Комплаенс қызметі

«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы (бұдан әрі – Қоғам) «Комплаенс» қызметі Акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі және Қоғам Басқармасы қолданып отырған:

  1. міндетті реттеуші талаптардың және халықаралық тәжірибенің, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтауды қамтамасыз ету;
  2. барлық қызметкерлер арасында шынайылықты, адалдықты қамтамасыз ететін және үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бизнесті жүргізу үшін жағдай туғызатын Қоғамның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы бастамалар, іс-қимылдар шеңберінде құрылған;

«Комплаенс» қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, Жарғыға, Ұжымдық шартқа, Мінез-құлық кодексіне, Корпоративтік басқару кодексіне, «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі туралы ережеге және Қоғамның басқа ішкі құжарттарына сәйкес жүзеге асырады.

«Комплаенс» қызметі Аудит жөніндегі комитетке және Қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, Қоғамның Басқармасына тәуелсіз, сонымен қатар оған өкілеттіктер берілген және өз міндеттерін орындау үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 шілдедегі шешімімен Жогибаев Жақсылық Мухамбеткалиевич «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Сіз сенім телефонына әдеп кодексінің кез-келген бұзушылықтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіздік мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз. Барлық тұлғалар келесі байланыс арналары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтініш бере алады.

 

Жедел желі

  • 8-800-080-4747 телефон нөмірі  (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін);
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. эл. почтасы
  • www. sk-hotline.kz интернет-порталы
  • WhatsApp 8-771-191-88-16

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – бұл заңды және/немесе Әдеп кодексін бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлау арнасы екендігін  хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми түрде хабарласу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында көрсетілген контактілерді пайдалану қажет. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының, «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы компаниялардың электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.