«Самұрық-Энерго» АҚ KASE наградасын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының (KASE) «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломына ие болды. Бұл – Қордың белсенді мүшелеріне, листингілік компанияларға және БАҚ өкілдеріне арналған жыл сайынғы іс-шара.

«Самұрық-Энерго» KASE-нің қаржылық емес секторына жататын листингілік компаниялар арасындағы екі жеңімпаздың тізіміне енді. «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациясының жүлдегерлері Қордың Ақпаратты жариялау жөніндегі ережелерінің талаптарын міндетті түрде, толық және уақтылы сақтауын ескере отырып айқындалды.  Жеңімпаздарды айқындау кезінде сарапшылар, сондай-ақ, ақпаратты уақтылы жарияламағаны үшін ескертулердің және KASE-нің сайтында компанияның негізгі қызметі туралы қосымша жарияланымдардың болмауы секілді фактілерді ескерді. Бұл, өз кезегінде, компанияның Қазақстан Республикасының қор нарығындағы ашықтығын білдіреді.

2

«Компаниямыз инвесторлармен өзара қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі, нарықта неғұрлым ашық болуға ұмтылады, жаһандық және жергілікті қаржы нарықтарындағы күнделікті конъюнктураны мұқият бақылап отырады. KASE-нің дипломына ие болу – «Самұрық-Энергоның» команда болып атқарған жұмысының  тікелей көрінісі, сондай-ақ Қордың порталында ақпаратты орналастыру мәселесінде жүйелі тәсілдерді пайдаланудың нәтижесі. Мәселен, 2019 жылы компанияда Қордың порталында ақпаратты жариялау жөніндегі ішкі регламент жаңадан әзірленіп, бекітілген болатын», - деді марапаттау рәсімінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі Тең-Басқарушы директоры Сергей Ли.  

3

KASE-нің наградаларын алған компаниялар ақпаратты листингілік талаптарға қосымша ашу жағдайларының сапасы мен саны жағынан көш басында келеді, ал олардың жылдық есептері өзінің мазмұны жағынан ең үздіктер тізіміне енді. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 28 ақпанда өтті.

Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту

 

2020 жылғы наурыз-сәуір айларында Самұрық-Энерго Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша дайындалған әзірлеменің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты.

Сөз барысында айтылғандай, Самұрық-Энерго қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады.  Сөйтіп, Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс әсерді азайту үшін Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын іске асыру басталды. ЖЭО-ны «ҚазҒЗЖИ Энергопром» тәуелсіз институты әзірлеуде.  

Жобаны іске асырудың бірнеше варианттары қарастырылуда:

  • • жаңа станция салу;
  • • ЖЭО-2-ні бу-газ қондырғыларын салу арқылы кеңейту;
  • • заманауи газ тазалаушы жабдықтарды орната отырып және отын ретінде көмірді пайдалана отырып, жұмыс істеп жатқан энергетикалық қазандықтарды қайта құру;
  • • жұмыс істеп тұрған станцияны газға көшіру.

Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылғанҚызметінің негізгі бағыттарыэлектр және жылу энергиясын өндіруэлектр энергиясын жеткізу, тарату және сатуэнергетикалық көмір өндіруХолдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ«Шардара СЭС» АҚ және т.б. 

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 3-ші энергия блогының құрылысы туралы

Екібастұз ГРЭС-2 Директорлар кеңесі станциядағы 3-ші энергия блок құрылысының жобасын одан әрі іске асыруды қолдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты. Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, 2020 жылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту және реконструкциялау жобасының жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізу аяқталмақ.

Екібастұз ГРЭС-2 нысанында жаңа энергия блогын іске қосу белгіленген қуат көлемін 636 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» 2021 жылы жобаға жұмсалған қаржының өтелуін қамтамасыз ету мақсатында Нарық кеңесіне қуат нарығы аясында 2025 жылдан бастап қуатқа жеке тариф белгілеуге рұқсат алу үшін өтінім беруді жоспарлап отыр.

2019 жылғы желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» АҚ  ресейлік «ИНТЕР РАО ЕЭС» ОАО компаниясынан станцияның 50-пайыздық акциялар үлесін сатып алғаны белгілі, бүгінгі күні Қор «Самұрық-Энерго» АҚ-пен бірлесе отырып «Екібастұз ГРЭС-2 станциясына» тепе-теңдік негізде иелік етеді.

Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.

Анықтама:

        «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. 

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Екібастұз көмір бассейнінде жаңа жоба іске асырылуда

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясы» жобасын (ЦАТ) іске асыруда, оны аяқтау 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланады. Бұл туралы, бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде  айтты.

2020 жылы, жазғы кезеңде көмір жеткізудің уақытша төмендеуін ескере отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС тұтынушыларға көмірді 42 млн. тонна деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр, бұл кәсіпорынның жобалық қуатына сәйкес келеді.

ЦАТ жобасын іске асырғаннан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіруді құрайтын болады, бұл ҚР мен РФ электр станцияларының ағымдағы және болашақтағы көмірге деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді.

imgl8933

ЦАТ жобасы көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясын ендіруді қарастырады, бұл «Богатырь» кесігінің өндірістік қуатын арттырады. Жаңа технология өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, көмірді теміржол вагондарына тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмірді вагондарға тиеудің уақытын 3 есе қысқартады.

«Самұрық-Энерго» басшысы «Богатырь» кесігінде көмір өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі көмірді теміржол арқылы тасымалдаудың қолданыстағы схемасы тиімсіз болып табылатын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен, ал негізгі тау-кен көлік жабдықтары өз ресурсын тауысқанын және жаңартуды қажет ететініне байланысты екенін атап өтті.

«ЦАТ-ты салу кестесіне сәйкес, 2020 жылғы мамыр-тамыз аралығында теміржол желілерін кесіп өтетін конвейерлік эстакадаларды құрастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ ЦАТ объектілерінің іргетастары үшін екі көмір теміржол жолдарын демонтаждау жоспарланды. Аталған шаралар көмір тасымалдаудың өткізу қабілетін уақытша шектеуге, сәйкесінше, 2020 жылдың мамыр-тамыз аралығында «Богатырь» кесігі өндірістік қуатының 30%-ға, қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін - 10%-ға төмендеуіне әкеп соғады», - деді   Бақытжан Жоламанов.

Электр энергетикалық саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында ҚР Парламенті Сенатында талқыланды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ны тепе-теңдік негізде «Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» екі кесігінде ашық әдіспен көмір өндіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның теңгерімдік қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн. тонна көмірді, оның ішінде «Богатырь» кесігі бойынша - 32 миллион тонна, «Северный» кесігі бойынша - 10 миллион тонна құрайды. Кәсіпорында шамамен 6,5 мың адам жұмыс жасайды. 2018 жылдың қорытындылары бойынша компанияның үлесі Қазақстанда барлық өндірілетін көмір көлемінің шамамен 40 %-ын (44,9 млн. тонна) және Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 59%-ын құрайды.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. 

 

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ

Үкіметпен Байланыс және Коммуникациялар Офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Шардара СЭС-інде № 4 гидроагрегат сынақтан ойдағыдай өтуде

Шардара су электр станциясының (СЭС) энергетиктері Andritz Hidro GmbX компаниясындағы серіктестерімен бірлесе отырып № 4 жаңа гидроагрегатты құрастырып шықты. Нысанды түбегейлі жаңғырту жобасының бұл соңғы сатысы, соның нәтижесінде станцияның қуаты  26%-ке ұлғаяды.

Бұл күндері Шардара СЭС-інде байқау мақсатында іске қосылған № 4 жаңа гидроагрегат тест сынақтарынан  өтуде. Мамандар турбина мен жабдықтың жұмысын бақылап, алынған нәтижелерді талдаудан өткізуде.  

Мамандардың сөзінше, жаңа импорттық жабдық жылына қосымша 57 млн. кВтсағат электр энергиясын өндіруден тыс, су станциясының жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді.

Харьков зауытының (Украина) елу жылдан астам уақыт қызмет еткен ескі гидротурбиналары австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясының өніміне ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар Шардара СЭС-інде электр энергиясын өндіруді жылына 480 млн. кВтсағаттан 537 млн. кВтсағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Нысанды технологиялық жаңғырту энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын алғашқы екі гидроагрегатты іске қосудың арқасында Шардара СЭС-і электр өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. Жоспарланған 378 000 мың кВтсағаттың орнына 464 841 мың кВтсағаттан астам электр энергиясы өндірілді.   

Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаты 100 МВт және гидроагрегаттарының саны – 4. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы жарты ғасырдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, сондықтан үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынан жабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалды.

Қуаты 31,5 МВт болатын алғашқы жаңа гидроагрегат 2019 жылғы ақпанда іске қосылды, сәуір айында екінші, ал 2019 жылғы желтоқсанда - үшінші гидроагрегат пайдалануға берілді. Төртінші гидротурбина орнатылып, тест сынақтарынан өткеннен кейін, Шардара СЭС-інде станцияның жобалық қуаты – 126 МВт-қа шығуға дайындық басталады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Екібастұз ГРЭС-2-ге Біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ) енгізілуде

Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі жобасының екінші кезеңі бастау алды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға «Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ) енгізілуде. Бастапқы кеңесте БЖЖ-ны енгізу жөніндегі жобаның жетекшісі Руслан Құсайынов жобалық команданы таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Сарапшылардың есептеуінше, Екібастұз ГРЭС-2-де жобаны іске асырудан күтілетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы 2017 жылдан бастап іске асырыла бастады, өйткенііске асырудың алғашқы сатысы сол кезден басталды. Бұл құрал бізге операциялық холдинг мәртебесіне жақындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жобаның демеушісі, «Самұрық-Энерго» АҚ активтерді өндіру және басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев.

БЖЖ орта мерзімді кезеңге мақсаттар қоюға және өндірістік, технологиялық, экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін теңгеру есебінен компанияны дамытудың оңтайлы сценарийін іздеуге мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе «Самұрық-Энерго» АҚ-ның екі ЕТҰ-сында – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Мойнақ ГЭС» АҚ-ға сәтті енгізілді. Аталған жоба электр станцияларындағы өндірістік шығындарды жоспарлау тәсілін өзгертті, бұл шығындардың 2% - ға төмендеуіне алып келді, ал сатудан түскен таза пайда шамамен 8 млрд теңгені құрады.

«Самұрық-Энергода» жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік орталығында 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалды. Құжатқа  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов пен «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас қол қойды.

 энерго

Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен компания жұмыскерлерінің алдағы үш жыл ішіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді.

Компания жұмыскерлерінің өкілі – кәсіподақ лидері Оразбек Бекбастың айтуынша, 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың редакциясына Келісу комиссиясының жұмысын, оның функционалдық міндеттері мен мүмкіндіктерін регламенттейтін тармақтар қосылды. Одан тыс, жұмыскерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 энерго подписание коллективного договора 2020

«Келісу комиссиясы даулы жағдайда құрылады – егер жұмыскер жұмыс берушінің іс-қимылымен келіспейтін болса, онда ол Келісу қомиссиясына өтініш береді. Оған тепе-тең негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлердің – кәсіподақтың өкілдері кіреді. Мәселен, енді Келісу комиссиясының шешімімен жұмыс беруші немесе жұмыскер келіспейтін болса, онда тараптардың бірі сот органдарына жүгіне алады», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас. договор самрук энерго

Ұжымдық шарт «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 212 жұмыскерінің мүддесін қозғайды. Атап өтейік, бұл құжат елдегі ең үздіктердің бірі болып табылады – 2015 жылы ол республикалық «Парыз» конкурсының жеңімпаздары қатарына енді.