«Самұрық-Энерго» АҚ энергетикадағы цифрландыруды кеңейтуде

Қазақстанның энергетикалық нысандарында арнайы жабдықты орнату басталды, бұл республиканың бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) қуаттың ағымын және оның таратылуын реттеуге мүмкіндік береді.​

Цифрлық шешімдерді енгізу және Жүйелік операторға қызмет көрсету есебінен 2021-2025 жж. аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ  4 млрд. теңгеден астам қаржылық пайда табуды жоспарлауда.

Аталған бірегей жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары – «Мойнақ СЭС-і» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның платформасында іске асырылуда. Бұл «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жиілік пен қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР) жүйесін енгізу бойынша бірлескен жобасы.

Электр энергетикалық холдингте түсіндіргендей, электр энергиясының сапасы мен оны өндіруші жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кез келген энергия жүйесінде электр энергиясын өндіру мен пайдалану арасында тепе-теңдік қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстанда қазіргі кезде бұл баланс Жүйелік оператордан («KEGOC» АҚ) бастап өңірлік операторлар мен электр станцияларына дейін «қолмен» қамтамасыз етіледі. Мұндай тәсілмен реттеу баланстың бұзылуына әкеп соқтырып, шекаралас елдердің коммерциялық негізде реттеу қызметін көрсетуі арқылы өтеліп жатады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаевтың сөзінше, ЖҚАР баланстағы ауытқуды жүйенің сезу жылдамдығын көп есе арттырады. Жүйенің архитектурасы баланстағы ауытқуды санаулы минуттарда, бекітілген нормативтер бойынша 15 минуттан аспайтын уақытта толық жоюға есептелген.

«Стратегиялық бастама Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің балансы автоматты түрде ұсталуын, реттеуге қатысатын электр станцияларының неғұрлым тиімділігі мен өндіру икемділігін қамтамасыз етуге, баланстағы ауытқуларды жоғары жылдамдықпен және дәл сезіп, шара қолдануға бағытталған.  ЖҚАР – осы саладағы тырнақалды тәжірибе, сол арқылы Қазақстан энергетикасының тәуелсіздігіне қол жеткізетін боламыз», - деп атап өтті «Самұрық-Энергоның» өкілі.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз қызметін табысты атқарған. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол бермеген. Қор компанияларының активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жеткен.

Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударған. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар туралы ақпарат берілді. 2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде «Самұрық-Қазына» холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B «Тұрақты» деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.

Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шығарылғалы бері 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. «Самұрық–Энерго» акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайып, қаржы тұрақтылығының «қызыл» аймағынан «жасыл» аймағына өтті.  

Кездесу соңында Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді. 

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstan-prezidenti-samuryk-kazyna-uak-ak-baskarma-toragasy-ahmetzhan-esimovti-kabyldady-190361

«Самұрық-Энерго» қаржылық орнықтылығын нығайтты және кредиттік тәуекелдің «жасыл» аймағына кірді

Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингтің 2020 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша қаржылық жағдайы, COVID-19 пандемиясының әсеріне және экономикалық жағдайдың едәуір өзгеруіне қарамастан, орнықты деп сипатталады. «Самұрық-Энерго» АҚ кредиттік тәуекелдің «жасыл» аймағынан орын алды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Борышты және қаржылық орнықтылықты басқару саясатына сәйкес, «Самұрық-Энергода» жыл сайынғы негізде кредиттік тәуекелдің «қызыл», «сары» және «жасыл» аймағы айқындалады.

Компанияда атқарылған іс-шаралар оның борыштық жүктемесінің деңгейін «жасылға» дейін төмендетуге және валюталық тәуекелдерін мейлінше азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның 148 млн. АҚШ доллары сомасындағы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның шамамен 100 млрд. теңге сомасындағы валюталық міндеттемелері қайта қаржыландырылды. Нәтижесінде валюталық міндеттемелердің кредиттік портфельдегі үлесі 1,5%-ке дейін төмендетілді.

Борышты басқару бойынша атқарылған жоспарлы жұмыстың есебінен «Самұрық-Энерго» 2018-2020 жылдары қарызын баланстық көрсеткіште шамамен 92 млрд. теңгеге қысқартты, бұл қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің акционер белгілеген мақсатты көрсеткіштеріне сай келеді.

Одан тыс, компанияның cash pooling механизмін енгізуі оң нәтиже көрсетті. Бұл компаниялар тобының ақша ағынын бір орталықтан басқаруға, ішкі ресурстарды тиімдірек пайдалануға, сырттан қарыз алу деңгейін азайтуға және қаржыландыруға кететін сыртқы шығыстарды болдырмауға мүмкіндік берді.

Энергия ресурстарына деген әлемдік бағалардың төмендеуі, COVID-19 індеті, базалық ставка деңгейінің сақталуы, жоғары инфляцияның күтілуі секілді теріс факторларға қарамастан, «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының қаржылай орнықтылық көрсеткіштері тұрақты күйінде қалуда.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Fitch Ratings халықаралық агенттігі Самұрық-Энергоның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде растады,  болжам «Тұрақты», сондай-ақ Самұрық-Энергоның кредитті өз бетінше төлеу қабілетін «B» -ден «B+» -ке дейін жоғарылатты.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясы мен көмір өндірудің 2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялар а.ж. 24 желтоқсанда электр энергиясын өндірудің           2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындағанын мәлімдеді. Жедел деректер бойынша, жылдық жоспарда белгіленген 30 413 995 мың кВтсағаттың орнына жалпы өндіру көлемі 30 531 153 мың квтсағатты құрады, яғни 100,4 %.

Энергетиктердің кәсібилігі мен станцияларда орнатылған жабдықтың сенімді жұмыс істеуі сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға 1 050 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге, соның ішінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында вегетациялық суаруды қамтамасыз ету мақсатында қырғызстандық су қоймаларынан қосымша су жіберілуі үшін Қырғызстанмен тауар алмасу аясында жаз айларында  300 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдарының барлығы дерлік өздерінің жылдық міндеттемелерін орындап шықты. Кесте бойынша жұмыс істей отырып, «АлЭС» АҚ жылдық жоспарын 31 желтоқсанда орындауды көздеп отыр. «Шардара СЭС» АҚ-да биыл негізгі және қосалқы жабдықты жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылып, нәтижесінде СЭС-тің белгіленген қуаттылығы 100-ден 126 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Су қоймасының алдағы маусымда толуына және генерациясы ұлғаюына орай, қаңтар-ақпан айларында СЭС өзінің жобалық қуаттылығына толығымен шығады деп күтілуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын компания – «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кеншілері де көмір өндіру кестесінің алдында жүріп, жылды аяқтап келеді. 28 желтоқсандағы дерек бойынша, жылдық жоспарда көрсетілген  41 700 мың тоннаның орнына мұнда  42 452,4 мың тонна көмір өндірілген, яғни 102%.  

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстанда жалпы өндірілген электр энергиясынан алатын үлесі 28,7% деп бағалануда (былтыр – 30 200 млн кВтс немесе 28,5%). 2019 жылы компания өндірген көмірдің көлемі 44,8 млн тоннаны құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

Энергетик күні. Самұрық-Энерго 11 айдың жұмысын қорытындылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық кәсіпорындары өздерінің кәсіби мерекесіне орай жылдық жоспарларын мерзімінен бұрын орындап шықты: Екібастұз ГРЭС-2 4,7 млн. кВтс электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың 107%-ін құрайды, Мойнақ СЭС-і – 915 мың кВтсағаттан астам электр энергиясын өндірді (104%). «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кеніштерінде өндірілген көмірдің көлемі  41,8 млн. тоннаны құрады (жылдық жоспардың 104%).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары көрсеткіштердің былтырғы  жылмен салыстырғандағы өсу қарқынын сақтай отырып, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай            бойынша 29 897 млн кВтс энергия өндірді (103%), яғни өткен жылғы осындай кезеңнен 3% көп.  Бұл Қазақстан Республикасында жалпы өндірілген энергия көлемінің шамамен 28%-і.

Аяқталар жылы компания Қазақстан энергетикасының іс жүзінде болашақ келбетін қалыптастыратын түбегейлі әрі маңызды жобалардың кейбірін аяқтап, жаңаларын қолға алды. 

2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-ін толық модернизациялау бағдарламасын да аяқтады. Жобаға 38 млрд теңге инвестиция салынды. Қайта жаңғырту жұмыстарының арқасында СЭС-тің қызмет ету мерзімі 45-50 жылға дейін ұзарып, энергия өндіру жылына 480-нен 537 млн кВт*сағатқа дейін  ұлғайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ  екі жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысын бастады. Біріншісі – қуаттылығы 60МВт, ал болашақта 300 МВт-қа жететін Шелек дәлізінде. Екінші ЖЭС Ақмола облысының Ерейментау ауданында орналасқан. Станцияның аумағында 11 жел энергетикалық құрылғыларын орнату жоспарланып отыр, олардың жиынтық қуаты 50 МВт болады. Жаңа ЖЭС-тер өндіретін электр энергиясы еліміздің Ұлттық электр желілеріне түсіп отырады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері нысандары жылдың                11 айында 303,793 млн кВтс энергия өндірді, бұл республикадағы жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясы көлемінің 10% құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын компания – «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» кенішінде тағы бір маңызды жобаны – «Көмірді қазып алудың циклдік-ағынды технологиясы» жобасын бастады. Бұл технологияны енгізу көмірді теміржол көлігін пайдалану қиын соғатын 200 метрден астам тереңдіктен қазып алуға мүмкіндік туғызып, «Богатырь» кенішінің қуаттылығын жылына 40 миллион тоннаға дейін ұлғайтады.

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты, бүкіл әлемдегі проблема «Самұрық-Энерго» холдингінің энергия кәсіпорындарын да сырт айналып өткен жоқ. Күрделі эпидемиологиялық жағдайда компания өзінің электр станциялары мен көмір өндіретін нысандарының штатты режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етті. ТЖ режимі қазақстандық энергетиктердің жоғары білікті маман екенін көрсетіп, саланың  кез келген жағдайда тез жұмыла жұмыс істей алатынын көрсетті.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы қаржылық тұрақтылыққа да қол жеткізді. Осыдан небәрі екі жыл бұрын «Самұрық-Энерго» қаржылық тұрақтылық бойынша «қызыл аймақта» болатын. Компания менеджменті қабылдаған шаралардың арқасында, атап айтқанда, қарызды азайту, валюталық несиені уақтылы әрі ойдағыдай қайта қаржыландыру, сондай-ақ валюталық міндеттемелерді хедждеу және теңгеде конвертациялау арқасында компания несиелік тәуекелдің «жасыл аймағына» шығып алды.

Қолға алынған жұмыстардың нәтижесі бойынша Fitch Ratings рейтінгілік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін  «ВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», сондай-ақ компанияның кредитті өз бетінше төлеуге қабілетілігі рейтінгін «B» -тен «B+»-ке дейін жоғарылатты.

«Самұрық-Қазына» инвестициялық холдингке айналу процесін белсенді іске асыра бастады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі қордың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті. Бүгін осы ақпаратты хабарлаған Қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова бес жылдық жоспардың басты үш мақсаты, ондағы негізгі көрсеткіштер туралы мәлімет берді.

Қор 2018 жылы өзінің даму стратегиясын бекіткен болатын. Сол стратегияға сәйкес, әр бес жылдыққа даму жоспары әзірленеді. Қордың миссиясы ұлттық әл-ауқатты ұлғайтып, болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету, - деді сөз басында ол.

Биыл 13 қарашада Қорды басқару кеңесінде «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың инвестициялық холдингке айналу жөніндегі тұжырымдамасын таныстырып, оны Елбасы құптаған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылдан бастап белсенді түрде қолға алынбақ.

Тұжырымдама аясында 2028 жылға дейінгі жаңартылған даму стратегиясының негізгі көрсеткіштері айқындалды. Ең басты мақсаттардың бірі – орта қысқа мерзімде «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын әлемдегі өзге де озық тәуелсіз қорлардың баламасы секілді инвестициялық холдинг форматына ауыстыру, - дейді Ләззат Боранбаева.

Ал, «бұл қадам Самұрық-Қазынаның жұмысын Ұлттық қордың жұмысына ұқсатып жібермей ма» деген сұраққа жауап берген Ләззат Боранқұлова Ұлттық қордың жұмысы өзгешелеу дейді. «Ал, Самұрық-Қазына өзінің басқа да міндеттерімен қатар, инвестициялық холдингтердің жұмысына сай қызмет етеді. Сонымен қатар, әрбір инвестицияның өз тәуекелі бар болғандықтан, Қор әрбір жобаға қатысты жеке шешім қабылдап, әрбір инвестиция бойынша сақтандыру мәселесін жеке қарайды, - дейді ол.

Жалпы, Қор жұмысының алдағы бес жылдағы негізгі үш мақсатқа тоқталсақ, біріншісі – портфелді компаниялардың тиімділігін арттыру, екіншісі – тиімді басқаруды жалғастыру, үшіншісі тұрақты даму.

Қор 2021 жылдан бастап белсенді түрде инвестициялық холдингке ауысу процесін бастайды. Жаңа портфелдің өсімін қамтамасыз ету үшін болашақ ұрпақ қорын қалыптастыру, тек инвестициялау қағидаты бойынша тікелей инвестиция жүргізуге ауысады. Бұл өз кезегінде Қор портфеліндегі коммерциялық активтердің санын көбейтеді. Осылайша, Қор портфелді оңтайландыру мен қайта құрылымдауды жалғастыруға көп ден қойып, 2024 жылға қарай Қордың инвестициялық портфелін белсенді басқаруға бет алады, - дейді басқарушы директор.

Боранқұлова 2021 жылдан бастап Қор белсенді түрде инвестициялай бастайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта Қор 12 басым саланы анықтады, олардың ішінде ақпараттық технологиялар, инфрақұрылымдық құрылыс, жасыл энергетика, химия өнеркәсібі, денсаулық сақтау, машина жасау, логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, ғылыми әзірлемелер және т.б. Бұл тізім толық емес және әлемдік және аймақтық тенденциялар мен нарықтың өзгеруіне байланысты жыл сайын жаңартылып отырады.

Ал, 2025 жылға қарай Қордың таза активтерінің құны 6,9 трлн теңгеге қымбаттап, 21 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. 2021 жылы Қордың таза табысы 523 млрд теңге көлеміне жетеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% көп. Алдағы төрт жыл ішінде таза табыс көлемі 6,2 трлн теңгеге жетпек.

Жалпы, жылды қорытындылайтын болсақ, қалыптасып отырған сыртқы факторларға қарамастан, 2021 жылы компаниялар тобының негізгі стратегиялық көрсеткіштері биылғыдан қарағанда әлдеқайда жақсарады. 2021 жылы Қордың таза активтерінің құны 653 млрд теңгеге өсіп, 14 трлн теңгеге жетеді. Соңғы алты жылдағы жылдық орташа өсім 8,2%, соңғы он жылда 9,1% құрады. Әуел баста қор алты жылғы көрсеткішті 8% деп белгіленген еді», - дейді Боранқұлова.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты

Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2020, 16:05:52 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық трансформация: өндірістік инновациялар мәдениеті» тақырыбындағы «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты. Шараға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, Қор мен портфельдік компаниялардың топ-менеджерлері қатысты. Тараптар Қорды және Қазақстан Республикасын цифрландырудың жаңартылған тәсілдерін талқылады, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асыру нәтижелерімен танысты. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» цифрлық трансформация бағдарламасының портфелі 71 жобадан тұрады. Сонымен қатар биыл жаңа идеяларды үнемі іздестіру процесі іске қосылды — 250 жаңа идея жиналды, олардың 16-сы жобаларға ауыстырылды. Үкімет басшысы Қазақстанның БҰҰ рейтингінде «электронды үкіметтің» даму деңгейі бойынша 30 озық елдің қатарына кіргенінің маңыздылығын атап өтті. Бюджет саласында цифрлық технологиялардың бір ғана түрін — электрондық шот-фактуралар жүйесін енгізу есебінен Қаржы министрлігі бюджетке түсетін түсімдерді 400 млрд теңгеге арттырды. Асқар Мамин салықтық әкімшілендіру, білім беру, мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылы салаларына жасанды зерде мен Big Data технологияларын енгізу қажет екенін атап өтті. Премьер-Министр Қазақстанда бірыңғай сәйкестендіру орталығы құрылатынын, ол халыққа және бизнеске құжаттар мен анықтамаларды қажет етпей-ақ, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен жұмыс істеуге жол ашатынын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік органдардың бизнес-үдерістерін реинжинирингтеу орталығы өз жұмысын бастады. Премьер-Министр болашақтың цифрлық экономикасын дамытуда сапалы «серпілісті» жүзеге асырудың және ҚР-да платформалық модельге көшудің маңыздылығын атап өтті. Үкімет басшысы байланыс инфрақұрылымын дамыту аясында ауылдарды оптикалық байланыс желілерімен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жаңа өршіл МЖӘ жобасы — агро және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 50 млрд теңге инвестиция көлемімен байланысты қамтамасыз ету қолға алынды. Аталған инвестициялар 100 млн гектардан астам жерді байланыспен қамтуға мүмкіндік береді, бұл өнімділіктің 20%-ға артуына және шығындардың 15%-ға қысқаруына әкеледі. А. Маминге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асыру, оның ішінде мұнай өңдеу, теміржол, атом және басқа да ҚР экономикасының салаларының кәсіпорындарын цифрландыру нәтижелері туралы баяндалды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асырудың таза пайдасы 128 млрд теңгені құрағанын хабарлады. Қордың цифрлық трансформацияға жаңа тәсілдері өндірістік процестерді жақсартуға назар аудара отырып, стратегиялық ПӘК-ге қол жеткізуді және өндірістегі түйінді жүйелі проблемаларды шешуді көздейді. Мұнай өңдеу зауыттарын цифрландырудың нәтижелері сәтті мысал ретінде келтірілді. АМӨЗ және ПМӨЗ жабдықтарына технологиялық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін өзгерту 3 жылдық жөндеу аралық кезеңге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2019-2020 жылдардағы пайда 3,5 млрд теңгені құрады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы «Инкай» ЖШС-ында процестерді цифрландыру жөндеуге жұмсалатын уақытты 5%-ға дейін қысқартуға, персоналдың кінәсінен жабдықтың істен шығуын 15%-ға дейін төмендетуге, жабдықтың жұмыссыз тұрып қалу уақытын 9%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. «KEGOC» АҚ Бірыңғай электр энергетикалық жүйе режимдерін басқаруды автоматтандырды, «Қазақстан Темір Жолы» ақауларды уақытылы жоюға арналған жаңа мобильді диагностикалық кешендерді іске қосты, «ҚазМұнайГаз» «Зияткерлік кен орны» тұжырымдамасын іске асырды. Қор сондай-ақ талантты жастарға арналған «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламаларын іске қосты, олар бойынша қазіргі уақытта 113 жас маман жұмысқа орналастырылды. Бұл бағдарламалар қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттерінің 2 айлық тағылымдамадан өту мүмкіндігін, ал түлектердің одан әрі бос жұмыс орындарына іріктеумен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компанияларында 20 айлық ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігін көздейді. 

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kr-premer-ministri-a-mamin-digital-samruk-2020-konferenciyasyna-katysty-10111632

«Богатырь» кенішіне жарты ғасыр

Бүгін қарашаның 30 күні 1985 жылы қуаттылығы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үлкен «Богатырь» көмір кеніші 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.  Өндірісте үлкен жетістерге жеткен батыр кен орны атақ-даңқын бүгінгі күнге дейін арттырып келеді.

Кейіннен «Богатырь» аталған № 5/6 Ертіс көмір кенішінің бірінші кезегі 1970 жылғы 30 қарашада пайдалануға берілген болатын. Дәл осы атаулы күннен бастап бүкіл әлемге әйгілі көмір алыбы өз тарихын бастайды. Бүгінде «Богатырь» кеніші «Самұрық – Қазына» қазақстандық ұлттық әл-ауқат қорының  «Самұрық-Энерго» АҚ бірлескен кәсіпорны – «Богатырь Көмір»  ЖШС және  «РУСАЛ» ресейлік Біріккен Компаниясының құрамына кіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 65 пайызы және ҚР-дағы көмір өндірудің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС - ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі, оның баланстық қоры – 2,6 млд. тонна. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 42 млн. тонна көмірді құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 млн. тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна. Осы жылдың соңына қарай «Богатырь Көмір» кеншілері тұтынушыларға 43 миллион тоннадан астам көмір жөнелтуді жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта «Богатырь» кенішінде көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдік-ағындық технологиясы (ЦАТ) енгізіледі. Ол көмірді темір жолмен тасымалдаудан конвейерлік тасымалдауға көшуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы көмір тасымалдау технологиясымен салыстырғанда ағынды технологияның көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда, ол көмірдің сапасын арттырып қана қоймай, 200 метрден астам тереңдікте көмір өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде «Богатырь» кенішінің қуатын жылына 40 миллион тонна көмірге дейін арттырады.

Мерейтой аясында «Богатырь Көмір» компаниясында бірқатар мерекелік іс-шаралар жоспарланған. «Богатырьда» 40 жылдан астам жұмыс істеген кеншілер ведомстволық наградалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, кеніш ардагерлері мерекелік төлемге ие болды. Ал тамашалау алаңында ашылған «Богатырь» кенішіне 50 жыл» ескерткіш монументі мерейтойға арналған ерекше сый болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

«Самұрық-Энерго» 2020 жылдың 10 айын қорытындылады

2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның электр станциялары 87 186,3 млн. кВтсағ. электр энергиясын өндірген, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ке көп. Электр энергиясын өндірудегі өсім Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің барлық аймағында байқалды. 

Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің нарығына 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ жүргізген талдауға сай, байланысқан электр энергиясын өндіру 42,8  млрд. кВтсағ. құрады, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен бірдей. Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда, байланысқан электр энергиясын өндіру үлесі бұрынғы деңгейде қалып, ҚР-дағы жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 49,9%-ін құрады.

Бұл орайда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының             2020 жылғы қаңтар-қазан айларында өндірген электр энергиясының көлемі     24 083,1 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осы кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім – 0,3%.

ҚР CЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 87,8 млн. тонна тас көмір өндірілді, бұл         2019 жылғы осы кезеңге қарағанда 2%-ке аз (89,1 млн. тонна).

«Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС осы кезең ішінде 35,1 млн. тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда 3%-ке аз.  Жыл басынан бергі 10 айдың ішінде 35,1 млн. тонна көмір сатылды, соның ішінде: ҚР ішкі нарығына 26,7 млн. тонна сатылды және 8,4 млн. тонна экспортқа (РФ) шығарылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-тың ЖЭК объектілері (КЭС, ЖЭС және шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 278,5 млн. кВтс электр энергиясын немесе ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 10,3 процентін өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,3 процентке төмен. 

Компанияның 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі (КЭС, ЖЭС, ірі және шағын СЭС-тер) 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда (2 514,8 млн. кВтс) -8,7 %-ке төмендеді (2 296,6 млн. кВтсағ).

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

«Самұрық-Энерго» электр қуатын сатуға қатысты.

ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО»    АҚ-тың алаңында өтті.

ҚР БЭЖ-інің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына тиесілі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 5178,91 МВтты құрады. Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша ұсынылған қызметтің жиынтық көлемі – 5875 МВт.

Алдын-ала жасалған есептеулер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың электр станциялары сауда-саттықта 2768 МВт электр қуатын сатқан, соның ішінде: «Алматы электр станциялары» АҚ – 490 МВт, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 625 МВт, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 1653 МВт.

Электр қуатын сату нәтижелері «Самұрық-Энерго» АҚ-тың энергетикалық жабдығының 2021 жылы тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

ҚР Энергетика министрінің Алматы облысына жұмыс сапары.

Қазақстанда электр энергетикасында маневрлік қуаттар салуды ынталандыратын заң жобасын қабылдау жоспарлануда.

        Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

        Сапар аясында Нұрлан Ноғаев Қапшағай су қоймасы ауданындағы күн және гидроэлектр станциясының жұмысымен танысты, Шелек ауылындағы жел энергетикалық станциясының құрылыс орнында, Мойнақ гидроэлектр станциясында болды және жауапты тұлғалармен Алматы қаласы мен Алматы облысын энергиямен жабдықтау туралы талқылады.  

         Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Нұрлан Ноғаев Қазақстан Үкіметінің электр энергетикасындағы маневрлік қуаттардың құрылысын қалай ынталандыруға ниетті екендігі туралы айтты.  

         Бүгінгі таңда Қазақстанда электр қуатының профициті маневрлік қуаттардың тапшылығымен қатар жүретіні белгілі. Тәулік ішінде электр энергиясын тұтыну біркелкі емес, кешкі сағаттардың жоғарылауымен және түнде төмендеуімен, электр станцияларының жедел ауыспалы жұмысын қажет етеді. Жұмыс істеп тұрған электр станцияларының қолданыстағы реттеу мүмкіндіктері жеткіліксіз, сондықтан жүйелік оператор Ресейдің энергия жүйесін реттеуді қолдануға мәжбүр.

        - Министрлік қолданыстағы заңдарға бірқатар өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады, олар қазіргі уақытта Парламентте талқылануда. Сонымен қатар, бұл өзгерістер инвесторларды электр энергиясын сатып алу, есеп айырысу-қаржы орталығы (АҚО) арқылы су тасқыны электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату келісімшарттарының мерзімдерін ұзарту жолымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) салуға ынталандыруға, инвесторлардың тәуекелін төмендету және ЖЭК үшін электрондық сауда - саттықта бағаны төмендету үшін АҚО Үкімет тарапынан қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев.

      - Оларды өндіріс-тұтыну теңгерімсіздіктерін реттеуге тарту үшін маневрлік қуаттарды дамыту Қазақстан электр станциясындағы ауытқуларды өтеу бойынша қызметтердің бір бөлігін сатып алуды қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Маневрлік генерацияны құру жөніндегі жобаларды іріктеу аукциондық іріктеуді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл осындай көздердің құрылысына серпін беруге, түпкілікті тұтынушылар үшін бағаларға ең аз әсер ете отырып, неғұрлым тиімді жобаларды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Қазақстандағы ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ елдің энергетикалық жүйесіне қолайлы әсер етеді.