Жобаның мақсаты: Жоба «Богатырь» кесігін көмірді конвейерлік көлікпен жер үсті біркелкілендіру қоймаларына жеткізудің ағындық технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді, содан кейін оны жер үсті тиеу кешендеріне тиеуді көздейді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру. Тозған негізгі құралдарды көмірді тиеуге, ұсақтауға және тасымалдауға ауыстыру.
Іске асыру кезеңі: 2013-2022 жж.
Күтілетін әсер:
- «Богатырь» кесігінің өндірістік қуатын жылына 32 млн. тоннадан 40 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
- Еңбек өнімділігін 25%-ға арттыру;
- 1 тонна көмірдің өзіндік құнын 12%-ға төмендету
- Вагондар айналымының уақытын 2,5 есеге (14,3 сағаттан 5,4 сағатқа дейін) азайту және теміржол құрамдарын ағытпай көмірді нақты тиеу процесін енгізу.
Жобаның ағымдағы жағдайы:
ThyssenKrupp жабдығын жеткізу 100% - ға жүзеге асырылды, қазіргі уақытта электр жабдығының ҚМЖ және ІҚЖ (Стакер, Уатқыш ауыстырып тиеу пункттері, Таспалы көтергіш конвейері, Барабанды реклаймер) жүргізілуде. Желге қарсы қоршауды орнату, сондай-ақ іске қосу үшін конвейер таспасын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Металл құрылымдарын монтаждау, барлық жабдықтарды ірілендіріп жинау - 90% - ға жүзеге асырылды.
Бетон, іргетас жұмыстарының дайындығы - 92%.
Жоба бойынша жоспарланатын іс-шаралар:
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау –2022 ж. III тоқсаны.
- Іске қосу-жөндеу жұмыстары және пайдалануға беру –2022 ж. IV тоқсаны.