«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 27 мамырдағы шешімімен 7 адамнан тұратын «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы белгіленді:

  1. Казутин Николай Юрьевич – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  2. Репин Алексей Юрьевич – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  3. Жәркешов Ернар Серікбайұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  4. Есімханов Сұңғат Қуатұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы;
  5. Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  6. Огай Валерий Дмитриевич – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  7. Садықов Рүстем Ғалымұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы шешімі 2022 жылғы 24 маусымда қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанның энергетикалық нысандары жаңа жылыту маусымына дайындыққа көшті.

Ел өңірлеріндегі жылыту маусымы аяқтала салысымен «Самұрық-Энерго» АҚ- ның барлық энергетикалық кәсіпорындары 2022-2023 жылдың жаңа күзгі-қысқы жылыту маусымына (КҚЖМ) дайындықты бастап кетті.

Өткен күзгі-қысқы жылыту маусымында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр станциялары міндеттелген барлық электр және жылу жүктемелерінің кестесін толық көлемде орындағанын айта кеткен жөн. Жылу желілерінің температуралық кестеден ауытқымауы қамтамасыз етілді. Тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз жеткізумен қатар көмір тиеу де толық көлемде жүзеге асты.

2022 жылдың жөндеу науқаны барысында электр энергетикалық холдингтің энергия өндіруші ұйымдарының 9 қуат блогына, 13 құбыр агрегатына, 20 қазандық агрегатына, 21 сужылыту қазандығына, 19 су агрегатына және ЖЭО-2-нің 2 жылу магистраліне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда станцияның 84 негізгі жабдығы жөндеуден өтеді.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын таратушы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 191 км кабельдік, 1877 км әуе желілері, 35-220 кВ 205 қосалқы станциясы, 745 трансформаторлық қосалқы станция, 942 таратушы орталықтары мен 71 ғимаратында жөндеу жұмыстары жоспарланған.

2021-2022 жылғы жылыту маусымы барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық кәсіпорындары 21,2 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 27,0 млн тонна көмір сатқанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, 5,1 млн Гкал жылу энергиясы босатылды, 4 210,6 млн кВтс электр энергиясы жеткізіліп, 3 602,6 млн кВтс электр энергиясы сатылды.

Өзбекстан Республикасына Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станцияларынан 592,8 млн. кВтс көлемінде электр энергиясы экспортталды.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес, 2021-2022 жылдың жылыту маусымы төмендегі мерзімдерді қамтыды:

Павлодар облысы: 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 2022 жылдың 27 сәуіріне дейін;

Алматы облысы: 2021 жылдың 2 қазанынан 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін.

Қазақстанның ең негізгі электр энергиясын өндірушісіне 15 жыл!

10 мамырда Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші және көмір жеткізуші – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 15 жыл толады.

Бұл күні 2007 жылы бұрыннан бар қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру үшін құрылған «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы әділет органдарында тіркеуден өтіп, өзінің өндірістік қызметін бастады.

Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг. Оның қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде отандық энергетиканың көшбасшылары – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, ірі көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, жел және күн электр станциялары кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.

Төменде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 15 жылдық мерейтойына орай оның қызметі туралы 15 негізгі дерек келтірілген, олар Қазақстан экономикасы мен халқы үшін электр энергетикалық холдингтің қаншалықты маңызды екендігін көрнекі түрде көрсетеді.

  • «Самұрық-Энерго» АҚ - республикадағы электр энергиясын өндірудегі көшбасшы компания. Компанияның электр энергиясын өндіру үлесі 31,4%-ды құрайды. Самұрық-Энерго негізгі электр энергиясын өндіруші ретінде қазақстандық тұтынушыларды, оның ішінде – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Екібастұз, Көкшетау қалаларын, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарын және елдің басқа өңірлерін электрмен сенімді және тұрақты қамтамасыз етеді.
  • Самұрық-Энерго - Қазақстанда көмір өндіру бойынша да көшбасшы компания, оның көмір өндірудегі үлесі - шамамен 40%. Компания - Екібастұз ГРЭС-тері, Алматы электр станциялары, «Астана-Энергия» АҚ, «СевКазЭнерго» АҚ, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ және т. б. үшін негізгі көмір жеткізуші болып табылады.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты бүгінде 6 215,1 МВт құрайды. Бұл Қазақстанның барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуатының 25,9% - ын құрайды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бүкіл қызмет кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы ЖІӨ-ге қосқан үлесі - шамамен 1,2 трлн. теңге. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ел бюджетіне төлейтін төлемдері 250 млрд теңгені құрады.
  • Осы жылдар ішінде бөлінген экономикалық құн 2,9 трлн теңгені құрады. Компания негізгі капиталға шамамен 895 млрд.теңге инвестициялады.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздің ірі жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша персоналдың нақты саны 16 706 адамды құрайды, оның ішінде өндірістік персонал – 15 461 адам, әкімшілік-басқару персоналы – 1245 адам.
  • 2007 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ энергетика саласында 14 түрлі жобаны іске асырды, оның ішінде мыналар бар:

    - Екібастұз ГРЭС-1-де әрқайсысының қуаты 500 МВт №2 және №8 энергия блоктарын қалпына келтіру;

    - қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-ін салу;

    - Алматы облысының Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт бірегей күн электр станциясын салу;

    - Ақмола облысында қуаты 45 МВт Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымдағы бірінші жел электр станциясын салу;

    - төрт гидроагрегатты ауыстыру және станцияның қуатын 126 МВт-ға дейін арттыру арқылы Шардара ГЭС-ін толық жаңғырту.

  • Алматы агломерациясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқаруымен 2007 жылдан бастап 38 қосалқы станция салынып, іске қосылды. Қуаттың жалпы өсімі 3500 МВА-дан асты.
  • Алматы энергия жүйесі тарихындағы ең маңызды жоба кернеуі 220кВ электр желілерін салу болды, бұл «KEGOC» АҚ 500кВ тірек қосалқы станцияларын және «АЖК» АҚ 220кВ тораптық қосалқы станцияларын біріктіріп, Алматы қаласының айналасында айналма жол құруға мүмкіндік берді. 220 кВ «Ерменсай» қосалқы станциясы – «Бесағаш» қосалқы станциясы – Алматы 3-ЖЭО» электр беру желілерінің ұзындығы 81,44 км құрайды, оның ішінде әуе учаскелері – 61,28 км, кабельдік учаскелер – 20,16 км.
  • Бүгінде Самұрық-Энергода бес жаңартылатын энергия көздері объектісі (күн электр станциялары, жел электр станциялары, шағын ГЭС-тер) жұмыс істейді. Олардың белгіленген жиынтық қуаты - 97,1 МВт немесе ҚР-дағы ЖЭК объектілерінің белгіленген қуатының 4,8%-ы. Станциялардың электр энергиясын өндіруі 2021 жылы 325,3 млн.кВтс құрады немесе ҚР-дағы ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% - ын құрады.
  • 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларында электр энергиясын өндіру тарихи шарықтау шегіне жетті - жоспар бойынша 32 146 млн.кВтсағ, ол 35 609 млн. кВтс құрады, орындалуы - 111%. Ұлттық маңызы бар Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялары пайдалануға берілген уақыттан бастап электр энергиясын барынша көп өндірді.
  • 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымында – «АлЭС» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2» АҚ компанияларының жылу энергиясын босатуы жоспардағы 5 410,5 мың Гкал кезінде 5 766,0 мың Гкал немесе 107% - ды құрады.
  • 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір өндіру көлемі 44,63 млн.тоннаны құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 42,06 млн. тоннаға (106%) жоғары. Бұл ретте көмірді сату көлемі 44,74 млн. тоннаны құрады, жоспар бойынша 42 млн. тонна. Сатудың артуы ішкі нарықта көмірге қажеттіліктің артуына байланысты.
  • 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығы - Astana International Exchange биржасында 18,4 млрд теңге мөлшерінде жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды. Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) Жасыл облигациялар (GBP) қағидаттарына сәйкес жасыл қолайлы жобаларды қаржыландыруға бағытталды.
  • Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық 18 жоба іске асырылу сатысында және келешекте іске асыру сатысында тұр, оның ішінде:

    - 2024 жылы Екібастұз ГРЭС-1-дің номиналды қуаты 540 МВт бірінші энергия блогын пайдалануға беру;

    - 2026 жылы қуаты 636 МВт Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергия блогын, 2030 жылы номиналды қуаты 540 МВт төртінші блогын пайдалануға беру;

    - 2028 жылдан бастап 2035 жылды қоса алғандағы мерзімде Екібастұз ГРЭС-1- дің 3, 4, 5, 6, 7, 8 - блоктарын жиынтық қуатын 240 МВт-ға арттыра отырып, кезекпен қайта құру;

    - АлЭС Алматы 3-ЖЭО-ны белгіленген қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайту және маневрлік режимді қамтамасыз ету арқылы қайта құру (2024 жылы пайдалануға беру);

    - АлЭС Алматы 1-ЖЭО-ны қуатын 250 МВт-ға дейін ұлғайту арқылы және 2024 жылы маневр жасау мүмкіндігімен қайта құру;

    - 2026 жылы 600 МВт-ға дейін БГҚ салу арқылы Алматы 2-ЖЭО-ны кеңейту;

    - Қапшағай СЭС-індегі қуатты реттеу диапазонын 300 МВт-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ететін қуаты 40 МВт Кербұлақ СЭС-і контрреттегішін салу;

    - Шелек дәлізінде өңірдің жел және су әлеуетін игеру бойынша жобаларды дамыту.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры тағайындалды

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры қызметіне Еділ Көпенов тағайындалды.

Еділ Құдайбергенұлы Көпенов 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы «Азияторгсервис» кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің менеджері, кейін коммерциялық директоры болып бастаған.

Әр жылдары энергиямен жабдықтаушы, электр желілік және энергия өндіруші ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: «Талдықорған АЭС» ААҚ, «Үштөбе АЭС» ААҚ, «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астана-ЕРЦ» ЖШС.

2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» (ЭҚНҚО) АҚ-ның Басқарма Төрағасы, кейіннен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып жұмыс атқарды.

Соңғы лауазымы: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС- нің бас директоры.

Ержан Ертаев «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Ержан Ертаев

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Ертаев «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.

Ертаев Ержан Ерболұлы 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар Инновациялық Еуразия университетін 2008 жылы «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар лифт» ЖШС электр механигі болып бастады, кейін Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде, «Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де басшылық қызметтерін атқарды.

Соңғы атқарған қызметі: «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының басшысы.

Үйленген, төрт баласы бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Еңбекті қорғау күні атап өтілді

28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. 2022 жылы бұл оқиғаның басты тақырыбы - ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру, онда әлеуметтік диалогқа және еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптардың тартылуына басты назар аударылады.

«Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінде Техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қашан да барынша басымдық беріледі. Бүгін де Компанияда айтулы оқиғаға орай бірқатар іс-шаралар өткізілді, оның аясында өндірісте ерекшеленген қызметкерлер марапатталып, көтермеленді, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы шығармашылық конкурстардың қорытындылары үздік мотивациялық ролик, балалар салған үздік суреттер бойынша шығарылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының Қор тобының жұмыскерлеріне үндеуі

28 сәуірде дәстүр бойынша бүкіл дүниежүзінде «Еңбекті қорғау күні», яғни Өндірісте қайтыс болған немесе жарақат алған адамдарды халықаралық еске алу күні аталып өтіледі. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, күн сайын дүниежүзінде жұмыс орнында 6000-ға жуық адам қайтыс болады, бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 10%-ға артып келе жатыр.

2022 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы – «Ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» (Act together to build a positive safety and health culture). «Ортақ күш-жігер» деген сөз тіркесінен әрбір жұмыскердің қызметтің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға қатысуы мен жауапкершілігі түсініледі.

Өндірістік қауіпсіздік жүйесін (бұдан әрі – HSE) жақсарту мәселелері мен үшін және жалпы, Қор үшін ең жоғары басымдық болып табылады. Негізгі құндылық адам өмірі болған және солай болып қала береді. Қор тобының барлық жұмыскерлері дерлік өз отбасыларына жұмыстан аман-есен оралуы тиіс.

«Самұрық-Қазына» АҚ-да ағымдағы жыл – «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. Біздің әрқайсымыз өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсартуға қосқан жеке үлесіміз бен қатысуымыз туралы ойлануымыз керек, жұмыс орындарындағы оқиғалар, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін нақты мақсаттар қоюымыз қажет.

Қордың компаниялар тобында үш жыл ішінде HSE саласында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы зардап шеккендер саны 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға азайды. Бірақ біз әлі де оң мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізе қойған жоқпыз. Біз Қор тобының барлық қызметкерлерінен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділік деңгейін арттыруды күтудеміз. Ол үшін ойлау мәдениетін өзгерту және жоғары командалық рухты қалыптастыру қажет.

Кез-келген апаттың алдын алуға болатынына сенімдімін.

Еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін жұмыскерлер:

  • жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне, жеке басының қауіпсіздігіне және өз әріптестерінің қауіпсіздігіне жауапты болуы;
  • HSE талаптарының бұзылуы, жазатайым оқиғалар, ықтимал қауіпті оқиғалар туралы дереу хабарлауы;
  • қауіпсіз жұмыс жүргізуді немесе қауіпсізті жұмыс жағдайларын тоқтату немесе түзету үшін шаралар қабылдауы;
  • HSE талаптарын сақтаудың белсенді жақтаушысы болуы тиіс.

Бұл күш-жігердің барлығын заманауи цифрлық шешімдер қолдауы керек. Тек осылай ғана біз тәуекелдер деңгейін барынша төмендете аламыз.

Біздің жұмыскерлер – компанияның басты құндылығы. Қор қызметінің нәтижелері мен инвесторлар үшін құрылатын құн әркімнің кәсібилігі мен қауіпсіздігі деңгейіне байланысты болады.

Біз HSE мақсаттарына қол жеткізуге мүдделіміз және барлығын оның идеяларын жүзеге асыруға шақырамыз. Жұмыскерлеріміздің, мердігерлеріміздің және тұрғындардың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы біздің қажырлы еңбегіміз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ұзақ мерзімді және табысты бизнесінің негізгі факторы болып табылады.

Алмасадам Сәтқалиев

28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша бүкіл әлемде жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі.

Жыл сайын бұл күні бүкіл әлемде еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Оның екінші атауы бар – Дүниежүзілік өндірістегі жұмысшылардың денсаулығын сақтау күні. Бұл күн 2003 жылдан бастап тарихқа енді. Өндірісте қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған қызметкерлерді еске алу күні ретінде Америка мен Канадада (1989 ж.) өткен Қайтыс болған жұмысшыларды еске алу күні осы атаулы күнді белгілеуге түрткі болды.

ХЕҰ жариялаған 2022 жылғы Дүниежүзілік күннің тақырыбы – «Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру», оның басты тақырыбы – әлеуметтік диалогтың және еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптардың тартылуының маңызы.

Еңбекті қорғауға байланысты оң мәдениет еңбекке қатысуға негізделген, ол барлық тараптардың үнемі еңбекті қорғауды нығайтуға белсенді қатысуын білдіреді. Еңбекті қорғаудың жоғары мәдениеті қамтамасыз етілген жерде жұмысшылар өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына немесе өндірістік қауіп-қатерлерге қатысты алаңдаушылық білдіруден қысылмайды, ал әкімшілік қызметкерлермен бірлесіп туындаған мәселелердің негізді, тиімді әрі сенімді шешімдерін іздеу туралы бастама көтереді. Бұл үшін қажетті шарт – сенім мен өзара құрметке негізделген ашық ақпарат алмасу және диалог.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да, еншілес және тәуелді ұйымдарда түрлі іс- шаралар, байқаулар өткізіледі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі айлықтар жарияланды.

Павлодар алюминий зауытына танысу сапары

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.М.Сәтқалиевтің тапсырмасына сәйкес Қордың портфельдік компаниялары тобында 2022 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды.

Қордың қабылдаған бағыты шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» департаментінің қызметкерлері «Еуразиялық Топ» ЖШС – мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында (бұдан әрі - ҚжЕҚ) жасалған меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруда.

Сәуір айының басында ҚжЕҚ мәселелерін қадағалайтын «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «ЕГРЭС-2» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ және «Шардара СЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары «ERG» ЖШС еншілес ұйымдарының бірі - Павлодар алюминий зауытына танысу сапарымен барды.

Танысу барысында негізгі өндірістік цехтарға, оқу полигонына, бейнемониторинг орталығына, арнайы киім салонына және т. б. барды.

Зауыттың құрылымдық бөлімшелерімен танысқаннан кейін тараптар ҚжЕҚ саласындағы проблемалық мәселелерді, еңбекті қорғау жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуін, жазатайым жағдайлар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді талқылады. «ERG» ЖШС қызметкерлері ҚжЕҚ саласында тәжірибе алмасу, пікір алмасу мүмкіндігін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Іс-шараға қатысушылар меморандумның өндірістік жарақаттанудың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі рөлі туралы пікір білдірді.

2022 жылы Шелек дәлізінде жаңа жел электр станциясы жұмысын бастайды

Алматы қаласынан 140 шақырым жерде салынып жатқан қуаты 60 МВт жаңа жел электр станциясын (ЖЭС) осы жылдың тамыз айының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Станция жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан басқа, жоба осы өңір үшін өзінің экологиялық құрамдас бөлігі жағынан маңызды деуге болады. ЖЭС салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнын басады.

Энергетикалық нысан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек дәлізі деп аталатын, ЖЭК әлеуетін дамытуға арналған бірегей өңірде салынуда. Мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы 50 метр биіктікте – 7,8 м/с деңгейіне жетсе, ағынның тығыздығы - 310 Вт/м2 құрайды. Болашақта ЖЭС қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда.

Жалпы құны 37,4 млрд теңгені құрайтын жоба әрбір номиналды қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысын, қосалқы станцияны, электр қуатын тасымалдайтын әуе желілерін және ілеспе инфрақұрылым нысандарын салуды көздейді. Станцияның негізгі жабдықтары – «GoldWind» компаниясында шығарылған. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асыруда.

Самұрық-Энерго сарапшыларының айтуынша, Алматы қаласы мен облысында жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарға - Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы Каскад ГЭС, Жамбыл ГРЭС, сондай - ақ Есік, Мойнақ, Қатарал, Талдықорған ГЭС-теріне қарамастан, бұл өңірде энергия тапшылығы бар. Өйткені еліміздің ең ірі мегаполисі орналасқан облыстағы өндіруші күштер мұндағы электр қуатына деген сұраныстың тек 50% өтейді. Тапшылық сыртқы энергия өндірушілер (республиканың солтүстік облыстарынан, Жамбыл ГРЭС және Қырғызстаннан) есебінен жабылады. Осы аталған факторлар, сондай-ақ өңірде жаңартылатын энергия көздерінің қолайлы ресурстық базасының болуы Самұрық-Энерго жобасы - Шелек дәлізіндегі 60 МВт-тық жел электр станциясы құрылысын іске асыруға негіз болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да бүгінде 5 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. 2021 жылы олардың электр энергиясын өндірудегі жиынтық көлемі 325,3 млн. кВтс құрады. Бұл ҚР-дағы барлық ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% құрайды.

Компания жаңартылатын энергия көздерін дамыту бастамасын белсенді қолдап келеді. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама аясында энергетикалық холдинг электр энергиясы нарығының маңызды бөлігі болып табылатын ЖЭК электр энергиясын өндіру үлесін ұлғайтуға ұмтылады.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» Алматы облысындағы ЖЭС нысанынан басқа, Ақмола облысының Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт-тық жел электр станциясын салу жобасын іске асыруда.

Жандос Карлұлы Медеуов «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Медеуов Жандос Карлович

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 30 наурыздағы шешімі негізінде Жандос Карлұлы Медеуов «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Ж.Қ. Медеуов «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма Төрағасының Инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған болатын.

Электр энергетикасы саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.