«Алматы электр станциялары» АҚ

«Алматы электр станциялары» АҚ

Иелену үлесі: 100%

ales.kz

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарды электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

«АлЭС» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 жылғы №92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006ж. тіркелді (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АҚ). Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамына кіреді. «АлЭС» АҚ-ның ұйымдық құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді.

Өндірістік департаменттер:

  • 1-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 2-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 3-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • Қапшағай СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Каскад СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Батыс жылу кешені (БЖК) — жылу энергиясын өндіру;
  • «Энергоремонт» өндірістік жөндеу кәсіпорыны (ӨЖК) — «АлЭС» АҚ жабдықтарын жөндеу;
  • Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) — «АлЭС» АҚ-ның энергия көздері үшін отынды қабылдау және түсіру.

«АлЭС» АҚ-ның акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады — 100% акция.

«АлЭС» АҚ үшін электр мен жылу энергиясын тарату нарықтары Алматы өңірі болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның активтерін басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында АлЭС-тің 100% акциясы Қоғамның тура иелігіне берілді. Негіздеме:«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (2013 жылғы 9 қыркүйектегі №77 хаттама). 

«Казгидротехэнерго» ЖШС

«Казгидротехэнерго» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

samruk-energy.kz

«Казгидротехэнерго» ЖШС — бұл жиынтық қуаты 108 МВт болатын Оңтүстік Қазақстанда жеті шағын СЭС салумен айналысатын компания.

2013 жылғы 4 шілдеде «Қоғамның «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның жарғылық капиталының50% қатысу үлесін және «Казгидротехэнерго» ЖШС-ның жарғылық капиталының100% қатысу үлесін сатып алу туралы» Директорлар кеңесінің шешімі алынды.

«Әлеуметтік жауапкершілік» бағыты аясында қоршаған ортаны қорғау басым («жасыл экономика» стратегиясын іске асыру) болып табылады. Осыған байланысты, «Казгидротехэнерго» ЖШС-ны сатып алу «Самұрық-Энерго» АҚ-ның артықшылығы болып табылады. ЖШС қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектілерін, дербес техникалық құрылғылары мен олармен өзара байланысты құрылыстарын жобалауға, салуға бағытталған (жобалар – Казгидротехэнергоның 7 шағын СЭС-ін салу).

«Энергия Семиречья» ЖШС

«Энергия Семиречья» ЖШС

Иелік ету үлесі: 25%

www.energy7.kz

«Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру нысандарды жобалау және салу  қызметтерін көрсетеді.

«Энергия Семиречья» ЖШС – жел электр станцияларын (ЖЭС) салу қызметтерін жүзеге асыру үшін құрылған Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны.

«Энергия Семиречья» ЖШС-ның қазіргі уақыттағы қатысушылары «Самұрық-Энерго» АҚ (үлесі - 25%) және Power Construction Corporation of China Ltd. тобына кіретін бірқатар қытайлық компаниялар: Hydrochina Corporation (үлесі - 50%), Powerchina Chengdu Engineering. Corporation Limited (үлесі - 15%), Powerchina Resources Limited (үлесі - 10%).

«Энергия Семиречья» ЖШС 2022 жылы «Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыруды аяқтады.

Жобаның орналасқан жері – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек дәлізі, Нұрлы ауылы.

«Мойнақ СЭС» АҚ

«О.Д.Қантаев атындағы «Мойнақ СЭС» АҚ

Иелену үлесі: 100%

moynak.kz

Мойнақ СЭС-і 2012 жылы пайдалануға берілді. Реттейтін Бестөбе су қоймасы бар Мойнақ СЭС-і құрылыстарының кешені Шарын өзенінің жоғары ағынындағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 150 км қашықтықта орналасқан қысымды деревациясы бар су торабы болып табылады.

Мойнақ СЭС-інің негізгі мақсаты ҚР-дың Оңтүстік аймағында ең жоғарғы жүктемелерін жабу үшін электр энергиясының маневрлі көздер ретінде СЭС-ті пайдалану болып табылады. 

  • Белгіленген қуаты — 2х150 МВт;
  • Орташа жылдық өндірісі— 1027 млн. кВтсағ.
  • ҚТД— 1770м;
  • ҚКД— 1736 м;
  • ҚТД кезінде су қоймасының толық көлемі — 238 млн. м³;
  • Су қоймасының пайдалы көлемі — 198 млн. м³;
  • Есептік қысымы — 471,4 м;
  • Есептік шығын — 74 м³/сек

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

esalmaty.kz

«АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «АЭС» ЖШС) Электр энергетикасы туралы заңына сәйкес энергиямен қамтамасыз ететін ұйым ретінде 2006 жылғы маусым айында құрылды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады – қатысу үлесінің 100 %-ы.

«АЭС» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысының 3,5 миллионнан аса тұрғындарын және 38 мыңнан аса кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін Қазақстан аумағындағы электр энергиясының ең ірі жеткізушісі болып табылады.

Тұтынушылардың жалпы саны: 933 302

  • Жеке тұлғалар: 894 177
  • Заңды тұлғалар: 39 125

Серіктестіктің басты мақсаты Алматы қаласының және Алматы облысы сегіз әкімшілік ауданының тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді және тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.

«АЭС» ЖШС электр энергиясы көтерме және бөлшектеп сатунарықтарының субъектісі болып табылады.

«ШардараСЭС» АҚ

«ШардараСЭС» АҚ

Иелену үлесі: 100%

sharges.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Шардара су электр станциясы Арал теңізіне құйылатын Сырдария өзеніндегі бөгеттер каскадының соңғы бөгеті болып табылады. Жұмыс режимдері негізінде жоғарыда орналасқан су қоймаларының су ағызуымен анықталады.

Су торабының мақсаты кешенді болып табылады: суландыру, энергетика, су тасқынына қарсы күрес, балық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету.

Су қоймасы арналық болып табылады, ол суландыру мұқтаждары үшін қысқы ағынды жинауға арналған.

Қысқаша сипаттама

  • Пайдалануға берілуі – 1967 жыл.
  • Құрылған күні–1998 жылғы 22 қыркүйек
  • Белгіленген қуаты - 100 мВт
  • Орташа көп жылдық өндірісі- 377 млн. кВт
  • Агрегаттардың саны - 4 дана
  • Тізімдік саны - 157 адам
  • Су электр станциясының түрі - арналық,
  • Мақсаты- суландыру, энергетика, су тасқынына қарсы күрес.

Электр энергиясының өндірісі:

«Шардара СЭС» АҚ 2010 жылы электр энергиясының рекордтық көлемі өндірілді -  670 млн. кВтсағ

Қазіргі уақытта Шардара СЭС-ін жаңғырту жобасын іске асыру жүргізілуде. Жобаның негізгі мақсаты сапалық жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған жабдықтарды, өңірде электр энергиясына өсіп отырған тапшылықты жабу үшін станцияның қуаты мен электр энергиясының өндірісін арттыру, жабдықтарды пайдалану сенімділігін жоғарылату және станциянның авариялық тәуекел деңгейін азайту, жабдыққа жөндеу-пайдаланушылық қызмет көрсетумен байланысты тура шығындарды азайту есебінен станция қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Жобаны іске асыру кезеңі:

  • 2010-2017 жж.

Жобаны іске асырудан болған әсері:

  • Шардара СЭС-інің қуатын 126 МВт-қа дейін арттыру.
  • Қосымша 57 млн. кВтч/жыл өндіру

Жұмыс орындары:

  • құрылыс кезеңінде орташа – 200 адам
  • пайдалану кезінде орташа – 185 адам

«БұқтырмаСЭС» АҚ

«БұқтырмаСЭС» АҚ

Иелену үлесі: 90%

bges.kz

«Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегіаумақтық комитетінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 1053 «Алтайэнерго» акционерлік қоғамынан қайта ұйымдастырылған «Бұқтырма СЭС» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен құрылды.

ҚР Үкіметінің 24.10.2006ж. №1020 «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» қаулысымен «Бұқтырма СЭС» АҚ-ның акциялардың мемлекеттік топтамасы акциялардың санын арттыру және орналастырылған акцияларды төлеу үшін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ға берілді. 29.12.2006 жылы Қоғам акцияларының мемлекеттік топтамасының меншік иесі «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ болды.

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 17.09.2007 жылғы отырысында «Бұқтырма СЭС» АҚ-ның акциялар топтамасын жарғылық капиталын төлеуге «Самұрық-Энерго» АҚ-ға беру туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2008 жылғы 4 қаңтарда «Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамының меншік иесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес тәуелді қоғамы болып табылатын «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы болды.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің 25.02.1997ж. №176 қаулысымен «Бұқтырма суэлектростанциясы» АҚ-ның мүліктік кешені (өңірдің металлургия және тау салаларын қамтамасыз ету үішн бірінші кезекте салынған) «Қазцинк» АҚ-ға ұзақ мерзімді жалға (концессияға) берілді.

«Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамының негізгі қызметі пайда түсіру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны акционерлер мен Қоғамның мүддесіне пайдалану болып табылады.

Бұқтырма СЭС-і 1968 жылғы 12 тамызда пайдалануға берілді. Бұқтырма СЭС-і Бұқтырма өзенінің сағасынан төмен 15 км, Зайсан көлінен алған Ертіс өзінінің басынан 350 км қашықтықта орналасқан. БСЭС бөгеті құрайтын тірек су бөгетінің ауданы 5490 кв.км, сыйымдылығы 49,6 млрд. метр куб болатын су қоймасын құрайтын 5-6 метрге жететін Зайсан көлінің табиғи деңгейлерін жабады.

«Өскемен ГЭС» АҚ

«Өскемен ГЭС» АҚ

Иелену үлесі: 89.99%

samruk-energy.kz

Су станцияларының 40%-ынан астамы республиканың шығысында Ертіс өзенінде жинақталған. Ертіс каскадының біріншісі – Өскемен ГЭС, олбіраз уақыт бойы оның директоры Кеңес Одағы Министрлер Кеңесінің бұрынғы Төрағасы Григорий Маленков болғанымен танымал.

Бұл су станциясын жобалау мен салу 1939 жылы басталды, алайда, Ұлы Отан соғысының басталып кетуінің салдарынанбірінші турбина 1952 жылғы желтоқсан айында ғана пайдалануға берілді. Соғыстан кейінгі қиын жылдары ГЭС-тің жобалық қуатына 1959 жылы ғана жетуіне себеп болды, қалған үш турбина тиісінше 1953 жылғы маусым айында, 1953 жылғы желтоқсан айында және 1959 жылғы қараша айында іске қосылды.

Қазіргі уақытта Өскеменнің солтүстік-шығыс бөлігіндегі қала маңында орналасқан станцияның 331,2 МВт белгіленген қуаты бар төрт турбинасы (82,8 МВт) бар.

ГЭС құрылыстарының құрамы:

  • төрт суарғар саңылауы бар қыры бойынша ұзындығы 92 мбетон суағар бөгеті;
  • ұзындығы 300 м саңылаусыз бетон бөгеттері;
  • ұзындығы 129 м ГЭС-тің бөгет жанындағы ғимараты;
  • бір камералы кеме өткізетін шлюз.

Станцияның белгіленген қуаты 331,2 МВт құрайды, бірақ бөгет толық алынып тасталмағандықтан және төменді бьефінің есептік деңгейін шамамен 15 метрге өзгерткендіктен қолдағы қуат 315 МВт құрайды.

Станцияның орташа көп жылдық өндірісі 1 580 млн. кВтсағ құрайды, ал су аз болған жылы - 1 200 млн. кВтсағ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Иелену үлесі: 99,16%

azhk.kz

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) өзінің қызмет аймағында – Алматы қаласы және Алматы облысында халық, өнеркәсіптік пен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін электр энергиясын бөлу және тарату бойынша республиканың оңтүстігіндегі ірі өңірлік электр желілік компанияларының бірі болып табылады. «АЖК» АҚ-ның қызмет көрсету радиусы Балқаш өзенінің жағасынан Қытай шекарасына дейінгіаумақты алады.

«АЖК» АҚ-ның балансық жабдықтары кернеу санаты220-110-35-10-6-0,4 кВ болатын электр желілерін қамтиды. 

Компанияның құрамына кіреді:

  • ұзындығы 410,34 км кернеуі 220 кВ электр жеткізудің әуе желілері;
  • кернеуі 220 кВ -47,45км кабельдік желілер;
  • ұзындығы 2698 км кернеуі 110 кВ әуе желілері;
  • 110 кВ -206,36 км кабельдік желілер;
  • ұзындығы 2602,87 км кернеуі 35 кВэлектр желілері;
  • жалпы ұзындығы 12 831,73 км кернеуі 6-10 кВ әуе және кабелдік желілер;
  • жалпы ұзындығы 11 805,62 км кернеуі 0,4 кВ электр жеткізу желілері;

«АЖК» АҚ теңгерімінде тұр:

  • кернеуі 35 кВ және одан жоғары 209 қосалқы станция;
  • 6 762 дана кернеуі 6-10/0,4 кВ бөлуші трансформаторлық қосалқы станциялар;
  • 6-220 кВ трансформаторлардың жалпы саны - 8 474, жиынтық қуаты 9 808,2 МВА.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

gres1.kz

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 4000 МВтбелгіленген қуаты бар электр энергиясын өндіру мен бөлуді жүзеге асыратын конденсациялық түріндегі жылу электр  станциясын білдіреді. Станцияның негізгі отыны Екібастұз кен орнының тас көмірі болып табылады.

Бүгінде сегіз энергия блогының бесеуі тұрақты жұмыс істеуде және 2500 МВт қуатын өндіре алады. 

Қазіргі уақытта кәсіпорында ISO 9001:2000, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 үш халықаралық стандарт ендірілді және табысты жұмыс істеуде. 2006 жылғы желтоқсан айында электр станциясы ISO 9001:2000 - Сапа Менеджменті Жүйесі Стандартының талаптарына сәйкес келу халықаралық стандартын алды. 2008 жылғы наурыз айында электр станциясы OHSAS 18001 – денсаулық сақтау және кәсіби қауіпсіздік саласында Менеджмент Жүйесінің Стандарты бойынша және ISO 14001:2004 – қоршаған ортаны қорғау саласында Менеджмент Жүйесінің Стандарты бойынша халықаралық сертификаттарын алды.

2024 жылға қарай ЕГРЭС-1 станциясында №1 энергияблоктын қалпына келтіру және жаңғырту жоспарлануда, ол 4000 МВт жобалық қуатқа жетуге және Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де электр энергиясына үдемелі сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елдегі энергияға тапшылықтың пайда болу қаупін азайтатындықтан және ұлттық экономиканың өсуіне жәрдемдесетіндіктен, жұмыс істемейтін қуаттарды қалпына келтіру Екібастұз ГРЭС-1 үшін экономикалық тұрғыдан мақсатты және Қазақстан үшін қажетті болып табылады.