Жобаның атауы: «Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу».
Жобаны іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді. Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен мынадай стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді:
Жобаның сипаттамасы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы кентінің жанындағы таңдалған алаң ЖЭС салуға лайық, өйткені онда орташа жылдамдығы 8,1 м/с болатын жақсы жел әлеуеті бар. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 226 млн.кВтс электр энергиясын өндіру болжанып отыр.
Іске асыру мерзімі: 2011-2022 жж.
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта жоба бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жоба бойынша кешенді сынақтар жүргізілуде.
Жоспарланатын іс-шаралар:
Іске қосу-жөндеу жұмыстары;
Станцияны пайдалануға беру.
Пайдалануға беру – 2022ж. 3 тоқсан.