«Самұрық-Энерго» АҚ Еуразиялық KAZENERGY форумында

Қазіргі уақытта Астана қаласында Expo Конгресс орталығында жыл сайынғы XV KAZENERGY Kazakhstan Energy Week – 2023 (KEW-2023) Еуразиялық форумы өтеді.

Осы форум аясында ағымдағы жылдың 3 қазанында ТМД елдерінің (Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) Энергетика вице-министрлерінің қатысуымен «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ТМД Электр энергетикалық кеңесі Атқарушы комитетінің жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті. Сондай-ақ, аталған отырысқа «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Б.Мақсұтов қатысты.

news se 041023 2

Дөңгелек үстел отырысы тікелей байланыс форматында өтті, онда тараптар энергетикалық қауіпсіздік, оның ішінде қазба энергия көздерін, ЖЭК, су-энергетикалық ресурстарды экологиялық жауапкершілік тұрғысынан пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Талқылау барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б.Мақсұтов Самұрық-Энерго өзінің он жылға арналған Даму стратегиясында энергия қауіпсіздігі шеңберінде өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді, сондай-ақ Компанияның төмен көміртекті дамуға көшетінін ескеретінін атап өтті.

news se 041023 3

Сонымен қатар, көміртегі ізін азайту мақсатына жету мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын ескере отырып, көміртексіздендіруге әбден елеп-екшелген салмақты ұстаныммен келу және біртіндеп көшу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, Қ.Б.Мақсұтов Самұрық – Энергоның 2030 жылға дейінгі жоспарларымен бөлісті, оның шеңберінде жиынтық қуаты 10 ГВт – ға дейінгі ауқымды энергетикалық жобаларды іске асыру жоспарлануда (оның ішінде тек 3 ГВт – көмір генерациясы, 1 ГВТ – газ генерациясы және 6 ГВт ЖЭК (1 ГВТ- КЭС және 5 ГВТ ЖЭС)).

news se 041023 3

Сондай-ақ, Самұрық-Энергоның мемлекет атынан Қырғыз Республикасында Қамбарата СЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгілегенін, оның негізгі мақсаты біздің еліміз үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік облыстарын сумен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру болып табылатынын айтты.

news se 041023 3

Отырыс қорытындысы бойынша елдердің электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді іс-қимылы атап өтілді және жоғарыда аталған бағыттардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы құрамына сайланды

Zhaparkhanov 

Директорлар кеңесінің 28.09.23ж. шешімімен Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Нұрлан Алтынханұлы Жапарханов 1982 жылы 26 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

2011 жылы Нұрлан Алтынханұлы Астана қаласындағы «Тұран» университетін тәмамдап, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеген.

Алмасби Камалов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы құрамына сайланды

Директорлар кеңесінің 28.09.23ж. шешімімен Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Алмасби Камалов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Камалов Алмасби Низаматддинұлы 1989 жылы 7 сәуірде дүниеге келген.

2010 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген, іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры.

Warwick университетінде (Ұлыбритания) MBA бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыруда.

CFA level II деңгейінде кәсіби біліктілігі бар.

2011-2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарында жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ «Стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінде еңбек жолын бас менеджерден бастап, департамент директорына дейінгі жолдан өтті.

Жас энергетиктер «Самұрық-Энерго» АҚ ІІ Жастар форумы туының астына жиналды!

news se 150923 2

news se 150923 2

Өткен бейсенбіде Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ екінші Жастар форумы өтті.  Іс-шара ірі қазақстандық электр энергетикалық холдингінің жүзден астам жас қызметкерлерін жинап, компаниялар тобы мамандарының өзара іс-қимылын нығайту және жаңа буынын қолдау бағытындағы маңызды қадам болды. «Самұрық-Энерго» жас энергетиктерінің слеті «Jas Energy» компаниясы жастар қозғалысының белсенді қатысуымен өтті.

news se 150923 2

Форумның негізгі мақсаты компанияның жалпы ұйымдастырушылық дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының жастарын жақындастыру болды. Форум қатысушыларға әріптестер арасында жаңа достық және кәсіби байланыстар жасауға, олардың жеке және кәсіби өсуіне ықпал ете отырып, тәжірибе мен идеяларын алмасуға ерекше мүмкіндік берді.

news se 150923 2

Форумды «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғамбаев салтанатты түрде ашты. Руслан Елубайұлы өзінің құттықтау сөзінде компанияның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың құттықтау сөздерін форумның жұмысына жеміс тілей отырып жеткізді. Сонымен қатар, Руслан Тұрғамбаев компанияның болашақ жобаларына драйвер бола алатын жаңа таныстықтардың, шығармашылық жаңалықтар мен бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

news se 150923 2

news se 150923 2

Форум жұмысын ұйымдастырушылар мен «Жеті қадам» модульдік бағдарламасының қатысушылары жалғастырды. Бұл бастама «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың жас және тиімді қызметкерлерін дамытуға бағытталды. Әр түрлі компаниялардың 49 белсенді қатысушысы өздерінің коммуникативтік дағдыларын, командада жұмыс істей қабілетін дамыту, қаржылық жоспарлаудың негізгі қағидаттарын түсіну үшін басқарушылық құзыреттерді енгізу техникасын оқыту мақсатында іріктеуден өтті.

news se 150923 2

Форумда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Жеті қадам» бағдарламасына қатысушылар - Әселия Меңдібаева (Екібастұз МАЭС-1), Шыңғыс Жүйріков (АлматыЭнергоСбыт), Гүлманат Жұман және Мадияр Құлқашев (АЖК) алған тәжірибелерімен бөлісіп, оқу кезеңіндегі қиындықтар, жетістіктер және бастан кешкен эмоциялар туралы айтып берді. Спикерлер өздерінің энергетик әріптестерін холдинг кәсіпорындарында көбірек бастамашылық танытуға шақырып, залдан берілген сұрақтарға жауап берді.

news se 150923 2

news se 150923 2

Әрі қарай форум қатысушылары «Qwiz» зияткерлік ойынында өз қабілеттерін көрсетті. Көпшіліктің пікірі бойынша, викторинадағы сұрақтары ең қиыны «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелерінің сұрақтары болды.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

Күннің бағдарламасына әйгілі «Форт Боярд» телебағдарламасы желісінде ұйымдастырылған белсенді команда (тимбилдинг) құру кірді. Қатысушылар командаларға бөлініп, әртүрлі ойын жарыстарында тапсырмаларды орындады. Мұндай бірлескен жұмыс ортақ мақсатқа жету үшін ұжымды біріктіруге бағытталды.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

Форум күні бойы жалғасып, интерактивті ойындармен, байқаулармен және түрлі-түсті дискотекамен, көңілді гала-кешкі аспен аяқталды. Іс-шараның барлық қатысушылары бұл күннен көл-көсір эмоция мен мықты қуат алды. Жас энергетиктер жаңа достар тауып, құрдастарымен жақынырақ танысты.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның II Жастар форумы жас кадрларға, олардың жеке дамуы мен кәсіби жетілуіне назар аударудың маңыздылығын растады. Форум ұйымның жетілу және даму жолында қолайлы орта қалыптастыруға деген ұмтылыстың қаншалықты маңызды екенін тағы да бір көрсетті.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы Дүниежүзілік банк пен AFRY Switzerland компаниясы өкілдерімен кездесті

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК-ті дамыту саласындағы перспективті жобаларының қатарына Алматы облысындағы СЭС каскадын қайта жаңарту және жаңғырту жатады. Станция өңірдегі ең көне станция болып табылады, ол қазақстандық ірі электр энергетикалық холдинг құрамындағы компания - «АлЭС» АҚ-ға тиесілі.

news se 05 09 23 1

Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының Дүниежүзілік банк пен AFRY Switzerland швейцариялық консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы қазақстандық СЭС-ті жаңғырту әлеуетін, атап айтқанда, СЭС каскадын зерттеу бойынша жұмыстар кешенін жүргізу мәселелерін қарастыру және талқылау болды.

AFRY Switzerland энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым және ақпараттық технологиялар саласында мамандануда. Компанияны Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық шеңберінде республиканың гидроэнергетика секторына оның экологиялық таза өндіруші қуаттарының жұмысын жақсарту үшін тартты.

 news se 05 09 23 1

 news se 05 09 23 1

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компанияның Жобалау және өндіріс саласындағы мамандарымен бірге жұмыс жоспарының таныстырылымымен және СЭС-ті қайта құру мен жаңғырту бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру бөлігінде ұсынылатын шешімдермен танысты. Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, жоба қайта жаңартылатын СЭС-те электр энергиясын өндіруді ұлғайта отырып, Үлкен Алматы өзенінің гидротехникалық ресурстарын тиімді пайдалануы тиіс.

news se 05 09 23 1

Кездесуде атап өтілгендей, швейцариялық компания жоспарлаған техникалық-экономикалық зерттеу екі кезеңнен тұрады, олардың нәтижелері бойынша технологиялық параметрлері, сондай-ақ жобаның құны мен оны іске асыру мерзімдері көрсетілген талдамалық есеп ұсынылатын болады.

 Астанада талқылаулар аяқталғаннан кейін AFRY Switzerland консультанттарының техникалық тобы СЭС каскадында зерттеулер жүргізу үшін Алматы қаласына келуді жоспарлап отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері Қазақстанның ЖЭК мен ғылымын дамыту бойынша қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі II конференцияға қатысты

news se 04 09 23 1

Астанада Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері мен ғылымын дамыту саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі II конференция өтті. «Болашаққа - көміртекті бейтараптыққа қол ұстасып» ұранымен іс-шараны Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы China Power International Development Limited (CPID) Қытай мемлекеттік компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Энергетикалық форумның жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері де қатысты. Конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдингі Жобалау кеңсесінің басшысы Аңсар Айдаров компания республиканың электр энергетикасы нарығында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жаңартылатын энергетика желісі бойынша энергетикалық жобаларды, оның ішінде қытайлық серіктестермен бірге, іске асыру жоспарларымен бөлісті.

news se 04 09 23 1

Мәселен, Аңсар Айдаровтың айтуынша, электр энергиясын тұтынудың болжамды артуын қанағаттандыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бүгінде бірқатар ауқымды жобалармен жұмыс істеуде, олардың қатарында Алматы және Жамбыл облыстарында қытай серіктестерімен бірге іске асыру көзделген бірқатар ЖЭК нысандарының құрылысы бар. Осы жобалардың бірі Алматы облысының Шелек дәлізінде 2022 жылы пайдалануға берілген ЖЭС-ті 810 МВт-ға дейін кеңейтумен байланысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілі сондай-ақ компанияның төмен көміртекті дамуға көшудің негізгі бағыттары бойынша жоспарлары туралы айтты. Аңсар Айдаров атап өткендей, 2022 жылы электр энергетикалық холдинг 2022-2060 жылдарға арналған энергетикалық көшу бағдарламасын бекітті, оның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкіндігімен компаниялар тобының көміртегі ізін азайту болып табылады.

news se 04 09 23 1

Екіжақтық өзара тиімді серіктестікті талқылау «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кеңсесінде жалғасты. Онда қытай энергетикалық ұйымының мамандары «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовпен және компанияның өндіріс блогы басшыларымен кездесті. Екі елдің энергетика саласы өкілдері бірталай өзекті мәселер аясында пікір алмасып, ынтымақтастықтың жалғасу қажеттілігін атап өтті. 

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетиктері Астанада бас қосты

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты, онда үш ел арасындағы су-энергетикалық ынтымақтастық талқыланды.

news se 28 08 23 2

news se 28 08 23 2

Келіссөздерде қазақстандық тарап атынан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин өкілдік етті. Сонымен қатар кездесуге «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов та қатысты.  

news se 28 08 23 2

Астанадағы келіссөздердің негізгі тақырыптары алдағы 2023-2024 жж. күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі шеңберінде республикалардың өзара іс – қимылы, оның ішінде өңірдегі электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ көршілес Қырғызстанда Камбар ата ГЭС-1-ді салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері болды.

news se 28 08 23 2

Көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау барысында кездесуге қатысушылар электр энергиясын есепке алу тетігіне, республикалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге, оның үшінші елдерден тасымалдауына байланысты мәселелерді пысықтауды жалғастыруға шешім қабылдады. Сондай-ақ, Тараптар өзара көмек шеңберінде өңірдегі су аз болатын кезеңді ескере отырып, алдағы күзгі-қысқы кезеңнің сәтті өтуі үшін барынша күш салатынына сендірді.

news se 28 08 23 2

Үш елдің су-энергетикалық ынтымақтастығы шеңберінде талқылау мен консультациялар жалғастырылатын болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының келесі кездесуін ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда.

«Самұрық-Энерго» басшысы Қытай энергетикалық компанияларымен кездесті

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, онда ел астанасы Бейжіңде энергетика саласындағы кең ауқымды бағыттарға маманданған ірі қытай компанияларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді. 

news se 28 08 23 8

Сапар аясында қазақстандық электр энергетикалық холдингтің басшысы Energy China, Power China, CMEC, TBEA, MITIME, Сһіпа Railway, China huadian сияқты компаниялардың штаб-пәтерлерінде болды.

news se 28 08 23 9

Кездесулерде «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық объектілерді бірлесіп салу, жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі қытайлық әріптестер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қытайлық компаниялар ЖЭК нысандарын, гидро электр станцияларын, маневрлік энергия көздерін салуда қолданылатын соңғы әзірлемелер мен технологиялық шешімдерді ұсынды. Қазақстандық компанияның өкілдері шығарындыларды қысқарту және шартты отын шығыстарын азайту бөлігінде көмір станцияларын қайта құру және жаңғырту бойынша жаңа технологиялармен танысты.

news se 28 08 23 9

Кездесулерде ынтымақтастықтың өндірістік-технологиялық аспектілерінен басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ жобалар портфелін іске асыру шеңберінде қаржыландыру тарту перспективалары талқыланды.

news se 28 08 23 9

news se 28 08 23 9

Қытай компанияларының өкілдері Қазақстан аумағында электр станцияларын салу, жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі энергетикалық жобаларды іске асыруға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

news se 28 08 23 9

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесті.   Қайрат Мақсұтов қазақстандық Елшіні қытайлық компаниялармен ынтымақтастық жөніндегі перспективті жоспарлар туралы хабардар етті, іске асырылған бірлескен жобалардың табысты тәжірибесімен бөлісті, сондай – ақ 2023 жылғы 17-18 қазанда Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумына дайындық барысы туралы айтты.

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған VIII спартакиадада жүлделі 2-ші орынға ие болды

Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай ұйымдастырылған Қор компаниялары тобының қызметкерлері арасында өткен VIII спартакиада мәресіне жетті. «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингі командасы турнирде 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, екінші орынға ие болды. Энергетика саласының спортшылары Спартакиаданың бас жүлдесі – суперкубоктың иегері атанған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ командасынан кейінгі жүлделі екінші орынды иеленді. Дүбірлі спартакиаданың үшінші жүлдегері  – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ командасы атанды.

news 21 08 23 se 2

Ауқымды сайыс барысында Қор құрамындағы 16 компания өкілдері 11 спорт түрінен күш сынасты. Осылайша Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ең ірі жұмыс берушінің салауатты өмір салтын насихаттаған спорт шарасы 845 еңбеккер мен оларға жанкүйер болып, қолдау танытқан отбасы мүшелері үшін нағыз мерекеге айналды.

news 21 08 23 se 3

«Самұрық-Энерго» АҚ командасы, спорт түрлері бойынша жүлделі 1 орын иегерлері:

- Руслан Рахметов, шахмат (Екібастұз ГРЭС-2)

- Ульяна Каплич, жүзу (Екібастұз ГРЭС-1)

- Индира Байжанова, армрестлинг, 65 кг астам. (АЖК)

- Кристина Гринченко, армрестлинг, 65 кг. дейін (Екібастұз ГРЭС-2)

- Асық ату командасы (Богатырь Көмір және АЖК спортшылары)

- Арқан тарту командасы (АЖК құрамасы)

 

2 орын:

- Камила Ердякова, үстел теннисі (Богатырь Көмір)

- Кибер-спорт командасы (АлЭС құрамасы)

3 орын:

- Магинур Латыпова, тоғызқұмалақ (Богатырь Көмір).

«Міне қызықты да әсерлі үш күнге созылған мерейтойлық спартакиада да аяқталды. «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығында алып ұжым тамаша корпоративтік рух, ажырамас бірлік танытты. Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 1000-ға жуық еңбеккер салауатты өмір салтының маңыздылығын паш етті. Әріптестеріміз жарысты, тартысты, бірақ сыйластықтан ажырамады, нәтижесінде достық жеңіске жетті. Осы орайда сегізінші Спартакиаданың Суперкубок иелерін құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер. Отбасыларыңызға бақыт, бастарыңызға амандық тілеймін. Биіктерге бірге жете берейік, достар!», - деп әріптестерін құттықтады «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, еңбек-әлеуметтік қатынастар және еңбек қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.  

Спартакиаданы өткізудегі негізгі мұрат - корпоративтік мәдениет пен ұжым ішіндегі байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыны «Бір команда - бір мақсат!» ұраны аясында ортақ идеяның айналасына біріктіру, жеңіске бірге жету идеясын насихаттау. Мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия, көлік және басқа да инфрақұрылымды қоса алғанда көптеген экономика салаларында сенімді серіктес компаниялар спортта да көшбасшы екенін дәлелдеді.

news 21 08 23 se 4

Жеңімпаздар жекелеген спорт түрлерінен үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және жүзуден марапатталса, топтық спорт түрлерінен футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт шеберлерінің мерейі үстем болды. Жүлдегерлер туралы толық ақпарат VIII Спартакиаданың әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылады @spartakiada.sk.

«Самұрық-Қазына» 15 жылдығына арналған жыл сайынғы Спартакиада басталды

19 тамыз​​​​ Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VIII Спартакиадаға бастау берді.
Ауқымды сайыс барысында Қор құрамындағы 16 компания еңбеккерлері 11 спорт түрінен күш сынасуда.
«Самұрық-Қазына» компаниялары қызметкерлері арасындағы 8-ші спартакиада қатысушыларына жалынды сәлем! Биыл ауқымды спорт сайысы Қордың 15 жылдығына арналуда. Бұл дегеніңіз, біз Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ең ірі жұмыс беруші ретінде салауатты өмір салтын қолдаймыз. Бүгінгі салтанатты шеруге қарап, әріптестеріміздің спортты тұрақты серік еткеніне кезекті рет куә болып отырмыз. Отбасыларыңыздың да жанкүйер болып келгені қуантады. Оларға, яғни балалар мен ересектерге бөлек бағдарлама дайындадық. Баршаңызға спорт мерекесінде ерекше естен кетпес қызықты сәттер, биік белестер тілеймін. Спартакиада суперфиналын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!», - деді салтанатты ашылу рәсімінде өзі де спорттың бірнеше түрімен, оның ішінде жүзумен белсенді айналысатын Қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Осылайша «Samruk United» құрамасы, «Қазпочта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана», «КEGOС» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ спортты серік 845 өкілі жекелей жарыстар тұрғысында үстел теннисі мен шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг, жүзуден тартысқа түссе, ал топтық аламандарда футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт бағыттарында жеңіске ұмтылады.
Спартакиаданы өткізудегі негізгі мұрат - корпоративтік мәдениет пен ұжым ішіндегі байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыны «Бір команда - бір мақсат!» ұраны аясында ортақ идеяның айналасына біріктіру, жеңіске бірге жету идеясын насихаттау. Мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия, көлік және басқа да инфрақұрылымды қоса алғанда көптеген экономика салаларында сенімді серіктес компаниялар спортта да көшбасшы екенін дәлелдемек.

ҚР Энергетика министрі Самұрық-Энергоның Екібастұз энергонысандарын аралады

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Екібастұз ГРЭС-1-де болды.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры Асан Наурзғалиев министрге станцияның жұмысы, алдағы жылыту маусымына дайындық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Зауытта Екібастұз ГРЭС-1 қуатын 4000 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін «№1 энергоблокты қалпына келтіру» жобасы жүзеге асырылуда, оның құны шамамен 162 млрд теңгені құрайды, аяқталуы 2023 жылдың соңында күтілуде.

news 18 08 23 se 2

Сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2-де №3-ші энергоблоктың құрылысы бойынша жұмыстар қайта жанданды, жобаның жалпы құны шамамен 450 млрд теңгені құрайды. Жаңа энергоблокты іске қосу станцияның қуатын 2026 жылы 1600 МВт-қа дейін арттырады. Сонымен қатар, бұл жобаны іске асыру – құрылыс  кезеңінде шамамен 1400 жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 350-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ басқарма төрағасы Жандос Медеуов айтты.
­­­­­­­