ауыстыру қажет. Жабдық жұмысының авариялық тоқтатылуын және су өткізгіш құрылғылар жұмысының бұзылуының алдын алу үшін оларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу талап етіледі. Бұл ретте энергетикалық параметрлерді ішінара ұлғайту және агрегаттардың ПӘК-ін жоғарылату, агрегаттар конструкцияларында жаңа заманауи әзірлемелерді қолдану есебінен жоспарлы жөндеуге бөлінген уақыт аралықтарын ұлғайту есебінен жұмыс қабілетін арттыруға қол жеткізуге болады.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2028 жж.