Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайту.
Жобаның сипаттамасы: ҚР өнеркәсібін, коммуналдық-тұрмыстық секторын және халқын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті ұлғайту, елдің энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелділігін арттыру.
Іске асыру кезеңі: 2010-2025 жж.
Қазіргі кездегі жағдайы: Қазіргі уақытта ҚХР аумағында сақталған жабдықтарды жеткізу іс-шаралары жүргізілуде. Жобаның өтелімділігін қамтамасыз ететін тарифті алу бойынша іс-шаралар қатар жүргізілуде, 2022 жылғы 28 қаңтарда ҚР Нарық кеңесіне жеке тариф белгілеуге өтінім берілді. 2022 жылғы 30 наурызда ҚР ЭМ-мен Жобаның өзін-өзі ақтауы мақсатында инвестициялық келісім жасасуға ҚР Нарық кеңесінің мақұлдауы алынды. Жоба жабдықтарын орналастыру үшін ангарларда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарланатын іс-шаралар:
ҚР ЭМ-мен инвестициялық келісімге қол қою
Жабдықты жеткізуді аяқтау
Қарыздық қаржыландыруды тарту
Құрылыс-монтаждау жұмыстары