COVID-19 карантині жағдайында энергетиктер қалай жұмыс істегені туралы

Коронавирус індеті қазақстандық энергетиктердің кәсіби шеберлігін және қолда бар жабдықтың тозығы жеткеніне қарамастан, саланың жоғары ұйымшылдық мүмкіндігін көрсетті.

ТЖ режимі кезінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Екібастұз энергия кешеніндегі кәсіпорындарда КВИ-дің 11 расталған жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 2 жұмыскер сауығып шықты, 272 адам үй жағдайындағы карантинде. Бұл жерде сөз "Богатырь Көмір" ЖШС, "Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ туралы болып отыр.

Бүгінгі таңда электр энергетикалық холдинг - "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру және көмір жөнелту жөніндегі өздерінің міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде, 2020 жылғы наурыз - 11 мамыр аралығында "Самұрық-Энерго" АҚ- ның электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВтсағатты, сол кезеңде сатылған көмірдің көлемі 9 462 590 тоннаны құрады. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн. Гкал. астам көлемде жылу жіберілуін қамтамасыз етті.

Аяқталған төтенше жағдай режимі кезінде де, бүгіндері жалғасып жатқан карантин жағдайында да энергетикалық кәсіпорындарда коронавирус инфекциясы тарқалуына жол бермеу үшін мүмкін болған шаралардың бәрі қолға алынды. Бұл орайда энергетиктер тұтынушыларды электр энергиясымен, жылумен және жылы сумен қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің міндетін толығымен орындау үшін станциялардың штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді энергетиктер карантиннен абыроймен өтті деп айтуға болады.

Көмір өндіруші аса ірі кәсіпорын "Богатырь Көмірде" 6500-ден астам адам жұмыс істейді. ТЖ режимі кезінде 251 жұмыскер үй жағдайындағы карантинде болды. Кеншілердің тиянақты жұмыс істеуі арқасында көмірдің өндірілуі мен жөнелтілуі штаттық режимде өтті. Үйде орындай алатын қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге жіберілді. Жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу үшін қосымша 16 автобус жұмылдырылды.

Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс процесінің үзілмеүін қамтамасыз ету мақсатында, қатерлі топқа жататын жұмыскерлердің 12,4%- ін үйде оқшаулау үшін оларға демалыс күндері берілді; персонал жетіспегендіктен және уақытша ауыстыратын адам болмағандықтан, станцияның ауысым бастықтары, сондай-ақ электр цехы мен химия цехы жұмыскерлерінің бір бөлігі үш ауысымды жұмысқа (демалыссыз) көшірілді; персонал үнемі қызмет көрсетуге тиіс осал учаскелер мен жабдықтар айқындалды; жедел жөндеуді жоспарлау жиналыстары қашықтық режиміне көшірілді.

Екібастұз ГРЭС-1-де жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда, "Санитарлық-эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары" қолданысқа енгізілді. Бүгіндері 90 жұмыскер карантинде жүр. Персоналдың жетіспеушілігі станция жұмысының қуаттылығы мен жұмыс кестесіне әсер етпеді. Бұл жағдай

технологиялық процеске де әсерін тигізген жоқ. Өндіру көлемі "КЕГОК" АҚ ЖО ҰДО-ның кестелеріне сай қамтамасыз етілуде.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші компаниясы - "Алматы электр станциялары" АҚ-да (АлЭС) жұмыскерлердің бір бөлігі қаланың сыртында тұрады. Олардың біразы бір күннің ішінде қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Тікелей өндіріспен байланысты және жөндеу жұмыстарымен айналысатын, бірақ қаланың сыртында тұратын жұмыскерлер қалада орналастырылды. Компания олардың үй жалдау шығыстарын өтеді. Карантин мерзімінде, жұмыскерлердің өтініші бойынша, компанияның кәсіподағы барлығы болып 200-ден астам жалға берушімен шарт жасасып, қаржы аударды.

 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Қазақстанның ең ірі электр станциясы 2020 жылғы I-тоқсанды қорытындылады

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады. Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрған еді. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады.

Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрған еді. ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының Қазақстан нарығындағы үлесі 19,4%-ті құрады. 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда электр энергиясының үлесі 5,1%-ке артты. 

Электр энергиясын Қазақстан нарығына сату 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,3%-ке артып, 5,5 млрд кВтсағатты құрады. Өзбекстан Республикасының нарығына 455 млн кВтсағат электр энергиясы сатылды.
Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы Екібастұз ГРЭС-1 республика энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана электр станциясы 18,3 млрд кВтсағ.электр энергиясын өндірді, бұл еліміз бойынша өндірілген электр энергиясының жалпы үлесінің 17,3%-ін құрайды. 

Орташа блоктік жүктемесі 455 мегаватты құрайтын жеті энергия блогі жұмыс істеп тұрған кезде, станция күзгі-қысқы маусымға толық дайын екенін көрсетті. Өзінің тұтынушыларын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында станцияда кешенді іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2019 жылы 3 энергия блогында ағымдағы және кеңейтілген жөндеу жұмыстары, ал екі энергия блогында (№3 және №5) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде бірінші энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, басқа блоктар секілді ол да жаңа үлгідегі, тиімділігі жоғары, күл ұстап қалу деңгейі 99,6 процент болатын электрсүзгілермен жабдықталады. 

Кәсіпорынның жұмыс қуаттылығын арттыру Қазақстан Республикасы үшін қажет, өйткені ол елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау қаупін төмендетеді және ҚР ұлттық экономикасының өсуіне септігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Екібастұз ГРЭС-1 өзінің мерейтойын атап өтті. Станцияға 40 жыл толды. Бүгінгі таңда станция 1400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өндіріс қуаттылығын арттырумен қатар, ЕГРЭС-1 Екібастұз қаласының әлеуметтік жобаларына демеушілік көмек көрсетіп, қоғамдық қайырымдылық қорларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау білдіріп, өңірдің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне белсене қатысады.  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – белгіленген қуаттылығы 4000 МВт және қолдағы бар қуаттылығы 3500 Мвт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясының жалғз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ. Станцияда өндірілген электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетика нарығында таратылады. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған.

Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Дүниежүзілік еңбек қорғау күні энергетика кәсіпорындарында

fd5d4af32ceb9e902d36a9c3e6baa9dd

Бүгін, 28 сәуірде – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен 2003 жылдан бері атап өтілетін мереке. Бұл күн сондай-ақ Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні ретінде мәлім. Бүгін, 28 сәуірде – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен 2003 жылдан бері атап өтілетін мереке. Бұл күн сондай-ақ Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні ретінде мәлім. 

«Самұрық-Энерго» АҚ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жолында үнемі жұмыс жүргізуде. Әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – компанияның және бүкіл электр энергетикалық холдингтің басты мақсаттарының бірі. Өндірістегі қауіпсіздік – бұлжытпай сақтауды талап ететін басты қағидат. Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандары оның сақталуын жіті қадағалап отырады.Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да баршылық. Есептілік берудің ашықтығы қағидаттары кезең-кезеңімен іске асырылуда: мәселен, қауіпті факторларды тіркеудің электрондық  журналдары енгізілді, жазатайым оқиғаларды жасыру фактілері анықталған жағдайда жұмыскерлердің жауапкершілігі күшейтілді, орын алған оқиғалар үшін жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға мораторий енгізілді, қауіпті жағдайлардың бәрі дерлік тіркеліп, олар бойынша тергеу жүргізіледі және басқа да іс-шаралар атқарылуда.  LOTО ажырату жүйесі және қауіпсіздікті бақылаудың өзге де жүйелері секілді заманауи жабдықтар сатып алынуда. Жоғарыда аталған іс-шаралардың мақсаты – ауыр салдарға соқтыратын оқиғаларға (апаттарға, көп адамдардың қатысуымен болған және адам өлімімен байланысты жазатайым оқиғаларға) жол бермеу. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы біліктілікті арттырудың да маңызы артып келеді. Бұл мәселелермен айналысатын бөлімшелердің басшылары қауіпсіздік техникасы бойынша  NEBOSH халықаралық курстарында оқыған, «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарының бірінші басшылары білімдерін үнемі жетілдіріп отырады. 

Бүгінгі таңда компания қауіпсіздікті кешенді басқарудың жаңа моделін енгізуде. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ны трансформациялау аясында жүзеге асырылуда және кәсіби тәуекелдерді бағалау негізінде еңбек қорғауды басқару моделіне көшуді көздейді. Жоба бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны 2025 жылға дейінгі кезең ішінде 30%-ке азаймақ және ӨҚЕҚҚО-ны (өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған орта) басқару жүйесін жетілдіру арқасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін 20%-ке артпақ. 

Алайда, қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның  «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» Департаменті атқарып отырған жұмыстың басты бағыттарының бірі – коронавирус инфекциясының (КВИ) алдын алу және таралуына жол бермеу. Басты мақсат – қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингтің энергия өндіретін және көмір қазып шығаратын стратегиялық ұйымдарының штаттық режимде жұмыс істеуін және тұтынушыларға электр энергиясы мен энергетикалық көмір жеткізіп беру жөніндегі міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуге көмектесу. 

Жұмыскерлер арасында ауру тарқалуын болдырмау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның құрылымындағы электр энергетикалық компанияларда жедел әрекет ету штабтары жасақталып,  КВИ-дің алдын алу және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс жүргізуде. 

Бұл іс-шаралар аясында станцияларда кешенді жұмыстар атқарылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған транспорт құралдарын, сондай-ақ жұмыс орындары мен үй-жайларды санитарлық тазалау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың бәріне тыйым салу, жұмыскерлерді  күшейтілген медициналық тексеру, медициналық бетперделер, қашықтан дене қызуын өлшейтін құралдар және т.б. сатып алу. Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирустың алдын-алу туралы ақпарат орналастырылған.

 2020 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның еншілес ұйымдарының жұмыскерлері арасында індет жұқтырудың 5 оқиғасы расталды («Богатырь Көмір» ЖШС мен «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ-та 1 адамнан, «ЕГРЭС-1» ЖШС-да 3 жұмыскер. Науқастану жағдайлары бойынша байланыста болған адамдардың барлығы бүгінде анықталып, КВИ жұқтыру деректері расталған кәсіпорындардың бәрі Екібастұз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясымен және қалалық ауруханамен тығыз байланыста жұмыс істеуде,  жұмыс орындары мен персоналды тасуға арналған автобустарда күшейтілген санитарлық тазарту жасалды. Жедел әрекет ету штабтары КВИ-дің алдын алуға және таралуына жол бермеуге қажетті іс-шараларды атқаруда. 

Анықтама: Дүниежүзілік еңбек қорғау күні – жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сондай-ақ жұмыс орнында мерт болған немесе жарақаттанған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні. Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін атап өту идеясы алғаш рет америкалық және канадалық жұмысшылар             1989 жылы атап өткен, жұмыс орнында мерт болған жұмыскерлерді еске алу күнінен   бастау алады.

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді. 

 _____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62;

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Алматы энергия кешені 2019-2020 жылыту маусымының қорытындысын шығарды

azhk

Алматы энергетиктері өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысын қорытындылады. Мамандар атап өткендей, еліміздің мегаполистерінің бірінің бірыңғай энергия жүйесі 2019-2020 жылыту маусымының барлық міндеттерін сәтті орындады. Электр станцияларының сенімді жұмысы қамтамасыз етілді, өндіруші қуаттардың қажетті резерві және электр беру желілерінің өткізу қабілеті сақталды.

Алматы қаласы әкімдігінің №2/124 қаулысына сәйкес, тұрақты жылы ауа райының келуіне байланысты, жылу беру 2020 жылғы 22 сәуірде тоқтатылды.Тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындай отырып, есепті кезеңде «Алматы электр станциялары» АҚ 3,4 млрд. кВ*с электр энергиясын және 4,4 млн. Гкал жылу энергиясын өндірді.– Жалпы жылу беру маусымы сәтті өтті, бұны қала мен Алматы облысы аймағының тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету куәландырады. «АлЭС» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды қайта жаңарту бойынша жөндеу науқанын бастайды, - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ штаттық режимде қысқы жүктеменің максимумынан өтті. А

лматы энергия торабының 2019-2020 күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтынуы 1 491 МВт құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 МВт-қа артық.2019-2020 КҚК-ге дайындық кезеңінде жүргізілген жұмыстың арқасында «АЖК» АҚ тұтынушыларды өшіруді азайтып, жүктеменің технологиялық минимумын сақтау мүмкін болды. Осылайша, 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңде 1-ші дәрежелі апаттар мен істен шығулар болған жоқ, 2-ші дәрежелі істен шығулардың тіркелген саны 464, бұл өткен жылдың кезеңіндегі деректерден асып түскен жоқ

.КҚК өту кезеңінде Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен үздіксіз жабдықтауды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен, Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының тұтынушыларын, сондай-ақ Алматы қаласының батыс маңын электр энергиясымен қамтамасыз еткен қуаты 250 МВА болатын «Қаскелең» жаңа қосалқы станциясы іске қосылды.

Анықтама:Алматы энергия кешені қамтиды: «АлЭС» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылатын және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының шамамен 76%-ын және электр энергиясының 60%-ын қамтамасыз етеді, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) – республиканың оңтүстігіндегі электр энергиясын тасымалдау және бөлу бойынша ірі энергетикалық компания және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағын үздіксіз электрмен жабдықтауға және электр энергиясына есеп айырысу бөлігінде тұтынушыларға қызмет көрсетуге жауапты. Осылайша, өндірістік процесті үш құрамдас бөлікке бөлу – өндіріс, тасымалдау және өткізу – Алматы энергия кешенінің энергетиктері табысты түрде пайдаланатын жаңа бизнес-модельдерді енгізуге мүмкіндік береді. Компаниялар «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингінің құрылымына кіреді.

Суреттерді мына жерден жүктеуге болады: https://yadi.sk/d/6XnrhG7d0efrCg

Алматы энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет көрсету Орталығы (ЖҚО) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Контакт-орталығы: +7 (727) 356-99-99, 399-99-00

www.samruk-energy.kz, www.esalmaty.kz, www.azhk.kz, www.ales.kz

Екібастұз қ. электр станцияларында COVID-19 анықталды

b8b24e7969dafadfb9a578c7de5c9a47

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы компаниясының Екібастұз қаласындағы үш қызметкерінің коронавирус инфекциясымен (КВИ) ауырғаны анықталды. Қаладағы «Богатырь Комир» ЖШС, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның өндірістік бөлімшелеріндегі қызметкерлерге COVID-19 инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойылды.

«Богатырь Комир» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.  «Богатырь Комир» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.  ЭГРЭС-1  жұмыскері өткен демалыста температурасы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген кейін қаладағы орталық ауруханаға келген.

Бұл жұмыскердің 2020.04.21 бастап Екібастұз қаласының КВИ науқасы расталған тұрғынымен тығыз қатынаста болуы себепті карантинге жатқызылған. ЭГРЭС-2  жұмыскері ауысымнан кейін өзін әлсіз сезініп, жедел жәрдем шақырған, сол жерде дәрігерлер оның КВИ жұқтырған туысқанымен байланыста болғанын анықтапты.

 Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталды, КВИ науқасы расталған барлық кәсіпорындар Екібастұз қаласының СЭС мекемесімен және қалалық ауруханамен бірігіп жұмыс жасауда, жұмыс орындарына ждәне жұмыскерлерді тасымалдайтын автобустардың барлығына жедел санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Компаниялардағы жедел әрекет ету штабы КВИ науқасының алдын алу және таралмауы үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты барлық Екібастұз энергия кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, және электр энергиясын жеткізу мен көмір тиеу-тасу жұмыстарына қатысты өз міндеттемелерін толық көлемде орындауда.

Мәселен, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша ЭГРЭС-1 кәсіпорнында 6,3 млрд кВтс электр энергиясы өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136% көрсеткішті, ал «Богатырь Комир» ЖШС кесігінен 15,2 млн тонна көмір жөнелтіліп, өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда 102% нәтижені көрсетіп отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы науқастанған жұмыскерлердің тез арада айығып, ортамызға қосылуына тілектестік білдіріп, азаматтарға карантин талаптарын қатаң қадағалау қажеттігін естеріне салады. 

 __________________________________________________


«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникация офисі

 Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Энергетика саласындағы сатып алуларда қазақстандық өндірушілерді қолдау

1

Энергетика саласында пайдалануға бағытталған өнім шығарушы қазақстандық кәсіпорындар күрделі өндірістік жобаларды барған сайын батыл игеріп келеді. Отандық компаниялардың технологиялық дамуы мен қосылған құны жоғарырақ өнім шығаруына былайша айтқанда off-take (оффтейк) шарттар механизмі оң ықпал етуде. 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды. 

Өзінің электр станцияларын, көмір кеніштерін және энергия беретін компанияларын жабдықтау үшін аса ірі электр энергетикалық холдинг тауарлардың кең спектрін – радиостанциялар мен изоляторлардан бастап электродтар мен трансформаторларға дейін сатып алу туралы серіктестік қатынастарын ресімдеді. 

«Оффтейк-шарт» – импорт алмастыру жобаларына қатысушы кәсіпкерлерді тапсырыс беру арқылы қолдаудың жақсы құралы. Яғни, жоба іске асырылғаннан кейін өнім жеткізілетін және оның құны төленетін ұзақ мерзімді шартты білдіреді.  

Импорт алмастыруды дамыту отандық өндірісті қолдаудың өту маңызды аспектісі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-да импорт алмастыру және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша Жергілікті жобалау офисі құрылған, Қазақстандық өндірушілермен жасалған әлгі 8 оффтейк шарт соның жұмысының нәтижесі. Бұл орайда, импорт алмастыруға жататын тауарларды сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер қатарынан шығаруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы энергия беруші компания – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сатып алынатын жұмыстардан Қазақстанда жасалмайтын «Трансформатор» позициясын шығарып тастады және осындай позиция бойынша өндіріс орнын құрған отандық жеткізіп берушіні сомасы 485 млн. теңге болатын тапсырыспен қамтамасыз етті.  

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Дархан Сағындықовтың сөзінше, оффтейк шарттар механизмі бүгінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алу жүйесіне белсенді түрде енгізілуде, бұл отандық бизнеспен ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге көтеруге, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанда бұрын-соңды болмаған  өндіріс түрлерін игеруге мүмкіндік береді. 

Қор 2020 жылды Отандық өндірушілерді қолдау жылы деп жариялағаны мәлім. Қордың компаниялары негізгі тапсырыс беруші ретінде экономиканың сауда, қызмет көрсету және өнеркәсіп секторларының едәуір бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2020 жылдың басынан бергі уақыттың өзінде-ақ  «Самұрық-Энерго» АҚ тобының электр энергетикалық кәсіпорындары холдингтің тауар өндірушілерін сомасы 2,5 млрд.теңгеден астам тапсырыспен   қамтамасыз етті. 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

   _____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго»

АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

ЕГРЭС- 2 қызметкері бетперделер тігіп, адамдарға таратуда

 

whatsapp image 2020 04 06 at 16.01.34

Карантин кезінде немен айналысатынын  әркім өзі шешеді. Екібастұз қаласының тұрғыны Салтанат Құсайынова бетперделер тігіп, адамдарға таратып беруде.Карантин кезінде немен айналысатынын  әркім өзі шешеді. Екібастұз қаласының тұрғыны Салтанат Құсайынова бетперделер тігіп, адамдарға таратып беруде.

Салтанат Қажымұратқызы Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорнында Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істейді және осындай бір қиын-қыстау кезеңде өз жерлестерін қолдауға қосатын үлесін дәл осындай деп біледі. 

Алғашқы 100 бетпердені тігіп, таратып болғаннан кейін, ол келесі партияны дайындауға кіріседі. 
Салтанат Қажымұратқызы төтенше жағдай кезінде бетперделерді тігіп, сатуды ұйымдастырып жүрген кәсіпкерлерге қарсы емес, алайда олардың бағасы бір бөлке нанның бағасынан аспауы тиіс, бұл күндері аса қажетті заттарға адамдардың қолы тегіс жетуі тиіс деп есептейді.

 

ЕГРЭС-1-дегі карантиндік іс-шаралар

«Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингінің компаниясы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС коронавирус індеті кезеңінде штаттық режимде жұмыс істеуде.  «Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингінің компаниясы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС коронавирус індеті кезеңінде штаттық режимде жұмыс істеуде.

Төтенше жағдай орын алған тұста коронавирус инфекциясы тарқалуына жол бермеудің барлық шаралары қолға алынуда. Іс-шаралар аясында станцияда кешенді амалдар іске асырылды, солардың қатарында: - өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды залалсыздандыру; - қызметкерлерді жұмыс орындарына келген кезде профилактикалық қараудан өткізудің және температурасын өлшеудің кестесі жасалды; - медициналық бетперделер мен залалсыздандырғыш құралдар сатып алынды, жұмыскерлерге ақпарат жеткізу үшін ақпараттық стендтер мен электрондық почтада індет жұқтырудың белгілері мен қажетті алдын-алу шаралары туралы ескертпелер орналастырылды;70 жұмыскер үшін жұмыс режимі қашықтан істейтінге өзгертілді, 126 жұмыскер еңбек демалысына шықты, басқарушы және инженерлік-техникалық персоналдың жұмыс істеу кестесі әзірленіп, бекітілді, басқа қалаларда оқу үшін іссапарларға шығудың күші жойылды;   Жұмысқа қабылдау және оқу орындарының шәкірттерін өндірістік тәжірибеден өткізу тоқтатылды.

Қазақстанда электр энергиясы мен көмірдің өндірілуі туралы

Қазақстанның электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 19 868,4 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл 2019 жылғы осындай кезеңге қарағанда 5,3%-ке артық.  Өндірудің ұлғаюы Қазақстанның Бірыңғай Энергетикалық Жүйесінің (БЭЖ) барлық зоналарында байқалды.

Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сайтында орналастырылған, Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-ақпан аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдауға сай, генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 9 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар. Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің  48%-тін  құрады. 

Бұл орайда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-ақпанда өндірген электр энергиясының көлемі  6 030,6 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 11,5%-ке ұлғайған.  

Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік, батыс және оңтүстік зоналарында тұтыну 3%-ке өскен.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде Қазақстанда 18,6 млн. тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4%-ке аз (19,4 млн. тонна).«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС осы кезең ішінде 8 032 мың тонна көмір өндірді, бұл  2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 5,5%-ке аз.  Жыл басынан бері екі ай ішінде 7 976 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде: ҚР-ның ішкі нарығына 6 377 мың тонна және экспортқа (РФ) – 1 599 млн. тонна.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-ақпанда өндірген электр энергиясының көлемі 56,2 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 15,3%-ін құрады, бұл  2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ке жоғары. Компанияның 2020 жылғы қаңтар-ақпанда «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі (КЭС, ЖЭС, шағын және ірі СЭС-тер) 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,1%-ке ұлғайды (450,5 млн. кВтсағат). 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62;

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Электроэнергетические компании холдинга «Самрук-Энерго» продолжают свою работу в штатном режиме, при этом соблюдая все санитарные нормы в условиях ЧП. Электроэнергетические компании холдинга «Самрук-Энерго» продолжают свою работу в штатном режиме, при этом соблюдая все санитарные нормы в условиях ЧП. 

На видео: обработка помещений на одном из предприятий Алматинского энергокомплека - АО «Алатау Жарык Компаниясы». Отметим, что на данный момент в компании работает только тот производственный персонал, который необходим для обеспечения беспрерывной подачи электроэнергии.

Акционерное общество «Алатау Жарык Компаниясы» - одна из крупных региональных электросетевых компаний на юге республики по передаче и распределению электрической энергии для населения, промышленных и сельскохозяйственных предприятий в зоне своей деятельности - городе Алматы и Алматинской области. Радиус обслуживания компании территориально простирается от берегов озера Балхаш до границ с Китаем.

«Алатау жарық компаниясы» нысандарды ұдайы дезинфекциялауда

 

«Самұрық-Энерго» холдингінің электр энергетикалық компаниялары төтенше   жағдай кезіндегі санитарлық нормалардың бәрін сақтай отырып, өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Бұл бейнеде Алматы энергия кешеніне қарасты «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның кәсіпорындарының бірінде үй-жайлардың тазартылуы көрсетілген. Атап өту керек, бұл күндері компанияда электр энергиясының үзіліссіз жеткізіліп берілуін қамтамасыз етуге қажетті қызметкерлер ғана жұмыс істеуде.«Самұрық-Энерго» холдингінің электр энергетикалық компаниялары төтенше   жағдай кезіндегі санитарлық нормалардың бәрін сақтай отырып, өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.

Бұл бейнеде Алматы энергия кешеніне қарасты «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның кәсіпорындарының бірінде үй-жайлардың тазартылуы көрсетілген. Атап өту керек, бұл күндері компанияда электр энергиясының үзіліссіз жеткізіліп берілуін қамтамасыз етуге қажетті қызметкерлер ғана жұмыс істеуде.«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы өзінің қызмет аймағында – Алматы қаласы және Алматы облысында халық, өнеркәсіптік пен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін электр энергиясын бөлу және тарату бойынша республиканың оңтүстігіндегі ірі өңірлік электр желілік компанияларының бірі болып табылады. «АЖК» АҚ-ның қызмет көрсету радиусы Балқаш өзенінің жағасынан Қытай шекарасына дейінгіаумақты алады.

Электр станциялары мен көмір кеніші штаттық режимде жұмыс істеуде

 

«Самұрық-Энерго» қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингінің электр энергиясын және көмір өндіретін барлық стратегиялық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпорын жұмыскерлері коронавирус инфекциясының тарқалуына жол бермеудің шараларын қолға алуда.  

Ағымдағы жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша холдингтің компаниялары айдың басынан бері 1 633 561 мың кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың  108 %-тін құрайды. Жыл басынан бері станциялар жоспарланған 7 704 667 мың кВтсағаттың орнына 7 651 506 мың кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың  99 %-і .  

Жұмыскерлер ауырмауының алдын алу мақсатында, «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның құрамына кіретін электр энергетикалық компанияларында Жедел әрекет ету штабтары құрылып, Коронавирус инфекциясы тарқалуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл іс-шаралар аясында станцияларда тұтас шаралар кешені іске асырылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған көлік құралдарын санитарлық тазалау, сондай-ақ жұмысқа арналған және тұрмыстық үй-жайларды таза ұстау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың барлығын тоқтату,  жұмыскерлердің барлығын күшейтілген медициналық тексеруден өткізу, медициналық бетперделер, тепловизорлар, қашықтан өлшейтін инфрақызыл термометрлер және т.б. сатып алу.  Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирусты жұқтырмаудың алдын алу туралы ақпарат орналастырылды.

 

Станциялардың жұмысы туралы ақпарат:

Бұл күндері Екібастұз ГРЭС-1 6 блоктік режимде жұмыс істеуде (бір блок жоспарланған жөндеуде тұр). 1-тоқсанның  қорытындысы бойынша өндіру жоспары   15 %-ке артық орындалады деп күтілуде (жоспарланған 5092,5 млрд. кВтсағаттың орнына іс жүзінде шамамен 5966 млрд. кВтсағат). ГРЭС-1-ден Өзбекстанға экспортталған электр энергиясы жыл басынан бері 434,5 млн. кВтсағатты құрады.

Екібастұз ГРЭС-2 бір блоктік режимде жұмыс істеп тұр, алайда наурыздың соңынан бастап екінші энергия блогін іске қосу жоспарланған.

«АлЭС» АҚ-ның станциялары да электр энергиясын жоспарлық көрсеткіштен асыра өндірді (наурызда – 4 %-ке, жыл басынан бері – 1 %-ке).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су станциялары – Мойнақ СЭС және Шардара СЭС-інің жыл басынан электр энергиясын өндіруі жоспар деңгейінде. Шардара СЭС-інде төрт жаңа су агрегатының бәрі де іске қосылғаннан кейін, белгіленген қуаттылығы наурыз айында 26 %-ке артып, 126 МВтты құрады.

Жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істеп, энергия өндіретін компаниялардың көрсеткіштері де жақсы. ЖЭС-тер наурыз айында электр энергиясын жоспардан 65%, КЭС-тер 35 % асыра өндірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен наурызда жоспардағы 2 144  млн. тоннаның орнына  2 398 млн. тонна көмір тиелді.  Жыл басынан бері көмір тиеу 10,3 млрд. тоннадан асып түсті.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: 8 (7172) 55-30-62; 55-30-66 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.