Жобаның атауы: «Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу».
Жобаны іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді. Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттемелердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.
Жобаның сипаттамасы: Ерейментау қаласының маңындағы таңдалған алаң ЖЭС салуға лайық, өйткені онда орташа жылдамдығы 8,5 м/с болатын жоғары жел әлеуеті бар. ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу мүмкіндігі келісілген. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 215 млн.кВтс электр энергиясын өндіру болжанып отыр.
Іске асыру мерзімі: 2014-2022 жж.
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ құжаттарын түзету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Жоспарланатын іс-шаралар:
- Жоба бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК-дан жобаның ЖСҚ құжаттарын түзетуге қатысты қорытынды алу жоспарланып отыр;
- іске қосу-жөндеу/баптау жұмыстары;
- ЖЭС-ті пайдалануға беру.