2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жұмыстарының қорытындысы

Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. С.Түйтебаевтың басқаруымен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тақырыбы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды жиналыс өтті. Жиынға еншілес компаниялардың басшылары да қатысты.

Жиналыс барысында «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Т.Максилов аталған мерзімде жасалған жұмыс жөнінде есеп беріп, туындаған  мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Атап айтқанда, қызметкерлердің ревакцинациялану көрсеткіші, іске асырылып жатқан жобалар және жарақат алу профилактикасындағы бірінші басшылардың рөлі туралы кеңінен тарқатты.    

Сонымен қатар жиналыста еншілес компаниялардың басшылары да есеп берді. Соның негізінде Серік Түйтебаевтың тарапынан жұмыс уақытында қызметкерлердің денсаулығына нұқсан келтіру фактілерін азайту, мердігер компаниялардың үстінен  бақылауды күшейту және жобаларды іске асыруды тездету сынды тапсырмалар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Түйтебаев жиналысты түйіндей келе, еншілес компаниялар қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруды басшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне етене араласуы арқылы шешу қажеттілігін, инженер техник мамандарын жүйелі түрде оқытып отыру және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау аясындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын алға тартты.     

«Самұрық-Қазына» Қорының тапсырмасы шеңберінде, бүгінгі жиын холдинг кәсіпорындары басшыларының 7 алтын қағидаттан тұратын Health&Safety тақырыбы аясындағы жеке міндеттемелерін айқындайтын құжатқа қол қоюмен аяқталды.

news 18 08 2022 4

«Самұрық-Энерго» IRONMAN-дары

Өткен жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында триатлон әуесқойлары күткен BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA және BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN атты халықаралық турнир өтті. «Темір адамдар» додасына Самұрық-Энерго мен оның еншілес компаниялары қызметкерлері де қатысты.

40-44 жас аралығындағы категория бойынша сынға түскен «Экономика және қаржы» жөніндегі Басқарушы директор Айдар Рысқұлов 4 жылдан аса әуесқой жүгірумен айналысып, биыл IRONMAN-ге алғаш рет қатысып отыр. Мәреге 6:41:07 уақыт көрсеткішімен жетіп, тамаша қорытынды көрсетті.   

50-54 жас аралығындағы категорияда жарысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің  Бас директоры Рашид Есхожин аталған шараның 5 жыл бойы тұрақты қатысушысы. Ол биылғы  IRONMAN 70.3 ASTANA жарысын 6:36:48 уақыт көрсеткішімен аяқтады.

35-39 жас шамасындағы қатысушылар арасында «Нарықты дамыту мен сату» департаментінің менеджері Ерлан Бақтияр да бар. Ол бұл жарысқа  бұған дейін 30 рет қатысқан тәжірибесі үлкен спортшы. Биыл да мәреге 5:57:47 жоғары  көрсеткішімен пен жетті.

Энергетиктер қатысқан IRONMAN 70.3 сериялық сайысы үш кезеңнен тұрады: жүзу – 1,9 км, велосипед жарысы – 90 км және жүгіру – 21,1 км. Біздің спортшылар берілген сынақтан мүдірмей өтіп, лайықты «Темір Адам» ресми  атағына ие болды! Марапат құтты болсын!  

2022 жылдың алғашқы 6 айы бойынша Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдау

Елімізде көмір өндірісінің көлемі 6,1% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 55 341,8 мың тонна көмір өндірілген. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту және сату» департаменті әзірлеген «Қазақстанның қаңтар-маусым аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда» айтылған.

Жүйелік оператордың деректеріне сүйенсек, аталған мерзім ішінде Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының күшімен 56 383 млн.кВтсағ электр қуаты өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 942,4 млн. кВтсағ немесе 1,6%-ға кем. 

 «Самұрық-Энерго» АҚ қуат өндіруші компанияларының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірген электр энергиясының көлемі 17,2 млрд. кВтсағ, ал бұл еліміздегі энергетика нарығының 30%-дан астам бөлігін құрайды.   

Аналитикалық деректер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы индустриялық өндіріс индексі 103,5%.  Республикамыздың 17 аймағында өндіріс көлемінің өсуі байқалса, Жетісу, Қызылорда және Павлодар облыстарында керісінше азайған.  

Биылғы жылдың қаңтар-маусым аралығында электр энергиясын тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 280,9 млн. кВтсағ немесе 0,5% кеміген. 

Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 269,9 МВт құрайтын 3 күн және 3 жел электр станциялары іске қосылды.  ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 140 ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) нысандары жұмыс істейді.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖЭК нысандары өндірген қуат көлемі 2 392,5 млн. кВтсағ құрады.  Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштерден 2 011,9 млн. кВтсағ немесе 18,9% артық.

Биылғы жылдың алғашқы 6 айы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 173,7 млн. кВтсағ, бұл жалпы ел бойынша ЖЭК-мен өндірілген электр энергиясының 7,3% құрайды. Аталған  көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (156,9 млн. кВтсағ) салыстырғанда 10,7%-ға артық. 

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдаумен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/kz/press-center/analytical-review

Алматы агломерациясы энергетикасындағы инвестициялық жобалар

Қазақстан  энергетикасындағы жобалар аяқталу сатысында, «Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде келешекте және бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан жиынтық сомасы 2 трлн-нан астам сомадағы қаржы игерілуде. Бұл соманың жартысынан астамы Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар ірі жобаларға тиесілі. Мұндай мәліметтерді бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен болған жұмыс кездесуі барысында мәлімдеді.

  Қонаев қаласында өткен кеңесте «Самұрық-Энерг» АҚ-ның Алматы энергия кешеніне кіретін ұйымдарының өндірістік қызметі талқыланды, сондай-ақ компанияның осы аумақта энергетика саласы бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары мен олардың болашақтағы жұмысы және Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және Алматы облысындағы ЖЭО-3 объектілері үшін газ инфрақұрылымы жөніндегі жоспарлар қаралды.

Серік Түйтебаевтың айтуынша, «Самұрық-Энерго» Қазақстанның энергия жүйесінде стратегиялық орынды иеленеді. Компанияда 2022 жылы және алдағы жылдары шешімін табуы тиіс негізгі міндеттердің бірі - ел энергетикасындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бағытында қабылданып жатқан шараларға қолдау көрсету. Алматы облысында «жасыл»  электр энергиясын өндіру үшін көптеген табиғи мүмкіндіктер бар. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің, оның ішінде Алматы облысының энергия тапшылығын жою мақсатында «Самұрық-Энерго» ЖЭК объектілерін салу жобаларын іске асыруда. Бұдан басқа, біз өңірдің өнеркәсіптік, туристік және әлеуметтік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында қуат беру және электр энергиясын қосу мақсатындағы энергия нысандарымен жұмыс істейміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

Кездесу барысында облыс бойынша жүзеге асырылатын жобалар барысы сөз болды:

 - Шелек дәлізіндегі қуаты 60 МВт, келешекте 300 МВт дейін кеңейтілетін жел электр станциясының құрылысы.  Жаңа станция жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына 226 млн.кВтс электр энергиясын өндіруді және көмірсутек отынын қолданбай-ақ электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Мойнақ ГЭС-інде электр энергиясын өндіруді жылына 100 млн.кВтсағ-қа ұлғайту. Жоба Кеңсу өзені ағынының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұруды көздейді, бұл Алматы өңірі үшін қуатты реттеу мүмкіндігін кеңейтеді.

- Іле өзенінде контрреттеуші Кербұлақ СЭС-ін салу. Жобаны іске асыру Қапшағай ГЭС-інің реттеуші қуатын 80-нен 150 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

- Облыста қуаты 310 МВт ЖЭС, СЭС құрамдастырылған станциясын салу. Жоба электр энергиясын ең жоғары жүктемелерге теңестіру мүмкіндігімен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.

- Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО-ны жаңғырту. Ескі алаңда жаңа станция салу ЖЭО-2-ні табиғи газды жағуға көшіру есебінен Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

- Станцияның қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу үшін станцияда бу-газ жабдығын орнатуды көздейді.

- Қаскелең ҚС АТҚ-ға қосу арқылы «Көкөзек» қосалқы станциясын салу. Бұл жобаны іске асыру өңірде «Боралда» индустриялық аймағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін реттелетін қызмет көрсету үшін қажетті бос қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.

- Алматы қаласы мен Алматы облысының кабель желілерін қайта жаңарту. Жобаның аяқталуы кабельдік желілердегі ысыраптардың азаюына және апаттық істен шығудың қысқаруына әкеледі.

- Шелек энергия торабының желілерін дамыту. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандары атап өткендей, Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда үлкен әлеуетке ие. Осы жоба ТЭН - ге сәйкес Шелек торабы ЖЭК объектілерінің жалпы берілетін қуаты - 603.7 МВт-ны көздейді. Жоспарда СЭС-28, СЭС-29, сондай-ақ «Көлсай» курорттық аймағын одан әрі дамытуға қуат беру және электр энергиясын қосу үшін «Саты» қосалқы станциясын салу көзделеді. Мұның бәрі осы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамыту және жақсарту үшін ұзақ мерзімді жағдайлар жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар «Самұрық-Қазына» қоры» АҚ-ның газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, көлік және энергетика салаларындағы басым жобаларды іске асыру шеңберінде және Қордың таяудағы 10 жылда көміртегі ізін 10% - ға қысқарту жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылуда.

Кеңес барысында Алматы облысының әкімдігінде өңір басшылығы шешуге ықпал етуі мүмкін кейбір проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, электр беру желілері үшін жер учаскелерін сатып алуға, қаржыландыруға және тариф белгілеуге байланысты тақырыптар қаралды.

Анықтама үшін:

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің 15 жылы ішінде Алматы агломерациясындағы компания іске асырған неғұрлым ірі жобаларының қатарына: қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС - ін салу; Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт бірегей күн станциясын салу; трансформаторлық қуатының жалпы өсімі 3500 МВА-дан асатын 38 қосалқы станцияны салу және пайдалануға беру; кернеуі 220кВ электр желілерін салу жобалары жатады, бұл «KEGOC» АҚ 500кВ тірек қосалқы станцияларын және «АЖК» АҚ 220кВ тораптық қосалқы станцияларын біріктіріп, Алматы қаласының айналасында айналма жол құруға мүмкіндік берді.

Сіз VII Спартакиадаға тіркеліп үлгердіңіз бе, уақыт болса аз қалды!

Белсенді қызметкерлерден үлгі аламыз!

Қатысушылардың саны күннен-күнге өсіп келеді. VII Спартакиадаға тіркелу тек 4 тамызға дейін ресми сайтта қабылданады – әріптестеріңізді бірге қатысуға шақырыңыздар. Көп ойланбаңыз – әрекет етіңіз!

Қатысу үшін ойын түрін таңдаңыз:

▪︎ ойындық: шағын-футбол, волейбол, стритбол, арқан тарту

▪︎ жекелей: үстел теннисі, шахмат, қол күрес, тоғызқұмалақ

Барлық спортшыларға жақсы эмоциялар, қызықты жекпе-жек және жеңіс тілейміз!

«Самұрық – Қазына» АҚ спортшылар тізіміне өз есіміңізді қалдырыңыз!

 

Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдау

Untitled 1 0 00 01 23

Жыл басынан бері Қазақстанда жиынтық қуаты 55 МВт болатын 3 Күн электр станциясы іске қосылды және 2022 жылдың соңына дейін жиынтық қуаты 290,6 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл ақапарат «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында орналастырылған 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына жасалған талдауда айтылған.

Жүйелік оператордың мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстанда 48 108,4 млн кВтс электр энергиясы өндірілген. Бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4% аз.

«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының осы алған кезеңдегі электр энергиясын өндіру көлемі 12 млн.кВтс-тан астам көрсеткішті құрады, бұл компанияға Қазақстанның электр энергиясы нарығының 30,7% үлесін иеленіп, сенімді көшбасшылық позицияны алуға мүмкіндік беріп отыр.

Талдау деректеріне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындарының электр энергиясын тұтыну индексі 104,4% құрады. Өндіріс көлемінің ұлғаюы республиканың 15 өңірінде тіркелді, ал Қызылорда және Павлодар облыстарында төмендеу орын алғаны байқалады.

Жүйелік оператордың деректері бойынша көрсетілген кезеңде республиканың электр энергиясын тұтыну қарқынында 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда 46,0 млн.кВтсағ немесе 0,1%-ға ұлғаю байқалған. Мәселен, республиканың батыс және оңтүстік аймақтарында тұтыну тиісінше 6,2% - ға және 1,7%-ға артқан.

Жыл басынан бері Қазақстанда тас көмір өндірісінің 6,7%-ға өскені байқалады. Елімізде өндірілген көмірдің жалпы көлемі 47,4 млн тоннаны құрады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда «Богатырь Көмір» ЖШС 18 945,4 мың тонна өндірді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4% - ға артық.

Компанияның 2022 жылғы қаңтар-мамырда өткізген көмір көлемі 18 873,2 мың тоннаны құрады. Оның ішінде ҚР-дың ішкі нарығына - 14 497,2 мың тонна және экспортқа (РФ) – 4 376,0 мың тонна.

Сарапшылар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндірудегі айтарлықтай өскенін (19,8%) атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде барлығы 1 898,1 млн.кВтсағ электр энергиясы өндірілді.

Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылдың мамыр айында Қазақстанда 136 ЖЭК нысаны жұмыс істейді:

– Қуаты 684 МВт жел электр станцияларының 40 нысаны ;

- Қуаты 1093 МВт күн электр станцияларының 51 нысаны;

– Қуаты 280 МВт 40 су электр станциясы;ның 40 нысаны;

- Қуаты 8 МВт болатын 5 биоэлектрстанциясы.

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары 2022 жылғы қаңтар-мамырда 145 млн.кВтсағаттан артық электр энергиясын өндірді, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5% - ға жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясының үлесі ҚР ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,6% - ын құрайды.

Қазақстандағы 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ағымдағы жылғы 14 шілдеде Алматы қаласында осы мәселелерге жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшыларымен 2022 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді.

IMG 20220718 WA0028

Кеңеске «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Е.А. Қырқынбаев қатысты, ол өзінің кіріспе сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, кездесудің ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

«Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Т.М.Максилов қатысушыларды Қоғамның компаниялар тобы бойынша 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын және 2022 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жоспарлары туралы хабардар етті.

Т.М. Максилов өз баяндамасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің проблемалық бағыттарын, оның ішінде қызметкерлер денсаулығының жұмыс уақытында нашарлау жағдайларының ұлғаюын атап өтті.

IMG 20220718 WA0023

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес бірқатар ЕТҰ-лардың еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшыларының есептері тыңдалды, жұмыс нәтижелері бойынша дамыту бағытындағы басты мәселелер талқыланды.

Жұмыс жоспары аясында қызметкерлер А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2 нысаны мен «АлЭС» АҚ ГЭС каскадының өндірістік департаменттерін аралады.

IMG 20220718 WA0024

Іс-шараның қорытынды бөлімінде «SGS Kazakhstan» ЖШС сертификаттау және оқыту бөлімінің басшысы В.П. Зуенок «ЕҚЖБ бағалауға және тұрақты қауіпсіздік мәдениетін құруға заманауи көзқарас» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді.

Осы отырыста көтерілген мәселелер бірлесіп талқылағаннан кейін Кеңес қорытындысы бойынша бақылау, алдын алу және жарақаттану деңгейін төмендету шараларын күшейту бағытындағы нақты шешімдер қабылданды.

Жаңа сын-қатерлер – жаңа тәсілдер

«Самұрық-Қазына» қоры жыл сайынғы бірінші Health&Safety форумын өткізді.

 29 Маусым 2022 Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Қазына» қоры тәжірибе және озық өнегемен алмасу, орын алған түйткілдерді талдау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында жаңа ірі сараптама алаңын құру мақсатында алғашқы Health&Safety форумын ұйымдастырды.  Сөз тізгінін ұстаушылар ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының өндірістік компанияларының, халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлері және тәуелсіз сарапшылар ойларын ортаға салды.  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев форум қонақтарын қарсы ала отырып, қатысушылармен бүгінгі таңда Қор тобында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сын-тегеуріндер туралы әңгімеледі. «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады. Компаниялар тобы қызметкерлерінің саны 250 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте өндірістік персоналдың үлесі жалпы санның 92,4%-ын құрайды. Атап өтер жайт, Қор көптеген жылдар бойы қауіпсіз өндіріс құндылықтары мен тәсілдерін ілгерілетуге күш-жігер мен ресурстар бөліп келеді.  Дегенмен, біз өз кәсіпорындарымызда нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша мақсатты көрсеткіштерден әлі де алыспыз. Жыл қорытындысы бойынша тиісті компаниялардың Директорлар кеңестерінің алдына өндірістік қауіпсіздік саласында бірінші басшылардың жүргізген жұмысы туралы сұрайтын боламыз. Кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен және жалпы Қор үшін басты құндылық болып табылады және барлық қатысушыға әрбір жазатайым оқиғаны ерекше бақылауда ұстайтынымды ескерткім келеді», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев. Сонымен бірг, форум шеңберінде Қор тобының 13 ірі компаниясының топ-менеджерлері H&S саласында жеке міндеттемелерге қол қойды. Басшылар жеке үлгі басы үлгі бола отырып, қауіпсіздік құндылықтарына адалдығын көрсетуге, компанияларда еңбекті қорғау саласында озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға міндеттенді. Тиісті міндеттемеге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Samruk-Kazyna Constraction» АҚ сияқты компаниялардың басшылары отырды.  Форум жұмысына халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысып, еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы мәліметпен бөлісті. Форум спикерлері арасында ORP (Халықаралық тәуекелдерді алдын алу қоры), EBRD (Еуропалық қайта құру және даму банкі), EVERYCO Central Asia Kazakhstan, IOSH (Қауіпсіздік техникасы және денсаулықты қорғау институты), NEBOSH (Ұлыбританияның еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан кеңесі), OPITO және басқа да белді тарап сарапшылары болды.  Қор өкілдері өндірістік компанияларда соңғы төрт жылда жұмыс уақытын жоғалтатын жарақат коэффициентінің 24%-ға төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Зардап шеккендер саны 35%-ға азайды: 2018 жылғы 165-тен 2021 жылы 108-ге дейін. Қорда және портфельдік компанияларда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын мониторингілеу үшін үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлерді оқыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бірқатар портфельдік компанияларда есептіліктің ашықтығының жеткілікті деңгейін, коммуникацияларды дамытуды және қауіптерді сәйкестендіру мен тәуекелдерді басқаруды жеңілдететін басқа да шешімдерді қамтамасыз ететін ІТ-шешімдер іске асырылған.  Осындай қадамдар қорға жағдайды болжай отырып және өндірістік қауіпсіздік саласында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті іс-шараларды алдын ала жоспарлаған сипатта, портфельдік компаниялардың қызметіне проактивті ден қоюға мүмкіндік береді. Аталған бағытты дамытуда 2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ тобында Қауіпсіздік жылы болып жарияланғаны маңызды рөл атқарды. Анықтама: 26 мамырда KIOSH-2022 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі X қазақстандық халықаралық конференциясы шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Vision Zero» бизнес консулы (жаһандық амбассадоры) тұлғасындағы халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Қор компаниялары тобының тәжірибесінде Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының қағидаттарын насихаттау.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының өкілеттігі тоқтатылды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 23 маусымдағы шешімімен Сұңғат Қуатұлы Есімхановтың өтінішіне сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сондай-ақ Есімханов Сұңғат Қуатұлының «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2022 жылғы 23 маусымнан бастап Компанияның жаңа басшысы тағайындалғанға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқару Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Сүйінбекұлы Түйтебаевқа жүктелді.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына сәйкес осы шешім «Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.

Жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде жалғасуда

«Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингі нысандарында 2022-2023 жылдың жаңа күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындықтың қарқыны жоғары.  

Бүгінде жоспарланған іс-шараның 45% бөлігі атқарылды. Компания мамандарының айтуынша, биылғы жылдың наурыз айынан бастап негізгі жабдықтардың 37-сі жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Екібастұздағы ГРЭС-1-дің 3 қуат блогы, ГРЭС-2-нің 1 қуат блогы, «АлЭС» электр станцияларының 7 қазандық агрегаты, 4 құбыр агрегаты, 12 су агрегаты, 10 сужылыту агрегаты жаңа маусымға дайын.   

 Жөндеу жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады.  

Келе жатқан жылыту маусымына көмірдің негізгі қорын «Богатырь Көмір» ЖШС қамтамасыз етеді.

Жаңа күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық аясындағы іс-шаралар «Самұрық-Энерго» басшылығының Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1-ге жасаған іссапары барысында талқыланған. Бұл шараға ГРЭС-2 мен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық және қаржы мамандары да шақырылды.  

«Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының мәлімдеуінше жөндеу жұмыстарының  қарқыны жақсы, оған қажетті құрылғы, жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары өз жолына қойылған.  Сондықтан да 2022 жылдың жөндеу науқаны жоспарланғандай сәтті болуы тиіс.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері Nur-Sultan Half Marathon-2022 жарысына қатысты

Өткен демалыс күндері Елордада спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанатын жанкүйерлерге арналған Nur-Sultan Half Marathon-2022 жүгіру   мерекесі өтті. Іс-шараға бүкіл Қазақстаннан және әлемнің тағы 24 елінен 4 мыңға жуық жүгіруші қатысты. Жүгіру 21,1 шақырым, 10 шақырым және скандинавиялық жүріс бойынша 10 шақырым қашықтықтарда өткізілді.

Бұл жарысқа дәстүрлі түрде «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері де қатысты.

Компанияның Экономика және Қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов 4 жыл бойы әуесқой жүгірумен айналысып, бірнеше рет марафондарға қатысу арқылы өзінің жеке көрсеткіштерін жақсартып келеді. Бұл жарыста ол жартылай марафондық қашықтықты (21,1 км) 1 сағат 41 минутта жүгіріп өтіп, өзінің жас тобындағы 80 үздік спортшы арасынан орын алды.

«Нарықты дамыту және Сату» департаментінің менеджері Ерлан Бақтияр да 21,1 километр қашықтықты жүгіріп өтіп, 2 сағат 11 минутта аяқтады. Ерлан 30-дан астам марафонға, сондай-ақ «Ironman 70.3 Astana» триатлон жарысына қатысқан болатын.

Самал Исабаева («Нарықты дамыту және Сату» департаменті) Самұрық-Энергоның қыз-келіншектер көшін бастады. Самал 6 жыл бойы әуесқой жүгірумен белсенді түрде айналысып келеді, және де биыл төртінші рет 10 км марафондық қашықтықты бағындырып отыр. Осы қашықтықта компанияның тағы бір қызметкері - Рүстем Ысқақов («Адам ресурстарын басқару» департаменті) 1 сағат 19 минут нәтижесімен дебют жасады.

Марафонның барлық қатысушыларын құттықтаймыз!