«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитетінің мүшелері таланттар пулы қатысушыларымен кездесті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитетінің мүшелері таланттар пулы қатысушыларымен кездесті

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2023-2031 жылдарға арналған кадр саясатын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің (ТСК) мүшелерімен және Қоғамның сабақтастық жоспары мен таланттар пулына енгізілген қызметкерлермен жыл сайынғы кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Стратегиялық ойлауды дамыту» туралы болды, бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті энергетика саласында жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды. Тұрақты энергия көздеріне көшуді, цифрландыруды және климаттық өзгерістерге қарсы күресті қоса алғанда, энергетика секторындағы жаһандық өзгерістер жағдайында ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу мен енгізу мүмкіндігі табыстың ажырамас элементіне айналады.

Іс-шара барысында қатысушылар стратегиялық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларға, ойындарға және кейстерді талдауға белсенді қатысты. Талқылаулар тез өзгеретін технологиялар, энергетикалық нарықтар контексінде дұрыс шешімдердің қаншалықты маңызды екеніне назар аударды.

Қатысушылар энергетика саласының болашағына жоғары қызығушылық танытып, компанияның тұрақты дамуы үшін стратегиялық тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде ТСК мүшелері сөз алып, өздерінің құнды тәжірибелерімен және стратегиялық көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ одан әрі кәсіби тұрғыда өсу үшін пайдалы ұсынымдар берді. Олар таланттар пулы әлеуетінің жоғары екеніне сенім білдіріп, қатысушыларға инновациялық тәсіл мен жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қабілетін талап ететін энергетика секторында көшбасшы болуға табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білім ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметтегі стратегиялық тәсілдерді де жақсартуға ықпал ететін практикалық әдістермен танысты.