Жобаны іске асыру мақсаты:
Электр желілерінің тозу деңгейін төмендету.
Трансформаторлық қуатты ұлғайту, жаңа және жұмыс істеп тұрған тұтынушылар үшін қуат тапшылығын жабу мақсатында қайта жаңарту, жаңғырту және жаңа құрылыс салу.
Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және технологиялық бұзушылықтарды азайту мақсатында жаңа тұтынушыларды қосуды талап етпейтін артық жүктелген және нормативтік мерзімі өткен кабельдік желілерді ауыстыра отырып, электр желілерін реконструкциялау.
Жобаның сипаттамасы:
Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы саны 4 424 км құрайды, МЕМСТ-ға сәйкес күштік кабельдердің қызмет ету мерзімі 30 жылды құрайды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ 2 478,76 км кабельдік желі немесе кабельдік желілердің барлық көлемінің 56%-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асады.
Жалпы Алматы қаласы бойынша 948 шақырым кабель желісінің пайдалану мерзімі 50 жылдан асады.
Желілердің тозуы жыл сайынғы апаттылықтың өсуіне және электрмен жабдықтаудағы жиі үзілістерге әкеледі, бұл электр энергиясының жетіспеуіне, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша шығындарға әкеледі. Зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың ескіруі, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде жалпы көлемі шамамен 933 км желіні реконструкциялау бойынша ҚҚС-ны есептемегенде жалпы сомасы 91 600 000 мың теңгеге 10-6-0,4 кВ кабельдік желілерді реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды орындау жоспарлануда.
Ағымдағы жағдайы:
Жыл басында ЖСҚ құжаттары негізінде 3 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның 7 нысаны бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде. 3 нысан бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Іске асыру мерзімі: 2022-2030 жж.
Жоспарланған іс-шаралар:
Кезең-кезеңмен жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары 2023-2030 жж.
Пайдалану: 2024-2030 жж.