Жобаның атауы: «Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт жұмыс істеп тұрған «Ерейментау-1» ЖЭС-ін әрқайсысының қуаты 2,5 МВт екі жел энергетикалық қондырғысына кеңейту».
Жоба іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді.
Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.
Іске асыру мерзімі: 2019-2023 жж.
Жобаның сипаттамасы: Ерейментау қаласының маңындағы таңдалған алаң ЖЭС салу үшін жарамды, өйткені орташа жылдамдығы 8,5 м/с болатын жоғары жел әлеуеті бар. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 19,7 млн.кВтс электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жағдайы:
- ЕҚО-мен аукциондық баға бойынша сатып алу шартына қол қойылды.
- жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарланған іс-шаралар:
- Қаржыландыру көздерін анықтау
- ЖЭҚ орнату бойынша техникалық шешімдерді анықтау (бір ЖЭҚ 5 МВт немесе 2,5 МВт 2 ЖЭҚ)
- ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алу.
- ҚМЖ.
- ЖЭҚ-ты жеткізу және монтаждау.
- Пайдалануға беру - 2023жылдың 4-тоқсаны.