«Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы 24-25 маусым аралығында Түркістан облысындағы Шардара гидроэлектрстансасы мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын аралап көрді.
24-ші маусым күні "ПетроҚазақстанОйл Продактс" ЖШС-нің Шымкент мұнай өңдеу зауытында көшпелі кеңес өткізілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің 30% дәл осы кәсіпорында шығарылады. Маусым айында терең модернизацияланған зауытта алғашқы кұрделі жөндеу аяқталған. Бүгінде кәсіпорын өндіру көлемін жобалық қуатының 92% деңгейіне жеткізді.
2018-ші жылы аяқталған ауқымды қайта құру шаралары Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын 28%-ға, немесе жылына 4,7 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ақшыл мұнай өнімдерінің үлесі 58%-дан 83%-ға дейін өсті. Өңдеу тереңдігі - 73% до 88,7%. Нельсон көрсеткіші, яғни, зауыттың күрделілік деңгейі 4-тен 8,2-ге дейін жоғарылады.
Қор басшысы Алмасадам Сатқалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшылығына еліміздің солтүстігі мен батысындағы мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы әріі сапалы жүргізілуін жіті қадағалап, жазғы-күзгі маусымға жанар жағармайдың жеткілікті қорын қалыптастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, делегация "Оңтүстік" еркін экономикалық аймақтағы метил-трет-бутан эфирін өндіру кәсіпорнында болды. Бұл зауытта К4 пен К5 экологиялық класқа жататын бензиндерді өндіруге қажетті октан санын жоғарылататын қоспалар шығарылады.
25-ші маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Шардара гидроэлектрстансасының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорынды толық модернизациялау бағдарламасын "Самұрық-Энерго" АҚ былтыр аяқтаған. Жалпы құны 38 млрд теңгеге жеткен жоба стансаның қуаттылығын 100-ден 126 мВт-қа дейін, ал электрқуатын өндіру көлемін жылына 480-нен 537 млн кВ/сағатқа дейін ұлғайтуға жол ашты.
Шардара гидроэлектрстансасын қайта құру өңірдегі су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, Түркістан облысындағы энергия тапшылығын азайтуға және экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпалын тигізді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Павлодар облысына жұмыс сапары барысында энергетика, машина жасау, металлургия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Екібастұз қаласында Үкімет басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды. Құжат жайлы қалалық ортаны, экономиканың нақты секторын дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, экологиялық проблемаларды шешу бойынша 118 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің үлесін 4 есе — 5%-дан 20%-ға дейін арттыру арқылы қала экономикасының отын-энергетика кешеніне және тау-кен өндірісі саласына тәуелділігін төмендету көзделген. Машина жасау, АT-технологиялар, көмір химиясы, қызмет көрсету салаларында 16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жоспарды іске асыруға 932,3 млрд теңге қарастырылған, оның 84%-дан астамы — жеке инвестициялар.
Екібастұз МАЭС-1-ді аралау кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Премьер-Министрге ҚР аталған ірі жылу электр станциясын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың барысы, Екібастұз МАЭС-2 №3 жаңа энергия блогын салу жобасын іске асыру, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы басқа да инвестициялық жобалар туралы баяндады. Екібастұз МАЭС-1-де электр сүзгілерін орнатумен №1 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 550 МВт-қа – 4050 МВт-қа дейін ұлғайтуға және күл-қожды жоюдың заманауи технологияларын қолдану есебінен қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның құны 123,7 млрд теңгені құрайды, бұл ретте станцияны пайдалануға беру мерзімін қысқартып, жобаны 2023 жылы аяқтау көзделген. Осылайша, қысқа мерзімді перспективада ҚР өсіп келе жатқан экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ірі индустриялық жобаларды іске асыру үшін шамамен 1200 МВт қуат іске қосылады.
Үкімет басшысына Екібастұз қаласының индустриялық аймағында іске асыру жоспарланған, жалпы сомасы 227,5 млрд теңгеге тау-кен өндірісі, металлургия, көмір-химия және өңдеу өнеркәсібі саласындағы перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды. Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің ірі жобаларының бірі қуаты жылына 240 мың тонна жоғары маркалы ферросилиций және 12 мың тонна микрокремнеземді құрайтын ферроқорытпа зауытын салу болады. Жобаны «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырады. Жоба құны 55 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынның құрылысы кезінде 1,5 мың жұмыс орны, ал ол іске қосылғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру Қазақстанның ферроқорытпа нарығындағы экспорттық әлеуетін арттырады және ферросилиций экспорттаушыларының әлемдік рейтингінде ҚР позициясын 5-орыннан 2-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді. «Ansa Silicon» компаниясы қуаты жылына 35 мың тонна өнім шығару болатын техникалық кремний өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 40 млрд теңгеден астам, оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Өнімдері АҚШ, Жапония және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады.
Үкімет басшысы темір жол дөңгелектерін («Проммашкомплект» ЖШС), темір жол осьтері мен доңғалақ жұптарын («R.W.S. Wheelset»), темір-бетон шпалдары мен білеулер («R.W.S. Concrete»), бекіту бұйымдарын - серпімді клеммаларды, бұрандамалар мен бұрамаларды («ФерроТрансТрейд») өндіретін кәсіпорындарға барды. Экспорт көлемі өнімнің 70-80% құрайды. Екібастұз қаласында ГФР және РФ инвесторларының қатысуымен «Railcast Systems» ЖШС ұсталық-бандаж кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру Қазақстанда темір жол машинасын жасауды дамытуға жаңа серпін береді. Өндірістің қуаты – жылына локомотивтерге, үлкен тісті доңғалақтардың дайындамаларына және соғылған бұйымдарға арналған 102 мың қара құрсау. Жобаның құны – 70,1 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2024 жыл, 600 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынды іске қосу ҚР-ның аталған өнімге ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 81%-ы сыртқы нарықтарға экспортталатын болады.
Павлодар қаласында Премьер-Министр «Қазақстан алюминийі» АҚ өндірісінің дамуымен және экологиялық стратегиясының іске асырылуымен танысты, түрлі мақсаттағы арнайы техниканы шығаратын «ТемірМаш» зауытына, құрылыс материалдарын дайындайтын «ZENITH» зауытына барды. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға 573,7 млрд теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті. Жұмыс сапарына ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.
Бизнес пен өндірісте машиналық оқыту, деректерді талдау және жасанды интеллект қолдануға деген белсенділік жылдан жылға артып келеді. Танымалдылық үлкен әлеуетке негізделеді, дегенмен жасанды интеллект туралы сөз болғанда, көпшілік тарапынан көп сұрақ пен алаңдаушылық байқалады. Мәселен, Илон Маск жасанды интеллект турасында пәрменді қарсылық көрсетіп келеді, этика мәселелерін көтеріп, апатқа әкелер сценарийлерді де айтуда: "Жасанды интеллект – реттеу мәселелерінде жеткілікті түрде жіті ойлануды талап ететін жағдай, әйтпесе кейін мүлде кеш болуы мүмкін».
Дегенмен, аса сауаттылық болған жағдайда бұл технология адамзат үшін өте пайдалы. Есімізге түсірсек, атом энергиясына да күмәнмен қарағандар болған...
Мәселен, General Motors осы технологияның арқасында жел турбиналарының тиімділігін 5%-ға арттырып, техникалық қызмет көрсету шығындарын 20%-ға азайта алды. Google деректер орталығына жасанды интеллект технологияларын енгізу энергия тұтынуды 15%-ға азайтты, бұл компанияға бірнеше жыл ішінде жүздеген миллион доллар қаржы үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.
Деректерді талдау жүйесі жасанды интеллект элементтері бар цифрландырудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Қазақстандағы қуат тарату жүйесі үшін бұл бірінші тәжірибе.
"Самұрық-Энерго" АҚ заман талаптарына сәйкес осы технологиямен жұмыс істей бастады. Цифрлық трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде (ЭКЕАЖ) жиналған деректерге талдау жүргізу болып табылады. Бұл шара «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптарды уақтылы анықтауға көмектеседі.
Электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту – электр желілерін дамытуға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ақша қаражатын түсірудің ұтымды жолы мен нақты көздерінің бірі.
Электр желілеріндегі электр энергиясының коммерциялық ысыраптары – үнемділіктің маңызды көрсеткіші, электр энергиясын есепке алу жүйесі жай-күйінің көрнекі көрсеткіші.
"Осы жоба аясында біз қолданыстағы ЭКЕАЖ-бен біріктірілетін жүйе енгізуді, электр энергиясы желілеріндегі есепке алу құрылғыларынан көрсеткіштерді жинауды, электр энергиясының кемуін жедел анықтап, дер кезінде дабыл қағуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті жоба демеушісі, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Серік Түйтебаев.
Жобалық команда қазіргі уақытта электр энергиясын болжамдық тұтыну және болжамды автоматтандырылған түрде нақты тұтынумен салыстыру моделін құруда. Одан кейін трансформаторлық қосалқы станциялардың өздерінде жіберілетін және қабылданатын электр қуатына қатысты электр желілеріне заңсыз қосылу фактілері анықталатын болады. «АЖК» АҚ станцияларында 200 000-нан астам есептеуіш құралдары орнатылған, желілерде нормативтен тыс ысыраптар анықталған жағдайда осы аспаптар арқылы жүйелі түрде көрсеткіштер алынбақ. Бүгінгі күні жоба бойынша жүйені енгізуге тендерлік рәсімдер құжаттары әзірленуде.
Жоба бойынша күтілетін пайда шамамен 600 млн. теңгені құрайды.
Елімізде күн сайын COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді, соңғы екі айда қайтыс болғандар саны бір жарым есе өсті. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистика. Өкінішке орай, қазіргі уақытта КВИ-ге қарсы тұрудың жалғыз және тиімді әдісі – вакцинация болып отыр, әрі бұл шараға үлкен үміт артылып отыр.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті және Қоршаған ортаны қорғау" департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, Компания кеңсесінде орталықтандырылған вакцинациялау ұйымдастырды. Вакцина қабылдауға 30 өтініш келіп түссе де, жұмыс жағдайларына, сондай-ақ COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдерге байланысты 16 адам вакцина қабылдай алмады. Осылайша, бірінші күні 14 адам вакцинаны салдырды, олар 21 күннен кейін жоспарлы түрде екінші кезеңнен өтпек. Сонымен қатар, вакцина салдыруға күмәнданып, ойланып жүрген қызметкерлер де егу пунктіне келіп, бұл процесті көздерімен көріп, медицина қызметкерлерімен жеке сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Егу процесі басталмас бұрын қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың қорқыныштарын сейілткен №13 қалалық емхана дәрігерлеріне зор алғысымызды білдіреміз,
Вакцинация қазіргі уақытта Қазақстанда қолжетімді болып отырған ресейлік «СПУТНИК-V» және қазақстандық «QazVac» препараттарын пайдалану арқылы ерікті негізде жүргізілді.
Алматы қаласы мен Алматы өңірінің жылыту жүйесі үшін өткен жылыту маусымында 5 млн Гкал жылу энергиясы өндірілді.
2020-2021 жылыту маусымы Алматы қаласы әкімдігінің №2/219 қаулысына және Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің №136 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 13 сәуірде аяқталды. Ауа-райының жылылығы тұрақтала басталуына байланысты жылу беру тоқтатылады.
- Жалпы жылыту маусымы сәтті өтті, бұған қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету дәлел,-деп атап өтті Самұрық-Энерго электр энергетикалық холдингінің Алматы энергия кешеніне кіретін "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.
- Осы аталған кезеңде "Алматы электр станциялары" АҚ тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындай отырып, 3,3 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. 20-ға жуық қазандық агрегаттары мен 13 бу турбинасы қалыпты жұмысын көрсетті. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан (компанияда КҚК кезеңінде COVID-19 вирусынан 53 қызметкер ауырды) өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ, тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес жылу энергиясы толық көлемде жіберілді.
"АлЭС" АҚ энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуден өткізу науқанын бастайды.
"Алматы электр станциялары" АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының 76% - ын және электр энергиясының 60% - ын қамтамасыз етеді. "АлЭС "АҚ құрамына: Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1, Ә. Жақұтов атындағы ЖЭО-2, ЖЭО-3, Батыс жылу кешені, Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, "Энергожөндеу " өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ШҚОҚ кіреді.
Анықтама: жыл сайын жылыту маусымы, егер жылу орталықтандырылған жүйе арқылы берілсе, бес күн қатарынан Цельсий шкаласы бойынша орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болған кезде басталады. Жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы осы белгіден жоғары болған кезде аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының және Алматы өңірі бойынша Іле ауданының әкімдігі бекітеді.
Fitch Ratings агенттігі Самұрық-Энерго рейтингі бойынша болжамын қайта қарап, "Тұрақтыдан" "Жағымдыға" көтерді, сондай-ақ Самұрық-Энергоның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін "ВВ"деңгейінде растады.
Болжамның жоғарылауы Самұрық-Энергоның кредиттік қабілеттілігін бағалау деңгейінің кредиттік қабілеттілік көрсеткіштерінің неғұрлым күшті болуымен, электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтердің Компанияның валюталық тәуекелдерінің ұлғаю және азаюына қарай қайта қаралуымен байланысты негізде жақсаратынын көрсетеді.
Агенттік Топтың валюталық тәуекелдерінің төмендеуін шетел валютасында көрсетілген жалпы борыштың едәуір азаюынан, яғни 2016 жылдың аяғындағы 60%-бен салыстырғанда 2020 жылдың соңына қарай шамамен 2%-ға дейін төмендеуінен кейін оң бағалап отыр.
Болжамның жоғарылауы мен расталған рейтингтер Агенттіктің Топтың Шардара СЭС, Мойнақ СЭС және Алматы электр станцияларындағы жаңа энергия блоктарына белгіленген жекелеген қуат тарифтеріне рұқсат алуына қатысты пікірін қамтиды. Агенттіктің болжамдары Компанияның 2020 жылғы қызмет нәтижелеріне COVID-19 пандемиясының шектеулі әсерін де ескеріп отыр.
Агенттік Компания түсімі мен EBITDA көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуіне қоса борыштың едәуір қысқаруын және соның салдарынан операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты бойынша жалпы леверидж көрсеткішінің жақсаруын оң бағалап отыр.
Бұдан басқа, Компанияның кредиттік қоржынының құрамында халықаралық қаржы институттары үлесінің 45%ғға дейін ұлғаюы байқалды, бұл борыштық қоржын сапасының жоғары екендігін көрсетеді және Топтың қаржылық көрсеткіштерін бағалауға елеулі әсер етеді. Бұл ретте Компания алдағы уақытта халықаралық кредиторлармен тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Агенттік Самұрық-Энерго өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық жабуы үшін өтімділіктің және ақша қаражатының жеткілікті деңгейіне ие екенін атап өтті.
Компанияның 100 пайызы мемлекет меншігінде. Елімізде электр энергиясын өндірудің 30%-ға жуығы және жалпы көмір өндірісінің 40%-ға жуығы Самұрық-Энерго үлесіне тиесілі.
Самұрық-Энергоның басшылығы Fitch Ratings Агенттігінің рейтінг бойынша болжамды жоғарылатуын Компанияның COVID-2019 індетінің әсеріне қарамай, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін жақсарту және қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде тиімді саясат жүргізіп отырғанын дәлелдейді, деп атап өтті.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.
Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды облыстарындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Департаментының директоры болып жұмыс істеді.
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.
1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ға артады, деп хабарлады энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов.
Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар мен талқылаулардың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейінің арту үлесі екі еседен астам төмендетілді.
- Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақтылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда, - деп хабарлады Рахимов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Рахимовтың мәліметінше, Қазақстанның энергетикалық көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары пайдалануға берілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы энергетикалық активтердің тозуы 53% - ды құрайды. Тиісінше, өндіру секторындағы негізгі шығындар оларды жұмыс жағдайында ұстауға бағытталды - станцияның көпшілігінің кірістілік деңгейі нақты шығындардан төмен.
- Жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компанияларының сапасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Өкінішке орай, шекті тарифтерге салынған жөндеу науқандарына жұмсалатын шығындардың рұқсат етілген деңгейі қажеттіліктерді толық көлемде өтемейді, - деп атап өтті Рахимов.
Осы себепті электр энергиясын өндіру үшін үнемі әртүрлі себептермен шамамен 2 000 МВт жөндеу үстінде және қолжетімді емес, бұл Оңтүстік үш облыс Жамбыл, Түркістан және Қызылорданың жиынтық тұтынуымен салыстыруға болады.
Толық қаржыландырылмағандықтан апаттар мен технологиялық өшірулер санының өсуі байқалады. 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 4 458 технологиялық бұзушылыққа жол берілген (2019 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен). Әрбір ірі технологиялық бұзушылық - Қазақстанның бүкіл энергетикалық жүйесіндегі апат тәуекелі.
Электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту жұмыстарын сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өту және авариялық жағдайларды азайту үшін уақтылы және толық көлемде жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, тарифтерді қайта қарау 45 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының шамамен 23 мың жұмыс орнын сақтауға көмектеседі, олар үздіксіз жұмысты және ел мен Қазақстанның тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Еліміздің жылу және электр энергиясын өндіру және тарату кәсіпорындарындағы жалақы жиырма жыл ішінде өзгерген жоқ, деп мәлімдеді Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас.
Оның пікірінше, Қазақстанның энергетиктері жалақы деңгейі мен кәсіптің беделі бойынша ТМД елдері арасында ғана емес, елдегі өндірістік кәсіпорындар арасында да тізімнің соңында. Энергетиктердің жалақысы ел бойынша 6,86% - ға төмен.
- Нәтижесінде, бұл кадрлардың жалақысы жоғары басқа салаларға, тіпті көрші мемлекеттерге де кетуіне алып келеді. Мысал ретінде, көрші елдердегі энергетиктердің жалақысы жалпы елдегіден 21%-ға жоғары. Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 28%, ал Қырғыз Республикасында - 44%-ға жоғары, - деп атап өтті Бекбас.
Сарапшы негізгі қорлардың орта есеппен 60% - ға дейін тозуы кезінде ел экономикасы үшін негізгі саладағы кадрлардың тұрақтамауы электр станцияларының тоқтап қалуына қауіп төндіреді деп қауіптенеді.
Оның айтуынша, жылу энергетикасы мамандықтарына түсетін талапкерлер саны жыл сайын азайып келеді. Кәсіпорындар зейнеткерлік жасқа жеткен мамандарды ұстауға мәжбүр.
Бұдан басқа, жабдықтардың тозуына байланысты технологиялық сипаттағы бұзушылықтардың өсуі байқалады (өткен жылы 4 мыңнан астам заң бұзушылық жасалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11% -ға көп). Бектас атап өткендей, өндірістегі жазатайым оқиғалардың (22 жағдай) өсуі алаңдаушылық тудырады, солардың кесірінен 14 адам қайтыс болды.
- Өкінішке орай, біздің энергетиктерге жалақыны көтеру мәселесі бойынша Үкіметке, Парламентке, Энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктеріне бірнеше рет жасаған өтініштеріміз шешімін таппады. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы – энергетиктердің жалақысын өңірлердегі орташа деңгейге дейін бір мезетте көтеру, мұны тариф бекітілген кезде ғана жасауға болады, - деп санайды салалық кәсіподақ басшысы.
«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруді 31,4 млрд.кВт.сағ. дейін арттырып, көрсеткіштерін 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 млрд.кВт. сағатқа ұлғайтты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Топтың Қазақстан бойынша электр энергиясын өндірудегі үлесі 30%-ды құрады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» қорының Баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды, онда компания өкілдері 2020 жылдың өндірістік және қаржылық нәтижелерімен бөлісіп, энергетикадағы болашақ жоспарларына тоқталды.
2020 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго»АҚ экономикалық жағдайдың айтарлықтай өзгеруіне, оның ішінде COVID-19 пандемиясының әсеріне қарамастан, Қоғамның тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайтын несиелік тәуекелдің «жасыл» аймағында деуге болады. «Жасыл» аймаққа ену үшін Қоғам қарыз жүктемесінің деңгейін төмендету және валюталық тәуекелдерді азайтуға қатысты бірқатар іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов атап өткендей, бірінші кезекте «Мойнақ ГЭС» АҚ-ның 148 млн АҚШ доллары, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ның шамамен 100 млрд. теңге сомасындағы валюталық міндеттемелерін теңгемен қайта қаржыландырылуға тоқталып өткен жөн. Осы жұмыс нәтижесінде несиелік портфельдегі валюталық міндеттемелердің үлесі 1,5% -ға дейін төмендетілді.
Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта қарызды басқаруға қатысты жүргізілген жоспарлы жұмыс қарызды 92 млрд. теңгеге азайтуға мүмкіндік берді, яғни акционер белгілеген қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты индикаторларын орындауға мүмкіндік туып отыр.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры Марат Ұлдановтың айтуынша, 2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-інің белгіленген қуатын ұлғайта отырып, станцияны толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Компанияның көмір сату көлемі 2020 жылдың соңында 43,4 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4% жоғары.
«Самұрық-Энерго» Орталық Азияның энергетикалық жүйесіне 860 млн кВт / сағ электр қуатын жеткізді. Сондай-ақ, 2020 жылы елдің оңтүстігіндегі ауылшаруашылық тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Қырғыз Республикасымен 300 миллион кВт / сағ электр энергиясына айырбастау жүргізілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша топтың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері бойынша электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 336 млн кВт / сағ құрады, осылайша ЖЭК нарығында «Самұрық-Энерго» үлесі 10%-ға жуықтады.
Марат Ұлдановтың айтуынша, 2021 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылғы 3% өсімді қоса алғанда, 32,2 млрд. кВт. сағ. көлемінде болады деген болжам бар.
Өткен жылы электр энергетикалық холдинг операциялық және күрделі шығыстарға ауқымды оңтайландыруды (жалпы сомасы 18 млрд. теңге) жүзеге асырып, бұл шара белгілі бір «қорғанысты» қалыптастыруға және қаржылық тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Түсім 2020 жылдың қорытындысы бойынша 281,9 млрд. теңгені құрады, 2019 жылдың деректерімен салыстырғанда 38,2 млрд. теңгеге (немесе 16%-ға) өсті, бұл негізінен электр энергиясын сату және қуатты өткізу көлемінің өсуі есебінен жүзеге асты деуге болады.
Fitch халықаралық агенттігі Компанияның ұзақ мерзімді рейтингін Тұрақты болжаммен ВВ деңгейінде растады, сонымен қатар дербес рейтингті «B-ден» «B +» -ке дейін көтерді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 540 МВт болатын №1 энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-ні №3-ші энергия блогын салу арқылы кеңейту жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Марат Ұлдановтың сөзіне қарағанда, Екібастұз ГРЭС-інде жоспарланған жұмыстардан басқа, қазіргі кезде «Богатырь» кесігінде көмірді өндіру, тасымалдау, біркелкілеу және тиеудің циклдық-ағынды технологиясына көшу жобасы жүзеге асырылуда. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жобалық қуаты жоба іске асырылғаннан кейін жылына 50 миллион тонна көмір өндіруге жетеді.
Брифингте атап өтілгендей, ағымдағы жылдың басынан бастап жаңа Экологиялық кодекс қабылданды және энергетикалық қоғамдастық алдында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттер тұр. Сонымен, 2020 жылы оңтүстік мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетін Алматы 2-ЖЭО-ны газдандыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі Мемлекеттік сараптамаға жіберілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ еншілес компаниясымен бірлесіп, белгіленген қуатты 450 МВт-ға дейін арттыра отырып, Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Компанияның инвестициялық жобаларының ауқымды бөлігін жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту қамтып отыр.
Компания 2015 жылы Ақмола облысында пайдалануға берілген қуаты 45 МВт «БЖЭС» ЖШС жел электр станциясын (ЖЭС) 50 МВт-ға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» жел энергетикасы саласындағы тағы да екі жобаны аяқтауды жоспарлап отыр, олар: Алматы облысындағы қуаты 60 МВт жел электр станциясы және Ақмола облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы. Бұған қоса оңтүстіктегі жобаны болашақта 300 МВт-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ЖЭК саласында компания ГЭС-29 су электр станциясын салуға қатысты жобалауға дейінгі жұмыстарды жүргізуде. Ұзақ мерзімді болашақта Алматы облысындағы АлЭС ГЭС каскадын қайта қайта құру және жаңғырту кезекте тұр, өйткені қолданыстағы ГЭС 1943 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жоба қайта қалпына келтірілген ГЭС-1 және ГЭС-2-де электр энергиясын өндіруді арттыру арқылы Үлкен Алматы өзенінің гидротехникалық ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Елдің оңтүстігіндегі маневрлік генерация мен гидроэнергетиканы дамыту аясында «Самұрық-Энерго» маневрлік режимді қамтамасыз ету мүмкіндігі бар Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құрудан басқа, Іле өзенінде қуаты 40 МВт контрреттегіш Кербұлақ ГЭС-ін салуды жоспарлап отыр. Су электр станциясын салу Қапшағай су электр станциясының реттеуші қуатын 300 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Марат Ұлдановтың айтуынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның болашақтағы жоспарларына су жинақтаушы электр станцияларын салу жобасы, сондай-ақ Алматы өңірінде электр желілерін кеңейту және жаңғырту жобалары кіреді.
«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.
Энергетика саласына енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер негізіндегі жобалар – бүгінде жай ғана үдеріс емес, тұтынушылардың, клиенттер мен серіктестердің тұрмысын жеңілдететін, сондай-ақ компанияның жұмыс тиімділігін арттыратын шынайы қажеттілік те.
Цифрлық трансформацияны енгізе отырып, Самұрық-Энерго оны іске асырудың өзектілігі мен дер кезінделігін назарда ұстайды. Компания құжат айналымын, жабдықтау жүйелерін автоматтандырып, цифрлық архив жасау идеясын дамытуда.
Компанияның жобалар портфелі аясында еншілес компаниялардың біріндегі web-платформада тұтынушыларға арналған бөлімнің мүмкіндігі кеңейтілді. Енді энергия жеткізуші мекеменің аудандық бөлімшелеріне бармастан, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтының жеке кабинетінде мәселені шешуге болады. Бұл COVID-19 індеті қайта өршуіне байланысты, көпшілік жиналатын орындарға көп бармау ұсынылған кезеңде өте маңызды.
«Есептеу құралдарының көрсеткіштерін электронды түрде жіберу, тұтынылған электр энергиясы үшін төлем шотын алу секілді қызметтердің жедел әрі қатесіз көрсетілетініне біз кепілдік береміз. Бірқатар қызметтерді көрсету, соның ішінде өзара есеп айырысуды тексеру актілеріне және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою ЭЦҚ арқылы көзделген», - деп түсіндірме берді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының сату жөніндегі орынбасары Ольга Антонова.
Жеке кабинетте төлем жасаудың мерзімдері туралы ескертпелер, қарыздың сомасы және электр энергиясының алдағы уақытта қашан сөндірілетіні туралы ақпарат орналастырылған. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтіле түспек. «Клиенттеріміз қазір жеке кабинетте тіркелмей-ақ, сайтта QIWI-калташа арқылы онлайн төлей алады. Жеке тұлғалар үшін банктердің мобильдік қолданбалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған», - дейді Ольга Антонова.
Қаңтар айында онлайн қызмет ала бастаған 300 заңды тұлға белгілі болды.