«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы корпоративтік менеджмент жүйесінің төмендегідей халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне қатысты алғашқы сертификаттау аудитінен сәтті өтті:
- ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйелері»;
- ISO 45001 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі»;
- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі»;
- ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;
- ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері».
Бұл энергетика саласы бойынша бес халықаралық стандартқа сәйкес топтық сертификаттау жүргізудің алғашқы шараларының бірі.
Сертификаттау аудитін MS Certification Services сәйкестігін растау жөніндегі тәуелсіз халықаралық орган халықаралық деңгейдегі аудиторларды тарта отырып жүзеге асырды, оның жетекшісі А.К. Гарг мырза болды.
Аудит компаниялар тобының мынадай активтерін қамтыды: «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы.
Менеджменттің корпоративтік жүйесі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы кәсіпорындар қызметін тиімді және транспарентті басқару үшін енгізілген болатын. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік менеджмент жүйесі орнықты даму тұжырымдамасына бағдарланған және сапалы басқару, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл сияқты өзара жүйелене топтастырылған бағыттарды қамтиды.
Мұның бәрі, сайып келгенде, менеджменттің бірыңғай корпоративтік жүйесінің неғұрлым сапалы деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ компаниялар қызметінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.