Самұрық-Энерго қызметкерлері Ironman Kazakhstan 2023 жарысында төзімділік пен күш қайраттың жоғарғы үлгісін көрсетті!

Астанада биылғы жылдың 6 шілдесі күні дәстүрлі түрде Ironman Kazakhstan 2023 өтті. Бұл – дүниежүзі бойынша барлық спорт сүйер қауымның назарында болатын ерекше триатлон жарысы. 

se news 03 07 23 2

Жарыс 3,8 км қашықтыққа жүзуден басталып, 180 километрге велосипед тебумен ұласты. Спортсмендердің қордағы бар күшін салуды талап ететін шешуші дисциплина – марафон жүгірісі — 42,2 км қашықтыққа көзделген.

se news 03 07 23 3

se news 03 07 23 3

se news 03 07 23 3

Ironman Kazakhstan жарысына қатысу – физикалық қана емес, сонымен қатар ментальді дайындық пен төзімділікті қажет етеді. Спортшылар алға қойған мақсаттарына жету үшін жарысқа айлап, жылдап дайындалады.

Биыл Самұрық-Энерго қызметкерлерінің бірқатары аталған жарыстың қатысушысы болды. Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Рысқұлов Айдар Қайратұлы Half Ironman (жартылай марафон) жарысында мәреге төмендегідей көрсеткішпен келді:

жүзуден - 50 минут 16 секунд;

велосипед - 2 сағат 57 минут 16 секунд;

жүгіруден  - 2 сағат 9 минут 52 секунд. 

se news 03 07 23 3

Ал Самұрық-Энерго АҚ «ЖЭК және тарату» департаментінің бас маманы Мырзаханов Даурен Садуақасұлы да Half Ironman-да:

жүзуден – 1 сағат 0 минут 11 секунд;

велосипедпен – 3 сағат 49 минут 24 секунд;

жүгіруден – 2 сағат 39 минут 1 секундпен мәреге жетті.

se news 03 07 23 3

Ironman эстафетасы – триатлонның үш дисциплинасын команда болып өтетін жарыс түрі. Егер жеке қатысушы жүгіруден, велосипед тебуден және жүзуден берілген қашықтықты толығымен өзі еңсерсе, мұнда әр қатысушы бір ғана қашықтықты жүріп өте алады.

Осындай командалық Ironman эстафетасына қатысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры Рашид Есхожин мен  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі орынбасары Акенев Еркен Болатұлының көрсеткіштері 6 сағат 4 минут 49 секунд болды.

se news 03 07 23 3

Сонымен қатар толық марафонды еңсерген Самұрық-Энергоның «Нарықты дамыту мен Сату» департаментінің бас сарапшы маманы Бақтияр Ерлан Құсайынұлы да тамаша көрсеткіштермен:

жүзуден - 1 сағат 28 минут 40 секунд;

велосипедпен - 5 сағат 49 минут 13 секунд.

жүгіруден - 5 сағат 7 минут 38 секундта мәреге жетті.

se news 03 07 23 3

«Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті! Тамаша спорт мерекесі Ironman-нің ұйымдастырушыларына  алғыс білдіремін. Бұл жарыстың толық дистанциясын өту – өте ауыр әрі үлкен сынақ. Қашықтықтың әрбір кезеңінде маған қолдау білдіріп, демеу көрсеткен жандарға үлкен рахмет айтамын. Мен әрқашан айронменшілерді құрметтеп,   тамсана қарайтынмын. Нағыз айронмен атануды өз тәжірибемнен өткіздім. Енді оларды бұрынғыдан артық сыйлаймын! – деп ағынан жарылды Ерлан Құсайынұлы.

se news 03 07 23 3

Ironman Kazakhstan — спорттық жарыс қана емес, белсенді өмір салты мен бәсекелестік рухының мерекесі.

 

«АЛЭС» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының шешімімен Маширов Ерік Қанышбекұлы «АлЭС»АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылдың 3 шілдесінде «АлЭС» АҚ жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов таныстырды.

Ерік Маширов әр жылдары квазимемлекеттік секторда еңбек еткен.

2017 жылдан 2018 жылға дейін «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.

WhatsApp Image 2023 07 04 at 09.40.02

 «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Компанияның жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

Мақсұтов Қайрат Берікұлының екі жоғары білімі бар – экономикалық және бейіндік энергетикалық. Әр жылдары банк құрылымдарында, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.

2009 жылдан 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

2018 жылдан қазіргі кезге дейін энергетика саласындағы холдингтік компанияларға басшылық жасады.

Күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде конкурс жеңімпазы марапатталды. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы бойынша экология департаменті, БАҚ, «Arka Development» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 маусымында «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО гидркүл-қож қалдықтарын қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі ғылыми-техникалық жобаларды іздестіру конкурсын қорытындылады. Конкурстық комиссия егжей-тегжейлі зерделеген әлеуетті қатысушылардан жеті өтінім түсті. Оның құрамына әкімдіктің, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің өкілдері, ғылыми институттардың техникалық мамандары және «АлЭС» АҚ кірді. Ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша байқау жеңімпазы бірауыздан «Arka Development» ЖШС болып таңдалды.

Ұсынылған жоба Алматы 2-ЖЭО жанында жылдық өнімділігі 300 мың тонна күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу кешенін салуға мүмкіндік береді. Күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде өнімнің төрт түрі алынатын болады:

  • көмір жағу (қазандықтарға арналған брикеттелген өнім),
  • магнетит (металлургия өнеркәсібіне арналған шикізат ауыр бетон толтырғышы);
  • микросфера (пластмассадан, гипстен, керамикадан, жеңіл цементтерден жасалған бұйымдар өндірісіндегі толтырғыштар);
  • алюминий силикат өнімі (құрылыс материалдарына арналған шикізат).

Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40% – ға, 2050 жылға қарай 50% - ға дейін жеткізілуі тиіс.

Бұл жоба Алматы ЖЭО-да пайда болатын күл-қож қалдықтарынан өңдей отыра, олардан  99% - ға дейін пайдалы элементтер алу, күл-қож алаңдарын қысқарту, содан кейін оларды толық қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

  Іс-шара барысында «АлЭС» АҚ-ның «Arka Development» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. «АлЭС» АҚ күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үздік ұсыныс үшін конкурс жеңімпазына 1 000 000 теңгеге сертификат табыс етті.

"Самұрық-Қазына" өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге жіберді

Бұл туралы ұлттық компанияның басшысы Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 200 млн теңге жолдады. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы эвакуацияланған елдімекендердің тұрғындары мен өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде 200 млн теңге жіберу туралы шешім қабылдады. Бүкіл Қазақстан орман өрттері өршіп тұрған Абай облысындағы отандастары үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде де бұл қайғыға бей-жай қарай алмаймыз", - деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы.

Қаражат Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы ұлттық еріктілер желісіне аударылады.

Азия Даму Банкі Алматы ЖЭО-2 құрылысын қаржыландырады

Бүгін Астанада Азия Даму Банкі (АДБ) мен «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдинг құрылымындағы «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) компаниясы арасында Кредиттік келісімге қол қойылды. Құжат «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып жаңғырту» жобасын қаржыландыруды көздейді, жоба бойынша жүргізілген жұмыстар бүгінде практикалық іске асыру кезеңіне өтті.

Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповтың, АДБ президенті Масатсугу Асакаваидың (Masatsugu Asakawa) және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаевтың қатысуымен өтті. Жалпы сомасы 98 млрд теңгені құрайтын Қарыз шартына «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев пен АДБ-ның Оңтүстік, Орталық және Батыс Азиядағы жеке сектордың инфрақұрылымдық жобалары жөніндегі департаментінің директоры Шантану Чакраборти (Shantanu Chakraborty) қол қойды.

Алматы ЖЭО-2 нысанын иеленетін «АлЭС» АҚ үшін АДБ аталған жобаны іске асыру шеңберінде кредиттік келісім жасалған үшінші қаржылық серіктес болып отыр. Бұрын Алматы қаласында ескі ЖЭО-2 жанындағы алаңда жаңа газ станциясының құрылысын қаржыландыру бойынша тиісті шарттар Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен (ЕҚДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен (ҚДБ) жасалған болатын.

АлЭС басшысы Ерлан Киркинбаевтың айтуынша, АДБ-мен қарыз туралы келісімге қол қою жобаны қаржыландырумен байланысты барлық мәселелерді түпкілікті шешетін болады. Станция толығымен табиғи газға ауысып, көмірді отын ретінде пайдаланудан бас тартатын болады.

Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту және газ отынына ауыстыру жөніндегі жоба «Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ қолдауымен іске асырылуда. АлЭС пен АДБ арасындағы кредиттік келісімге қол қою жөніндегі іс-шара шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен АДБ арасында кепілдік шартына қол қойылды. Қор мамандарының айтуынша, қол қойылған құжат тәуекелдерді азайтуға және жобаны несиелеу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ЕҚДБ халықаралық стандарттары мен ережелері бойынша екі кезеңмен өткен ашық халықаралық тендер қорытындысы бойынша энергетика саласындағы жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық үш ірі компаниядан тұратын консорциум жаңа газ турбиналы ЖЭО құрылысының мердігері ретінде айқындалған болатын. Ағымдағы жылғы мамыр айының соңында «АлЭС» АҚ конкурс жеңімпазымен жұмыстардың толық циклін - жобалау, жабдықтарды жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауға, пайдалануға беруге EPC-келісімшарт жасасқан болатын.

АлЭС жобалар портфелінде Алматы ЖЭО-2 станциясын жаңғыртудан басқа - Алматы ЖЭО-3 аумағында қуаты 545 МВт болатын аралас циклді газ станциясын салу, қуаты 250 МВт дейінгі бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын қайта жаңарту жобалары да бар. Сонымен қатар, біз Іле өзенінде қарсы реттегіш нысанын салу және ГЭС каскадын қайта құру арқылы Қапшағай ГЭС-ін жаңғырту жобаларын әзірлеуге кірісіп кеттік.

Осы жобаларды іске асыру жүргізіліп жатқан басқа шаралармен қатар Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының әуе бассейнін айтарлықтай сауықтыруға мүмкіндік бермек, тұрақты жылу және энергия қуатымен жабдықтауды, сондай-ақ өңірдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін боолады. Нәтижесінде, «Алматы электр станциялары» АҚ толығымен «жасыл энергетиканы» дамытуға бағыт алған еліміздегі ірі энергия компанияларының біріне айналатын болады.

 PHOTO 2023 06 09 12 58 07 1

Шелектегі ЖЭС-ті 810 МВт-ға дейін кеңейту жоспарлары

«Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық ірі электр энергетикалық холдингі, «Power Construction Corporation of China» (Power China) қытай компаниясы және Алматы облысының әкімдігі Алматы облысының Шелек дәлізіндегі ЖЭК жобасын 810 МВт-ға дейін кеңейтуді көздейтін іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын (Жол картасын) бекітті. Іс-шара Астана Халықаралық форумы барысында өтті.

Жол картасына «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев, «Power China» уәкілетті өкілі Чэн Чэн және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қол қойды.

«Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын келешекте кеңейте отырып, салу» жобасы іске асырылып, нысан 2022 жылдың жазында пайдалануға берілді. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Power China» компанияларының бірлескен жұмысы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болды.

2023 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Power China» арасында Шелек дәлізіндегі ЖЭК жобасын 810 МВт-қа дейін кеңейту бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сол кезде тараптар Алматы облысында қуаты 310 МВт болатын ЖЭС, ГЭС гибридті станциясын салуға және өңірде қуаты 500 МВт жел электр станциясын салуға байланысты жобаларды іске асыру арқылы жобаның бірінші кезеңін 810 МВт-ға дейін кеңейту мүмкіндігін толық зерделеуге ниет білдірді.

ҚДБ Алматы ЖЭО-2 жаңғырту үшін қаржыландыру ашады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) «Алматы электр станциялары» АҚ-мен (бұдан әрі – АлЭС) кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Басқа кредиторлармен – Азия даму банкімен және Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе бөлінетін қарыз қаражаты Алматыдағы Жақұтов атындағы №2 ЖЭО жаңғыртуға жұмсалады.

Аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған жобаны іске асыру нәтижесінде осы ЖЭО жабдығының белгіленген электр қуаты 510 МВт-тан 600 МВт-қа дейін, ал жылу қуаты-957 Гкал-ға дейін өседі.

Бұл ретте станцияны отынның неғұрлым экологиялық түріне – тас көмірдің орнына табиғи газға ауыстыру станцияның қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша атмосфераға күкірт диоксиді мен күл (шаң) шығарындыларының бөлінуі  толығымен жойылады, ал көміртектің қостотығы (СО2) бір жарым есе азаяды.

«АлЭС квазимемлекеттік компания болғанымен, ҚДБ жобаға екі себеп бойынша қатысқалы отыр. Біріншіден, халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру негізінде. Екіншіден, жоба ЖЭО-ның қоршаған ортаға әсерін төмендету, сонымен бірге Алматы агломерациясын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру арқылы ESG қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл жобаның экологиялық әсері біздің қаржыландыру туралы шешім қабылдауымызда жоғары маңызға ие болды», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Елібаев.

 

АлЭС экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры Әсел Арғынбаева келесідей атап өтті: «Біз жоғарыда аталған жобаны іске асыру жұмысын жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі келісімге қол қою – құрылысты белгіленген мерзімде бастау тұрғысынан оны ілгерілету жолындағы маңызды қадам. Біз бірлесіп жұмыс істеудің жаңа сатысына көтерілеміз».

 

Кредиттік келісімге АлЭС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Амантайқызы Арғынбаева және ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Талғатұлы Елібаев қол қойды.

 

Алматы ЖЭО-2-ні салушы мердігермен келісімшартқа қол қойылды

Бүгін Алматы қаласында газбен жанатын жаңа Алматы ЖЭО-2-ні салушы мердігермен шартқа қол қойылды. EPC-келісімшарт жобалау, жабдықты жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары, пайдалануға беру сияқты жұмыстың толық циклінің орындалуын білдіреді. Жаңа станция жұмыс істеп тұрған ЖЭО алаңына салынады, онда бүгінгі күні негізгі отын ретінде көмір, ал іске қосар кезде  мазут пайдаланылады.

Жаңа газ-турбиналық ЖЭО-ны салушы мердігер энергетика саласындағы «Dongfang Electric International Corporation», «Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd», «Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd» жобаларын іске асыруға мамандандырылған үш ірі қытайлық компаниялар консорциумы болды. Консорциум  дегеніміз – компаниялар одағы, олардың біріншісі – өнеркәсіптік жабдықтардың ірі өндірушісі, екіншісінің  жобаларды ЕРС-шарттары бойынша іске асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалау жұмыстарына маманданған компания.

Бұл таңдау «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, жаңғырту» жобасы шеңберінде Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) халықаралық стандарттары мен қағидалары бойынша өткен екі кезеңді ашық халықаралық тендердің қорытындыларымен айқындалды.  Естеріңізге сала кетейік, EPC мердігерін анықтауға арналған тендер өткен жылдың қазан айында жарияланған болатын. 2023 жылдың қаңтарында конкурстың 1-кезеңіне қатысушылардың өтінімдері (біліктілікті іріктеу) ашылды. Барлығы 6 қатысушыдан өтінімдер келіп түсті. Тендердің 2-кезеңі аясында екі өтінім қаралды. Нәтижесінде, ЕҚДБ ережелеріне сәйкес, конкурс өтті деп саналады және банк 2023 жылдың мамыр айының соңында оның жеңімпазы – үш қытайлық компанияның консорциумын растады.

news se 31 05 23 2

EPC-келісімшартқа қол қою Алматы ЖЭО-2 аумағында, жаңа станцияға бөлінген жерде өтті. Іс-шара «Самұрық-Қазына» қоры, ҚР-дағы ҚХР Елшілігі, ҚР Энергетика министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Энерго»АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Тапсырыс беруші тарапынан келісімшартқа «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) Басқарма Төрағасы Еран Қырқынбаев, мердігер тарапынан – Цзян Лисян мырза, «Dongfang Electric International Corporation» компаниясының халықаралық маркетинг бөлімі бас директорының орынбасары қол қойды.

Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасына сәйкес электр қуаты 600 МВт-ға дейінгі және жылу қуаты 957 Гкал/сағ дейінгі газ турбиналы ЖЭО салу көзделіп отыр. Станцияға газ турбиналық блоктардың корпусы мен су жылыту қазандығы кіреді.Жобаның мақсаты - ЖЭО-2-ні табиғи газды жағуға ауыстыру есебінен станцияның Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерін азайту. Жобаны аяқтау және станцияны пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсанына жоспарлануда.

news se 31 05 23 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаевтың айтуынша, Алматының екі станциясы – ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылғаннан, қайта жаңартылғаннан және газға ауыстырылғаннан кейін қала атмосферасына зиянды заттардың шығарындылары 92%-ға төмендейді. Төмендеуге Еуропалық одақтың талаптары деңгейінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қамтамасыз ететін тиімді газ турбиналы қондырғыларда табиғи газды пайдалану есебінен қол жеткізілетін болады. Сонымен қатар, көмірдің негізгі отынын газға ауыстыру нәтижесінде күл-қож қалдықтарының түзілуі мен көмілуі алынып тасталады. Қолданыстағы күл үйіндісінің орнында өндірістік ағындарды кәдеге жарату үшін булану алаңдары көзделеді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының айтуынша, жоба Қазақстанның оңтүстік аймағындағы электр қуаты нарығының тапшылығын жабуға бағытталған.

2022 жылдың қарашасында станция иесі АлЭС пен ЕҚДБ арасында Жобаны қаржыландыру туралы несиелік келісім жасалды. Жалпы, жобаны қаржылық қолдауды ЕҚДБ-дан басқа Азия Даму Банкі (АДБ) және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) кіретін халықаралық және қазақстандық қаржы құрылымдары жүзеге асыратын болады. АДБ және ҚДБ-мен тиісті құжаттарға қол қою 2023 жылғы маусымға жоспарланып отыр. Қаржыландыру «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік кепілдіктерімен жүзеге асырылады, бұл сарапшылардың бағалауы бойынша тәуекелдерді азайтуға және кредиттеу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.

news se 31 05 23 2

Анықтама үшін:

Алматы ЖЭО-2 – белгіленген электр қуаты 510 МВт, жылу қуаты – 1411 Гкал/сағ болатын электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі жылу станциясы. Станция орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының шамамен 70%-ын және Алматы электр энергиясының 50%-ын қамтамасыз етеді. ЖЭО-2«Алматы электр станциялары» АҚ-ға тиесілі.

«Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. АлЭС Алматы өңірі тұтынушыларының шамамен 70% - ын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.   Компания құрамында ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы ГЭС каскады, «Энергожөндеу» ӨТБ, ОҚжТО.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ бес халықаралық стандарт бойынша сертификаттау аудитінен өтті 

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы корпоративтік менеджмент жүйесінің төмендегідей халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне қатысты алғашқы сертификаттау аудитінен сәтті өтті:

- ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйелері»;

- ISO 45001 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі»;

- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі»;

- ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;

- ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері».

Бұл энергетика саласы бойынша бес халықаралық стандартқа сәйкес топтық сертификаттау жүргізудің алғашқы шараларының бірі.

Сертификаттау аудитін MS Certification Services сәйкестігін растау жөніндегі тәуелсіз халықаралық орган халықаралық деңгейдегі аудиторларды тарта отырып жүзеге асырды, оның жетекшісі А.К. Гарг мырза болды.

Аудит компаниялар тобының мынадай активтерін қамтыды: «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы.

Менеджменттің корпоративтік жүйесі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы кәсіпорындар қызметін тиімді және транспарентті басқару үшін енгізілген болатын. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік менеджмент жүйесі орнықты даму тұжырымдамасына бағдарланған және сапалы басқару, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл сияқты өзара жүйелене топтастырылған бағыттарды қамтиды.

Мұның бәрі, сайып келгенде, менеджменттің бірыңғай корпоративтік жүйесінің неғұрлым сапалы деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ компаниялар қызметінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.