Жобаның сипаттамасы: Жоба электр энергетикасы өнеркәсібіне жатады, жұмыс істеп тұрған СЭС-ті сенімді пайдалануды қамтамасыз етуге және өңірдегі энергия ресурстарына қажеттілікті жабу үшін қуатты ұлғайтуға бағытталған. Жоба заманауи технологияларды қолдана отырып, СЭС-тің қолда бар жабдықтарын жаңғырту арқылы қолданыстағы өндірісті жаңарту үшін іске асырылды, бұл су электр станциясының қуатын 100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ оның пайдалану сенімділігін арттырып, авариялылық тәуекелінің деңгейін төмендетуге әкелді.
Жобаның мақсаттары:
- Станцияның өнімділігі мен пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтарды ауыстыру;
- станцияның белгіленген қуатын 26% - ға (100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін) ұлғайту және өңірде электр энергиясының өсіп келе жатқан тапшылығын жабу үшін электр энергиясын өндіру;
- жабдыққа жөндеу-пайдалану қызметін көрсетумен байланысты тікелей шығындарды азайту есебінен станция қызметінің тиімділігін арттыру;
- қолда бар жабдықтарды жаңғырту арқылы станция қуатын арттыру;
- жабдықты пайдалану сенімділігін арттыру және апаттылық тәуекелінің деңгейін төмендету.
Іске асыру кезеңі: 2010-2020 жж.
Қазіргі кездегі жағдайы:
2020 жылғы 28 тамызда энергия объектісін пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылды.