«Самұрық-Энерго» АҚ холдингтің жұмысы жайлы «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесінің отырысында баяндады 

Бүгін Алматы ЖЭО-2 алаңында «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Аталған іс-шара ашық түрде, көптеген БАҚ өкілдерінің қатысуымен болды. Қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлер мен сарапшылардың қозғаған басты тақырыбы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жұмысы. Алматы қаласы мен Алматы облысын электр қуатымен қамтамасыз етуші холдинг басшысы Серік Түйтебаев отырыста Қазақстанда электр станцияларының жұмыс істеу қабілеті сарқылды деп мәлімдеді.  Оның айтуынша елімізде,  2029 жылға қарай 3 ГВт-дан астам электр қуатының тапшылығы орын алуы мүмкін. Өйткені елде электр қуатына деген сұраныс күннен күнге артуда. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 9,4%-ға өскен.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы елдің электр қуатына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауқымды энергетикалық жобалардың, электр қуатына белгіленген тарифтердің төмен болуына байланысты орын алған, қаржыландырудың жетіспеушілігінен іске асырылу қарқыны төмен екендігін алға тартты. Сол себептен бүгінде жұмыс істеп тұрған ЖЭО-лардың жүктемелері артып, нәтижесінде нысандардың жабдықтары жылдан жылға тозып келеді. Соңғы жылдары болған Екібастұз, Рудный, Риддер, Теміртаудағы апаттар станциялардың жұмыс істеу қабілетінің таусылғанына дәлел.

Оның айтуынша, тарифтерді тежеу саясаты жылу энергиясын өндірушілерді шығынға батырады. Мысалы, Алматыдағы «АлЭС» компаниясының шығыны соңғы 5 жылда шамамен 6 млрд теңгені құрады. Көбінесе электр станцияларының электр энергиясын өндіру үшін жағатын көмірге төлейтін қаражаты жоқ. ҚР энергия өндіруші ұйымдарының «Богатырь Көмір» ЖШС алдындағы жалпы берешегі шамамен 6,4 млрд теңгені құрайды. Бұған қоса, сыртқы саяси жағдайға байланысты жабдықтардың бағасы одан әрі өсті. Мысалы, бу қазандықтары мен құбыржолдарға арналған құбыр екі жылдың ішінде 3,5 есе қымбаттады. Энергетикалық объектілерді жеткіліксіз мөлшерде қаржыландыру, сайып келгенде, саланың құлдырауына және экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ете алмауына әкеп соғады.

«Самұрық-Энерго» электр қуатына деген қажеттілік мәселелерін Алматы ЖЭО-ны жаңғырту және реконструкциялау, Екібастұз энергия торабында жаңа энергия блоктарын іске қосу және жиынтық қуаты 4,1 ГВт жаңа көмір электр станциясын салу сынды ауқымды энергетикалық жобаларды іске асыру арқылы шешпек.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Алматы ЖЭО-2 алаңында жабдықтарды жеткізу, жаңа газ станциясын жобалау және салу бойынша мердігер айқындалатын болады.

Электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, ашық халықаралық тендердің бірінші кезеңі барысында 6 өтінім келіп түсті. Оның ішінде екінші, қорытынды кезеңге 2 өтінім (компания) өтті. ЕРС-мердігерді таңдау бойынша халықаралық, екі кезеңдік конкурс Еуропа Қайта құру және Даму банкінің ережелеріне сәйкес өткізіледі. EPC-мердігерді таңдаудың техникалық сипаттамасы мен EPC-келісімшарт жобасы FIDIC (Халықаралық инженер-консультанттар федерациясы) «сары кітабы» бойынша әзірленді.

Тендердің жеңімпазы биылғы жылдың екінші тоқсанында анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың тамызына болжанып отыр.                                                                                                     

Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Серік Түйтебаев электр энергетикалық холдингтің «жасыл» активтері жеке компания болып бөлініп, «Qazaq Green Power» атты жаңа энергетикалық компания  құрылды деп мәлімдеді. Жаңа компания АХҚО юрисдикциясында 2022 жылғы 4 қарашада тіркелген. 2024 жылы оны IPO-ға шығару жоспарлануда. Серік Түйтебаевтың пікірінше, «жасыл» компанияны құру ЖЭК-ті дамытуға инвестиция тартады, жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құрады, бірыңғай холдингте «жасыл» активтерді шоғырландыру нәтижесінде дәстүрлі генерациямен қарама-қарсы субсидиялау тәуекелдерін азайтады.

Алдағы жылыту маусымына энергетиктер қандай дайындықпен келмек?           

«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергетикалық кешенінің электр энергетикалық кәсіпорындары 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту кезеңін аяқтауда. 

Маусым бойы станциялар Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұрғындарына жылу және электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етті. Алайда, республиканың бірқатар қалаларындағы ЖЭО-лар мен жылу желілерінде қыс бойы орын алған апаттар «Самұрық-Энерго» энергетиктерінің де барынша алаңдаушылығын туғызуда.

«АлЭС» АҚ өкілдері атап өткендей, күз бен қыстың оңайға соқпағанына қарамастан, компания кәсіпорындары жылу энергиясын тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде босатты. 20-ға жуық қазандық агрегаты мен 13 бу турбинасы үздіксіз жұмыс істеп тұрды. Осы кезеңде 2,9 млрд квт*сағ электр энергиясы және шамамен 4,7 млн Гкал жылу энергиясы өндірілді.

«АЖК» АҚ энергия беруші компаниясы осы кезеңде ұзындығы 2 мың км-ден асатын әуе және кабель желілерінде жұмыстар жүргізіп, 900 бірліктен астам күштік трансформаторлар мен қосалқы станциялардың жабдықтарына жөндеу жүргізді, энергия шаруашылығындағы 70-тен астам нысанды жөндеді. Компания қызметкерлері электр станцияларының дұрыс жұмыс істеуіне жәрдемдесіп, электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергетикалық кешенінің мамандары жаңа қуаттарды енгізу қарқынының төмендігі және қолданыстағы өндіруші көздердің қауіпсіздік қоры деңгейінің төмендеуі салдарынан жинақталған проблемаларға байланысты дабыл қағуда. Бүгінгі таңда «АлЭС» АҚ станцияларында негізгі жабдықтың тозу деңгейі 78,7%-ды құрайды.

Сала сарапшыларының айтуынша, Қазақстандағы энергия өндіруші ұйымдарда күрделі жөндеу жүргізуге, күл үйінділерін салуға және негізгі активтерді реконструкциялауға, жаңғыртуға, кеңейтуге, жаңартуға қаражат жетіспейтіні байқалады. Генерациялаушы жабдықтарды өндірушілермен тарихи қалыптасқан технологиялық байланыстар үзіліп, дүние жүзі бойынша орнаған геосаяси жағдайға байланысты мәселелер ушығып барады. Мұның бәрі, сайып келгенде, энергия өндіруші ұйымдар үшін шығындардың өсуіне әкеледі. Мысалы, бу қазандықтары мен құбырларға арналған құбырдың құны екі жылдың ішінде 236% - ға өскен.

Бұл орайда, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының энергетиктері қиындықтарға қарамастан, өнім берушілердің алдындағы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде жалғастыруда әрі үздіксіз орындауда. Өткен қыста республиканың бірқатар қалаларында жылу көздерінде орын алған белгілі дағдарыстық жағдайлар кезінде электр энергетикалық холдинг компанияларының мамандары Екібастұз қаласындағы, сондай-ақ Қарағанды ЖЭО-1, ЖЭО-3, Қарағанды МАЭС-1, Теміртау қаласындағы ЖЭО-2, Балқаш ЖЭО-дағы апаттарды жоюға және энергия көздері мен жылу орталықтарын техникалық тексеруге көмек көрсетті.  «Самұрық-Энерго» АҚ бүгінде Семей қаласында ЖЭО-3-ті салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісті.

Әлеуетті өнім берушілер үшін ақпарат

Әлеуетті өнім берушілер үшін ақпарат

«Самұрық-Энерго» АҚ 2023 жылдың 20 наурызында Қордың алдын ала біліктілік бойынша іріктеу Комиссиясымен, білікті өнім берушілер арасында «электр және жылу энергиясын табиғи газдың негізінде өндіретін электр станциясының толық құрылысын жүзеге асыру» жөнінде сатып алу санаты бекітілді. Жобаға тапсырыс беруші -  «Алматы электр станциялары» АҚ. 

 Алдын ала біліктілік іріктеуінен өту үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның электрондық сатып алу порталына zakup.sk.kz тіркеліп, аталған санат бойынша өтінім беру қажет. Әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілік іріктеуін «Самұрық-Қазына Котракт» ЖШС жүргізеді.   

Толығырақ сілтемеден біле аласыз: https://www.samruk-energy.kz/ru/ob-yavleniya-o-provodimykh-zakupkakh/1265-ao-samruk-energo-informiruet-chto-20-marta-2023-goda-komissiej-fonda-po-voprosam-predvaritelnogo-kvalifikatsionnogo-otbora-utverzhdena-kategoriya-realizatsiya-krupnogo-investitsionnogo-proekta-po-stroitelstvu-pod-klyuch-elektricheskoj-stantsii-na-prirodnom-gaze-po-vyrabotke-elektricheskoj-i-teplovoj-energii

«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы Қазақстанда 1,2 млрд теңгеге 8 аутизм орталығын ашады

Биыл «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоры бірлесе, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 8 орталық ашып, 1000 баланың еміне жағдай жасалмақ. Олардың алғашқылары Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай Шымкент және Павлодар қалаларында сәуірдің 2-3 күндері ашылды.

news 04 04 23 2

«Қазіргі таңда аутизм спектрі бұзылған балалар тәрбиелеудегі ата-аналарға мамандардың көмегі қолжетімсіз немесе қалтасы көтермейді. «Қамқорлық» орталықтарының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға олар тұратын жерде ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларына осындай маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріне алғысымызды айтамыз», - деді «Қамқорлық қоры» директоры  Арайлым Еркінова. Орталықтың ашылу салтанатында жергілікті әкімдіктің, «Қазақстан халқына» қорының, «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдерімен қатар «Самұрық-Энерго» өкілдері – ГРЭС-1, ГРЭС-2 басшылары да қатысты.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Орталықтарды жабдықтауда аутист балалармен жұмыс істеу ерекшелігі ескеріліп, ең замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. EN және ISO халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін берік, қауіпсіз және жылжымалы жиһаз қолданылады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Әлемдік тәжірибеде аутист балаларды оңалту жұмыстарында робототехника кеңінен  қолданылады. Барлық бала мұғалім нұсқауын орындай бермейді. Өйткені мұндай іс-қимыл олардың кейбірі үшін жайсыз тікелей көз байланысын қажет етеді. Ал роботтар бұл ыңғайсыздықты жояды. «Қамқорлық» орталығында Nao және Furhat атты роботтар мамандарға балаларды тұрмыстық дағдыларға үйретуге, диалог құруға, зейінді дамытуға арналған жаттығулар өткізуге, сондай-ақ кеңістіктегі қозғалысқа көмектесетін болады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Құрамына «Самұрық-Энерго» АҚ кіретін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының игі жобаларын жүзеге асырушы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жыл соңына дейін аутизм орталықтарын Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында ашуды жоспарлап отыр. Бұл ұйымдарда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мамандардың көмегін тегін ала алады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, Шымкентте аутизм спектрі бұзылған 220-дан астам, Павлодар облысында 300-ден астам бала тіркелген.

news 04 04 23 2

Самұрық-Энерго Семей қаласындағы жаңа ЖЭО-ның ТЭН-ін әзірлеуде 

«Самұрық-Энерго» АҚ Семей қаласында 3-ЖЭО салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге кірісті.

Қазақстандық электр энергетикалық холдингі жаңа ЖЭО-ны жобалау бойынша жұмыстарды Абай облысының проблемалық мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Самұрық-Қазына» қорының тапсырмасы бойынша жүргізеді.

Абай облысы әкімдігінің алдын ала деректеріне сәйкес Семей қаласындағы ЖЭО техникалық сипаттамалары мынадай параметрлерге сәйкес болуы тиіс: электр қуаты – 320 МВт; жылу қуаты – 1200 Гкал/сағ. Алайда, жаңа станцияның қорытынды сипаттамалары ТЭН әзірлеу кезінде айқындалатын болады.

ЖЭО-ны салу қажеттілігі Семей қаласының Облыстық орталық мәртебесін алуына және қала инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын өзектендіру бойынша әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты. Әкімдіктің ақпараты бойынша, Семей қаласының оң жағалауындағы қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесінің әлеуеті іс жүзінде таусылды. Облыс орталығының жаңа мәртебесіне сай Семей қаласының даму мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу көзін салу қажет.

«Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының айтуынша, ЖЭО-3-ны салу тиімді пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, ҚР табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына жауап беретін ең үздік қолжетімді технологиялар базасында жүзеге асырылатын болады.

Қуаттарды өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің жоспарланған мерзімі ТЭН әзірленгеннен кейін айқындалады.

«Самұрық-Қазына» қоры тобындағы компанияларда жарақаттану деңгейі 16 пайызға қысқарды

2023 жылдың 10-наурызында «Самұрық-Қазынада» Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті ашық отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы – Қор компаниялары тобындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі.

Жиынға қазақстандық қоғам белсенділері, саясаткерлер мен сарапшылар қатысып жатыр. Олардың сұрақтарына «Самұрық-Қазына» қорының Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жауап берді. Отырысқа БАҚ назары бірден ауды. 

Қызметкерлердің денсаулығы – басшылықтың жеке жауапкершілігінде

Ауғановтың айтуынша, былтыр «Самұрық-Қазына» тобында өндіріс қауіпсіздігі бойынша алғашқы мамандандырылған форум өтті. Жиында қор өзіне қарасты 13 ірі компания басшыларына қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығына жеке өздері жауапты екенін ескертті. Жыл бойы мұндай еңбекті қорғауға қатысты іс-шаралар «Қазақтелеком», KEGOC, QazaqGaz және SK Ondeu компанияларында да алғаш рет өткізілді. Онда еншілес ұйымдардың, филиалдардың және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды. 2022 жылы жүргізілген жұмыстың арқасында Қор тобы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді.

Өндіріс қауіпсіздігіне жауапты «Самұрық-Қазына» компанияларының 1-деңгейдегі бас директорлары өндіріс орындарын кемінде 2 айда бір рет тексеруге міндетті. 2022 жылы олар 43 тексеру жүргізген.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың арқасында Қор тобы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді. LTIF мүгедектік жарақаттарының жиілік коэффициенті 0,16 болса, өлім деңгейі 11 пайызға төмендеді.

Үздік халықаралық стандарт бойынша оқыту

«Самұрық-Қазына» тобында өндіріс қауіпсіздігін жақсарту мақсатында оқыту тренингтері, семинарлар тұрақты түрді өткізіліп тұрады. Оның мақсаты – қызметкерлер мен жетекшілер қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарап, мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетіп, үлгі болу. Оқыту Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, өндіріс және өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасымен шектеліп қалмай, сонымен қатар заманауи халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

98 қызметкер Ұлыбританиядағы Еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан кеңесінің (NEBOSH) курсынан өтіп келді. Британиялық Қауіпсіздік және еңбекті қорғау институтының (IOSH) курсын 286 қызметкер оқып келді. Тағы 2430 қызметкер ұқыпты жүргізу курсын аяқтады.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» корпоративтік оқыту курсын әзірледі, оған британиялық IOSH оң бағасын берді. Қор өндірісте жұмыс істейтін барлық қызметкерді аталған курс бойынша оқытуды жоспарлап отыр.

Оған қоса еңбекті қорғау саласындағы тәжірибе алмасу қор тобындағы компаниялармен шектелмей, Қазақстанның басқа да жетекші компанияларымен тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Жақында «Самұрық-Қазына» қорының өндіріс қауіпсіздігі қызметінің мамандары «Теңізшевройл», North Caspian Operating Company, Karachaganak Petroleum Operating компанияларындағы әріптестеріне барып қайтты. Тәжірибе алмасу аясында «Қазпошта» қызметкерлері «Сауда-көлік компаниясында» болды. АлЭС қызметкерлері «СКЗ-U» ЖШС энергетика кешенінде электр қауіпсіздігімен танысты.

Сондай-ақ Қор компаниялары тобында жарақаттануды азайтуға және өнеркәсіптегі апаттарды болдырмауға бағытталған цифрлық шешімдер мен автоматтандырылған жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Болуы мүмкін төтенше жағдайды жою үшін портфель компаниялар оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулар өткізіп жүр.

Сарапшылар пікірі

Еңбек қауіпсіздігі тақырыбы мамандар мен қоғам белсенділерінің қызығушылығын тудырды. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов көптеген өндірушінің жұмысы денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өтті. Ғибрат Ауғанов «Самұрық-Қазына» Қор тобының әрбір компаниясында  жазатайым жағдайдан сақтандырудың тиімді жүйесі болуын бақылайтынын жеткізді.

Bureau Veritas компаниясының қызметкері Асқар Аманбай «Самұрық-Қазына»  тобының еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығы қандай деңгейде екенін сұрады. Ғибрат Ауғанов холдинг компанияларының әрқайсы шетелдік серіктестермен ұдайы тәжірибе алмасып отыратынын білдірді. Мысалы, ҚТЖ Халықаралық теміржолдар одағымен, мұнай-газ компаниялары және бизнестегі шетелдік серіктестермен байланыста екенін атап өтті.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Әлімжан Бекмағамбетов «Самұрық-Қазынаға» еңбекті қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені ғана емес, қазақстандық мамандардың еңбектерін де пайдалануды ұсынды. Ғибрат Ауғанов Қордың жаңа ұсыныстарға ашық екенін және отандық сарапшылармен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Болат Жәмішев оларға Қор тобының еңбекті қорғау саласындағы іс-шараларына тәуелсіз сараптама жүргізуді ұсынды.

«Еңбекті қорғау мәселесіне көп көңіл бөлу керек. Бір орында тоқтап қалуға болмайды. Қауіпсіздік шараларын күнделікті ескеру маңызды. Бұл «Самұрық-Қазына» қоры жұмыс істейтін ESG қағидаттарына сәйкес келеді. Біз еңбек қауіпсіздігіне қатысты инвестициялардың деңгейі мен бағыттары туралы нақты шешім қабылдайық. Мәселен, жаңа техникалық жабдықты сатып алу жолдары. Біздің тәжірибеде осындай инновациялық шешімдердің сәтті шыққандары аз емес. Бұл ретте біздің кәсіпорындарда ғана емес, мердігер ұйымдарда да еңбекті қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет», - деп түйіндеді Қоғамдық кеңес төрағасы, «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары HR-мамандарының бейресми кездесуі

Алматы қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниялары («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС)  HR-мамандарының бейресми кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қордың HR-басшылығы атынан Э.Р. Каримова Қордың жаңа Кадрлық саясатын ұсынды. Еншілес компаниялардың HR-мамандары кадр саясатының жаңа бағыттарымен және негізгі міндеттерімен, сондай-ақ Қордың  жаңа корпоративтік құндылықтарымен (HIT) танысты. Қор өкілдері кездесуге қатысушылардың ПЖКР-дың жұмысқа орналасуы, жалақыны көтеру, мораторий белгілеуге қатысты және т. б. сұрақтарына жауап берді.

Осы кездесуге қатысушылар «Samruk Business Academy» ЖМ директоры Ш.К.Жұмағазиева ұсынған жаңа өнімдерге: HR School, IR School, PR School және т.б. қызығушылықтарын білдірді.  

Жаңа үрдістермен және үздік HR-тәжірибелермен танысу мақсатында біздің еншілес компанияларымызға жыл сайынғы HR конференциясына қатысу мүмкіндігі берілді, сондай-ақ «Samruk Business Academy» ЖМ-мен жемісті ынтымақтастықта болу ұсынылды.

Тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл үшін Қор бастамасы бойынша ЕТҰ қызметкерлері мен Қордың HR басшылығы қатарынан ортақ чат құру туралы шешім қабылданды. «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ HR мамандарымен және Қордың HR басшылығының қатысуымен өткізілген бейресми кездесу барысында Қордың жаңа Кадрлық саясаты ұсынылды.

Samruk-Green Energy «ECOJER» қауымдастығының базасында

«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымындағы компания «Samruk-Green Energy» ЖШС өзінің күн электр станциясын I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында тіркеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымындағы компания «Samruk-Green Energy» ЖШС өзінің күн электр станциясын I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында тіркеді.

«Samruk-Green Energy» ЖШС жасыл энергетика саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорын бола отырып, ел экономикасына, қоршаған ортаға және қоғамға әсер етудің маңыздылығын түсінеді.

Осы мақсатпен Samruk-Green Energy-де мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтауға, басқаруда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға ықпал етуге мүмкіндік беретін орнықты даму қағидаттарын үздіксіз ұстану жүйесі енгізілді. Бұл ұйымға ұзақ мерзімді перспективада құнның тұрақты өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің артуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ESG (Environmental, Social, Governance) қағидаттарын қолдау шеңберінде Samruk-Green Energy I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында төрт станцияны тіркеді.

I-REC сертификаттары жаңартылатын көзден электр энергиясын өндіру фактісі туралы ақпаратты растайды және сертификат сатып алушылар үшін де, электр генераторлары үшін де пайдалы болуы мүмкін.

I-REC сертификаттарын сатып алатын компаниялар электр энергиясын өндіруге байланысты парниктік газдар шығарындыларын азайтуды мәлімдей алады. Өз кезегінде, жасыл электр энергиясын өндіретін ұйымдар қаржылық қолдаудың жаңа нарықтық механизмін алады.

I-REC сертификаттары The International RAC Foundation әзірлеген халықаралық стандарт негізінде шығарылады және оны GHGP, CDP, RE100, ISO және т. б. таниды.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы компанияның Екібастұз энергия кешенінде

«Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз энергия кешені Қазақстанның энергетика саласының үш маңызды кәсіпорнын – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ны, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС-ны қамтиды.

Осы күндері «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Түйтебаев жұмыс сапарымен осы компаниялардың өндірістік алаңдарын аралады.

Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдингтің басшысы кәсіпорындардың ағымдағы қызметімен, электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйімен танысты. Энергетик мамандар 2022/2023 жж күзгі-қысқы жылыту кезеңінен өту жағдайындағы станциялардың жұмысын, сондай – ақ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын  арнайы тақырып етіп талқылады. Өздеріңіз білетіндей, «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз ГРЭС-1-дің 8 энергия блогының соңғысын қалпына келтіруде және Екібастұз ГРЭС-2-де жаңа энергия блоктарын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізуде.

Маңызды жобалардың қатарында осы жылдың жазында «Богатырь Көмір» ЖШС-ның «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясының іске қосылуы да бар. Жаңа технология кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін арттырады.  Сонымен қатар, ол өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, теміржол вагондарына көмір тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиеу кезінде вагондардың айналым уақытын үш есеге қысқартады.

2022 жылғы қаңтар – желтоқсан айларындағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау

«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 35 884,4 млн.кВтсағ құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемі 275,1 млн. кВтсағ. Ұлғайды  немесе 0,8% құрады. Бұл туралы Компанияның сайтына орналастырылған Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар – желтоқсан айларындағы электр энергиясы мен көмір нарығына жасалған талдамалық есепте айтылды.

Жасалған талдауға сәйкес, жалпы алғанда ҚР барлық электр станциялары Жүйелік оператордың деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 112 865,9 млн.кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл 1 582,0 млн. кВтсағ-ға немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 1,4% - ға аз. Қазақстан БЭЖ-нің Солтүстік аймағы бойынша өндірістің азаюы байқалды.

Көрсетілген кезеңде республика бойынша электр энергиясын тұтыну динамикасында 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 945,7 млн. кВтсағ немесе 0,8% - ға төмендеу байқалды.

Есеп деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 113 931,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% - ға артық.

2022 жылғы 12 айда «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС 42 473,2 мың тонна өндірді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8% - ға аз (44 632 мың тонна).  2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сатылған көмір 42 409,4 мың тоннаны құрады, оның ішінде ҚР ішкі нарығына 32 324,9 мың тонна және экспортқа (РФ) – 10 084,5 мың тонна сатылды.

ЖЭК (күн электр станциялары, жел, биогаз қондырғылары, шағын ГЭС) пайдалану бойынша Қазақстандағы объектілердің электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 642,7 млн. кВтсағ құрады. 2021 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда (4163,6 млн.кВтсағ) өсім 854,2 млн. кВтсағ немесе 20,5% құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК (СЭС, ЖЭС, шағын ГЭС) нысандарының электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 417,5 млн.кВтсағ құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен (310,2 млн. кВтсағ) салыстырғанда 34,6% - ға жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясының үлесі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 8,3%  құрады, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 7,5% құраған болатын.

Қазақстандағы Электр энергиясы мен көмір нарығын талдаудың 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы толық ақпаратымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/kz/press-center/analytical-review

 

Алматыда энергетикалық жобаларды талқылады

Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы бойынша 2023 жылдың ақпан айында жаңа бу-газ қондырғысын салуға арналған тендердің бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылатын болады. Осы жылы станцияда мердігер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 2025 жылы жиынтық қуаты 543,6 МВт болатын екі бу-газ қондырғысын іске қосу арқылы Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту аяқталады. 2023 жылғы желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт қалпына келтірілген № 1 энергия блогын пайдалануға беру жоспарланып отыр және екі жаңа энергия блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады. Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы бойынша жобалау алдындағы іс-шаралар басталды.

Энергетика саласындағы аса маңызды жобаларды іске асыру «Самұрық-Қазына» Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергокешенінің кәсіпорындарына жұмыс сапары барысында Алматы қаласында өткен кеңестің талқылау тақырыбына айналды.

Қор басшысының айтуынша, энергетика ел экономикасын дамытудың негізгі факторы болып табылады және еркін энергетикалық қуатсыз Қазақстан индустрияны да, экономиканың басқа маңызды секторларын да дамыта алмайды.

Кеңес барысында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының – «Алматы электр станциялары» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылары қазіргі кезде өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше жобаларды кеңінен таныстырды. Бұдан басқа, Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін сыртқы газ инфрақұрылымы құрылысының барысы туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдері баяндады.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Серік Түйтебаевтың айтуынша, еліміздің энергетикасындағы негізгі инфрақұрылымдық жобалар Екібастұз бен Алматы энергокешендерінде жүзеге асырылуда. Бірқатар жаңа нысандар қазірдің өзінде пайдалануға берілді, басқалары бойынша іске асыру мерзімі 2030 жылға дейінгі кезеңге болжанып отыр, оның ішінде: 

-Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, ГРЭС-1-де №1 энергия блогын қалпына келтіру. Жоба станцияның қуатын жобаланған 4000 МВт-ға дейін арттырады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау және блокты пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

- №3 энергия блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау. Жаңа энергия блогының құрылысы станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және жылына қосымша 4,8 млрд.кВтсағ энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Іске асыру мерзімі - 2026 жылға дейін.

         - №4 энергия блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау. Жоба станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайтуға және жылына қосымша 4,8 млрд.кВтсағ өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі - 2027 жыл;

          - №5 және № 6 энергия блоктарын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау, 2029-2030 жж.;

- Екібастұз ГРЭС-3-ті салу. Қолда бар инфрақұрылымды пайдалана отырып және қоршаған ортаға ластаушы шығарындыларды азайту үшін жаңа технологияларды қолдану арқылы параметрлері жоғары 1200 МВт жаңа станцияның жобасы. Іске асыру мерзімі. 2028-2029 жж;

- Алматы қаласы мен Алматы облысының кабельдік желілерін реконструкциялау. Жобаны аяқтау кабельдік желілердегі шығынның азаюына және апаттық істен шығудың қысқаруына әкеледі. Жобаны кезең-кезеңмен іске асыру 2030 жылға дейін көзделген;

- Шелек энергия торабының желілерін дамыту. Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бұл жоба өңірдің ЖЭК объектілерін салуда өңірдің әлеуетін пайдалану үшін Шелек энергия торабының желілік шаруашылығының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. 2025 жыл;

- Іле өзенінде қарсы реттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу. Жобаны іске асыру Қапшағай СЭС-інің реттегіш қуатын 80-нен 150 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жыл;

- Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту. Ескі алаңда жаңа станция салу ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру есебінен Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ашық екі сатылы халықаралық тендер жарияланды. ЕҚДБ-мен жобаны қаржыландыру туралы Кредиттік келісімге қол қойылды. Сәуірде АДБ-мен және ҚДБ-мен кредиттік келісімдерге қол қою жоспарлануда. 2026 жыл;

- Станцияның қуатын 544 МВт-ға дейін ұлғайту арқылы БГҚ негізінде Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту. Жоба Қазақстанның оңтүстік аймағындағы маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу үшін станцияда бу-газ жабдығын орнатуды көздейді, сол арқылы өңірде ЖЭК-ті дамытуға серпін береді. 2025 жыл;

-  «Қаскелең» ҚС АТҚ-ға қосылу арқылы «Көкөзек» қосалқы станциясын салу. Бұл жобаны іске асыру Алматы облысы Қарасай ауданының индустриялық аймағын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жыл.

Кеңесте технологиялық, рәсімдік және қаржылық аспектілерден бөлек проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Қор басшысы қысқа мерзімде орындау үшін бірқатар тапсырмалар берді.