Алматыда ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыруға қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Қазіргі уақытта Алматыда ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері қоғамдық тыңдауда қала тұрғындарымен бірге талқылануда.

Общественные слушания

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылып отыр, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер тезис ретінде беріліп отыр:

- 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысын бастау жоспарлануда. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН құжаттары кешендік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Қорытынды шешім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес 2021 жылғы желтоқсан айының соңында берілмек.

- Жаңа станция жобасы белгіленген электр қуатының 600 МВт дейінгі мөлшерде болуын, ал жылу қуатының  957 Гкал/сағ. болуын көздейді. Электр станциясы когенерация қағидатын пайдалана отырып, яғни жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бу-газ технологиялары негізінде салынған экологиялық таза отынмен - табиғи газбен жұмыс істейтін болады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, мұнда дәстүрлі бу турбиналық цикл технологиясына қарағанда табиғи газды тиімдірек жағуға мүмкіндік беретін ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану көзделіп отыр.

- ТЭН әзірлеу барысында газ турбиналық жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Мұқият талдаудан кейін түпкілікті таңдау әлемнің жетекші 3 өндірушісін саралады: General Electric, Siemens, Mitsui, олардың жабдықтарының қолданыстағы жағдайларға сәйкес келетіндігі ескерілді. Аталған өндірушілердің ұсынысы ТЭН-де қаралды.

Станцияның әрқайсысы 200 МВт-тық блогының пайдалануға берілуіне қарай жаңа жабдық қолданыстағыларды консервациялауға шығаруды кезең-кезеңімен алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру тоқтатылмайды.

- Негізгі технологиялық жабдықтар: газ турбиналары, бу турбинасы және қажетті қазандықтар Қазақстанда өндірілмейтін болғандықтан сырттан (импорт) әкелінеді. Басқа жабдықтар (трансформаторлар, кабель өнімдері, сорғылар және т.б.) жергілікті өндіріс өнімдері. Отандық өндірісті қамтудың мәні шамамен 64%-ды құрап отыр.

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

«Самұрық-Энерго» АҚ Жасыл қаржы орталығының көмегімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қор биржасының - Astana International Exchange сауда жүйесінде жылдық 11,4% купондық мөлшерлемесімен 6,5 жыл мерзіміндегі жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруға шығарды.

Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  еншілес ұйымы  - «Halyk Finance» АҚ белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін — мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.

«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың  «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.

Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

СЭС Капшагай

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

АХҚО. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО  міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«AIFC Green Finance Centre Ltd.» жеке компаниясы» - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания, Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны «жасыл» қаржы орталығы ретінде дамыту, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толық ақпарат ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған www.gfc.aifc.kz.

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жөндеу жұмыстары аяқталды

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жөндеу жұмыстары аяқталды                        

Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы жөндеу науқаны, №7 энергия блогын желіге қосу  және оны кешенді сынақтардан өткізу жұмыстары сәтті аяқталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы аталған ең ірі жылу электр станциясы 7 блоктық режимде жұмыс істеуде. Белгіленген қуаты 3 500 МВт және қолда бар қуаты 3 447 МВт-ты құрайтын Екібастұз ГРЭС-1 тәулігіне 3 400 - 3 450 МВт мөлшеріндегі орташа жүктемені көтеріп келеді.

 Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарды орындады. 15.11.2021 ж. күнгі мәлімет бойынша электр қуатының жоспарланған мөлшері 19,2 млрд. кВт/сағ болса, қазір  ГРЭС-1  19,4 млрд. кВт/сағ. өндіріп отыр. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша шамамен 22 млрд.кВтс құрауы мүмкін.

Екібастұз ГРЭС-2-де қазіргі уақыттағы ақпарат бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 5,7 млрд.кВтс немесе 2021 жылға арналған жоспардағы мөлшердің 98% құрап отыр.  Бүгінгі таңда ГРЭС-2 460 МВт болатын ағымдағы жүктемемен бір блокты режимде жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг ретінде ел энергетикасындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы номиналды қуаты 540 МВт болатын №1 энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты 636 МВт құрайтын жаңа үшінші энергия блогын салу жұмыстары бар. Жоспар бойынша Самұрық-Энерго жобалары Екібастұз ГРЭС станцияларының қуатын 1176 МВт-қа арттырмақ.

    Компания сарапшылары Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну өсімінің қалыптасқан жоғары қарқыны жағдайында аталған жобаларды сәтті іске асыру – электр қуатының резервін құрып, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыратын болады деп есептейді.  

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Қазақстандағы белгіленген қуаты 4000 МВт және қолдағы бар қуаты 3500 МВт құрайтын ірі конденсациялық электр станциясы.  Ол әрқайсысы 500 МВт болатын 8 энергоблокпен жабдықталған.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ - белгіленген қуаты 1000 МВт болатын жылу электр станциясы, құрамында 500 МВт-тық екі энергия блогы бар.

         «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

Ремонт энергоблока на Экибастузской ГРЭС 1

Энергоблок Экибастузской ГРЭС 2

Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру аясындағы ТЭН бойынша жұмыс аяқталуда

«Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы бойынша іс-шаралар аяқталу үстінде. Қазіргі  таңда «КазНИПИЭнергопром»» АҚ жобалау институты аталған жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ары қарай – ТЭН) нақтылау жұмысын аяқтап, 2021 жылдың соңына дейін «Мемсараптама» РМК-дан оған қатысты оң қорытынды алуды көздеп отыр.

Бүгінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жасаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары Алматы қаласында және Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Одан өзге, «Самұрық-Энерго» компаниялары «Бу-газ қондырғысы (ары қарай – БГҚ ) негізінде станция қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту» жобасын жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар Алматы ЖЭО-3 бойынша газға ауыстырудан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынудың ең жоғары жүктемесін жабу мақсатында маневрлік режимдегі станция жұмысын қолға алу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылдың 3-ші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Алматы қаласын жылумен және электр қуатымен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы энергокешенін газдандыру аясында,  «Қуаты 200-250 МВт-тық БГҚ салу арқылы ЖЭО-1-ді кеңейту» жобасы қарастырылғанын хабарлаймыз. Бұл жоба ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылғы 3 тоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, Алматы ЖЭО-1 энергокешені 2017 жылдан бері газдың негізінде жұмыс істейді.  

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен шығатын зиянды заттарды жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес компаниясы Алматы энергокешені құрамындағы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабельдік желілер мен қосалқы станцияларды қайта жаңарту жобасын қолға алуда. «АЖК» АҚ 2022-2030 жылдар кезеңіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың нақты көлемін алдын ала анықтады.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілерін қайта жаңарту жобасын іске асыруға кабель желілерінің физикалық тозуы негіз болып отыр. Тозудың жыл сайынғы өсуі желілерді қайта жаңарту және жаңа салу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап етуде.

2020 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қарасты 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы ұзындығы 5 177,7 км құрайды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 4 709,6 км және Алматы облысы бойынша - 468,2 км.

Алматы қаласы бойынша шамамен 2500 км құрайтын кабель желілерінің қызмет ету мерзімі нормативтен тыс кезеңге өтіп, техникалық талаптарға сай келмей қалған, тіпті 948 км кабель желісі 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.

Желілердің тозуы жыл сайынғы авариялар санының көбейіп, электрмен жабдықтау процесіндегі жиі үзілістерге әкелуде, бұл электр қуатының жетіспеуіне, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын қосымша шығындарға әкеліп отыр. Желідегі зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың тозуы, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.

«Богатырь» көмір разрезі өндіріс қуатын ұлғайтпақ!

2022 жылдың үшінші тоқсанында Екібастұз қаласындағы «Богатырь» ірі кен орнында көмір өндіру мен тасымалдаудың жаңа технологиясын іске қосу жоспарлануда. Осыдан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуаты жылына қазіргі 42 млн.тоннадағы көрсеткіштен 50 млн. тоннаға дейін өспек. Бұл туралы бүгін Екібастұз энергия кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы айтып берді. Оның айтуынша, «Богатырь» разрезінде жүзеге асырылатын «Көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы өнімнің сапалық сипаттамаларын да жақсартады, әрі еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ көмір өндірісінің өзіндік құнын төмендетеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз көмір бассейнінің екі разрезінде, «Богатырь» және «Северный» нысандарында, көмір ашық тәсілмен өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн.тонна көмір, оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша - 32 миллион тонна (ЦАТ іске қосылғаннан кейін – 40 млн. тонна), «Северный» разрезі бойынша - 10 миллион тонна.

«Богатырь» разрезінде өндіру технологиясын өзгерту қажеттілігі тау-кен жұмыстарының тереңдігіне жету тәсілдерімен байланысты, яғни көмір тасымалдаудың қазіргі қолданыстағы теміржол схемасы тиімсіз, және де негізгі тау-кен көлігі жабдықтары тозып, жаңартуды талап етіп отыр. Жоба бойынша 2019-2022 жылдар аралығында бірінші және екінші кезектегі екі конвейер желісін салу көзделген.

2019 жылғы тамыздан бастап жобаны іске асыру шеңберінде жерүсті кешені (т/ж ілмектері, кірме автожолдар, көмір тиеу пункттері және т.б.) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап толассыз ағындық кешен бойынша (разрез ішінде уату-тиеу пункттерін, конвейерлерді, орташаландыру қоймаларын және т.б. салу) жұмыстар жалғасуда.

«Бүгінгі таңда «Богатырь Көмірге» 104 млн. еуроның жабдығы толығымен келді, бұл жалпы жоспарланған көлемнің 98,8% құрайды. Жеткізу кесте бойынша жүргізілуде және 2021 жылы аяқталмақ», - дейді «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары - Қаржы директоры Асылхан Қадырбаев. Көмір өндіруші компания өкілінің айтуынша, теміржол көлігін және тиісті инфрақұрылымды пайдалана отырып, 250 м-ден астам тереңдікте өндіру өндірістік шығындардың көптігін, тиімділіктің төмендігін және қызмет көрсетудің қымбат екендігін айқындап отыр. Көмір өндірудің, ұсақтаудың, орташаландырудың және тасымалдаудың циклдық - ағындық технологиясына көшу арқылы біз осы мәселелердің барлығынан құтылатын боламыз.

Сондай-ақ, компанияда атап өткендей, жоба аясындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде 170 жұмыс орны ашылды, нысан пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорынның қазіргі қызметкерлерін қайта оқыту жоспарлануда. Жоба бойынша жұмысқа тартылған қызметкерлер саны - 496 адам; оның ішінде I іске қосу кешені бойынша – 288 адам; II іске қосу кешенінде - 208 адам.

«Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК тарапынан тепе-тең негізде басқарылады. Негізгі тұтынушылары - қазақстандық «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО-лары, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (қ. Теміртау), сондай-ақ ресейлік Рефтинск МАЭС. Кәсіпорында 6,5 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Самұрық-Энерго жобалары Екібастұз ГРЭС станцияларының қуатын 1136 МВт-қа ұлғайтпақ!

Қазақстандық «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингі Екібастұз ГРЭС-2 станциясында жаңа энергия блогын салу жұмыстарын жүргізіп, Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы 8 энергия блоктың соңғысын қалпына келтіруде.

«Қазақстанда қазір электр энергиясына деген сұраныс жоғары қарқынмен өсіп келеді. Осы орайда аталған жобаларды сәтті іске асырып, электр қуатының резервін құру – тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай арттырады» - деді, бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы Екібастұз энергия кешенінің кәсіпорындарына барған жұмыс сапары барысында.

Естеріңізге сала кетсек, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» – Қазақстандағы белгіленген қуаты 4000 МВт, ал иелік қуаты 3500 МВт  болатын ірі конденсациялық электр станциясы. Ол әрқайсысының қуаты 500 МВт-тық 8 энергоблокпен жабдықталған. ГРЭС-тің бірінші энергоблогы 1980 жылы пайдалануға берілді. Ал тоқырау жылдарында 3 энергоблок істен шығарылған еді. Алайда экономикалық дағдарыстан кейін станцияның жобалық қуатын қалпына келтіру бойынша инвестициялық бағдарлама қабылданды.

«№1 энергия блогын жаңа электр сүзгілерін орната отырып қалпына келтіру» жобасы істен шығарылған энергоблоктарды қайта іске қосу аясындағы 3 жобаның соңғысы. Ол станцияның қолданыстағы қуатын 500 МВт-қа ұлғайту мақсатында іске асырылады. 2020 жылдан бастап 2021 жылдың алғашқы 6 айы аралығында жобаға жұмсалған инвестиция көлемі 39,718 млрд теңгені құрады. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры Еділ Көпенов атап өткендей, бүгінде ескі жабдықтар мен конструкцияларды бөлшектеу толығымен аяқталып, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды. Станциядағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс кезеңінде 200-400 жұмыс орны құрылмақ. Жобаны аяқтау 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2028 жылдан 2035 жылға дейін Екібастұз ГРЭС-1 станциясының жиынтық қуатын 240 МВт-қа арттыру мақсатында 3, 4, 5, 6, 7, 8 блоктарын кезекпен қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

«№3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту және қайта жаңарту» жобасы Қазақстанның ішкі нарығына және экспортқа электр энергиясы мен қуатын өткізу үшін қуаты 636 МВт болатын жаңа энергия блогын салуды көздейді. Жобаны аяқтау 2025 жылға жоспарланған.

Екібастұз ГРЭС-2-де белгіленген қуаты 1000 МВт-тық екі энергоблок жұмыс істейтіні белгілі. Станцияны кеңейту жөніндегі жоспарлар көптен бері талқыланып келеді, бірақ нақты жұмыстар 2019 жылғы желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ станция акцияларының 50% үлесін ресейлік «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ-тан сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін басталды.

2020 жылы Екібастұз ГРЭС-2 Директорлар кеңесі станцияда №3 энергия блогын салу жөніндегі жобаны іске асыруды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Нарық кеңесі ҚР Энергетика министрлігіне ГРЭС-2-мен инвестициялық келісім жасауды ұсыну туралы шешім шығарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап ЖСҚ түзетулер енгізілуде.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Сағидолланың айтуынша, осы уақытқа дейін құрылыс алаңына 11 мың тоннадан астам жабдық жеткізілген. 2020ж. және 2021ж. бірінші жартыжылдығында жобаны іске асыру аясында қаржылық және техникалық аудиттен және кредиттік міндеттемелерді қайта қаржыландырудан бастап жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге және құрылысқа рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге дейінгі дайындық жұмыстары  кең ауқымда орындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы  Екібастұз энергия кешенінде іске асырылып жатқан жобаларға қатысты, олардың еліміздің энергетикасы үшін өзектілігінен басқа екі маңызды аспектісін – өндірістік және әлеуметтік жақтарын атап өтті. «Бұл жерде басты тақырып – жоба нысандарын түбегейлі жаңа технологиямен жабдықтау арқылы, жұмысқа жоғары білікті мамандар тарту, жергілікті кадрларды  оқытып,  біліктілігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік туғызатын өндірістер болып отыр. Мысалы, Екібастұз ГРЭС-2 станциясында үшінші энергоблок құрылысының арқасында 2023 жылы 1 709 жұмыс орнын және жоба аяқталғаннан кейінгі пайдалану кезеңінде 358 жұмыс орнын ашу жоспарланған»,- деді «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

2021 жылдың I жартыжылдығындағы Қазақстанның электр қуаты мен көмір нарығы

Қазақстан Республикасының барлық электр станциялары 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 325,4 млн.кВтс электр энергиясын өндірді.  Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) барлық аймағында өндіріс өсімі байқалып отыр. Бұл туралы Жүйелік оператордың деректеріне сүйене отырып әзірлеген, Қазақстанның 2021 жылғы қаңтар-маусым айларындағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда хабарланды. Бұл ақпарат «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаменті берген ақпарат негізінде жасалған. «Самұрық-Энерго» АҚ қарасты электр қуатын өндіруші ұйымдарының өндіріс көлемі аталған кезеңде 17 891,1 млн.кВтс құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға артық.

Оның үстіне, жүргізілген талдауларға сүйенсек, елде тұтыну көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2020 жылға қарағанда 6%-ға өскен. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 6%-ға, оңтүстігінде 10%-ға, ал  батысында 2%-ға артқан.

«Самұрық-Энерго» АҚ сарапшылары ҚР Энергетика министрлігі тарапынан әзірленген 2021-2027 жылдарға арналған электр қуаты мен қуат күшінің болжамды теңгеріміне сәйкес, электр энергиясын тұтыну көлемі орташа есеппен жыл сайын 2,4%-ға өседі деген болжам жасалғанын атап өтті. Бұған қоса, 2027 жылға қарай шамамен 898 МВт көлеміндегі қажетті резерв ескеріле отырып, электр қуатына деген тапшылық болжануда. Қазірдің өзінде Қазақстан БЭЖ-де шамамен 1000 МВт мөлшерінде реттеу қуатының тапшылығы байқалады.

Осы міндеттерді шешу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауы нәтижесінде жаңа станциялар салу, сондай-ақ қолданыстағы станцияларды кеңейту мен жаңғыртуға байланысты бірқатар ірі жобаларды іске асыруда.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Электр энергиясы мен көмір нарығын талдауда келтірілген деректері бойынша Қазақстанда 2021 жылғы қаңтар-маусымда 52 147,2 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем. Оның ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ) кеніштерінде 22 244 мың тонна көмір өндірілді. Компания осы кезеңде қара отынның 22 517 мың тоннасын сатты, оның ішінде: ҚР ішкі нарығында 18 230 мың тонна, - экспортқа (РФ) – 4 287 мың тонна сатылды.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК: күн және жел электр станциялары, шағын СЭС, биогаз станциялары) пайдалану нысандарында электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2005,5 млн.кВтс құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы кезеңмен салыстырғанда (1470 млн. кВтсағ) 1,4%-ға артық.

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіру көлемі 156,9 млн.кВтс құрады, яғни ол ЖЭК объектілері өндіретін электр қуатының жалпы көлемінің 7,8%-ын құрайды.

Қызметкерлердің идеялары марапатталатын болады

«Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында қызметкерлерді ұйым қызметін тұрақты түрде жақсарту жұмыстарына атсалысуға шақырады. Осы орайда,  қызметкерлер тарапынан ең тиімді деп табылған идеялар мен ұсыныстар үшін сыйақы көзделетін болады.

«Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру» іс-шарасын жүзеге асыру нәтижесінде қызметкерлерге Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар бойынша өтінім берудің бірыңғай алгоритмі ұсынылады. Холдинг периметрінде іске асырылатын, әрі экономикалық тиімділігі және сапалы пайдасы бар идеялар үшін бастамашыға ақшалай төлем көзделіп отыр.

Бұл іс-шара «ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ сияқты еншілес компанияларды қамтиды.

Жобалар командасы тарапынан идеяларды басқарудың бірыңғай процесі әзірленді, және де соның негізінде  – «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің идеялары және ұсыныстарымен жұмыс істеу жөніндегі қағидалар" ішкі нормативтік құжат дайындалды. Бірыңғай тәсіл әрбір ұсынысты беру және қарау, одан әрі енгізу процестерін жүйелейді. Сонымен қатар, ең үздік идея авторларының сыйақыларын есептеу әдістемесі де қарастырылады.

Тамыздың басынан бастап компания қызметкерлері аталған шара аясында процесс бойынша оқытуға қатыса алады. Бұл қызметкерлердің өз ұсынысын өтінім беру ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға және қосымша табыс табуға септігін тигізеді.

 

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында 500 МВт-тық энергия блогы қалпына келтірілуде

Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында қуаттылығы 500 МВт болатын № 1 энергоблокты қалпына келтіру жобасын іске асыру аясында бөлшектеу жұмыстары 100% аяқталып, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды. Қайта жаңартылған энергия блогын пайдалануға беру және іске қосу 2023 жылғы желтоқсанға белгіленіп отыр. Станцияға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ бұл жобаға үлкен мән береді. Осы жобаны табысты іске асыру, сондай-ақ компанияның өзге де энергетикалық нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстар сала бойынша орын алып отырған электр қуатының тапшылығын азайтуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға тиіс. Соңғы төрт жыл ішінде (2017-2020жж.) республикада электр тұтынудың орташа өсімі 4%-ды құрап, жыл сайын электр қуатына деген қажеттіліктің шамамен 600 МВт-қа өсіп отырғаны белгілі. Мамандар қолда бар қуат резервтерінің азайып бара жатқандығын айтуда. Электр қуатының болжамды теңгерімі Қазақстанда 2023 жылдан бастап өндірістік қуат тапшылығы болатынын көрсетіп отыр, ал реттеу қуатының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Жүйелік оператордың ақпараты бойынша 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңнен өту барысында ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жұмыс қуатына қатысты нақты резерв 600 МВт құрады. Саладағы сарапшылар ағымдағы қарқын сақталған жағдайда, келесі жылыту кезеңінде ҚР БЭЖ-де қуат резервтері болмай қалуы мүмкін, бұл электрмен жабдықтаудағы шектеулерге әкеп соқтыратыны сөзсіз. «Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы станцияның қуатын 4000 МВт дейін арттыруға және сол арқылы ГРЭС-те негізгі жабдықтарды жаңғыртудың көп жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан процесін аяқтауға мүмкіндік бермек. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы қуаты 500 МВт болатын №2 энергоблок желіге қосылды, бұл Екібастұз ГРЭС-1 нысанының өндірістік көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін 2012 жылдың шілдесінде қуаты 500 МВт болатын № 8 энергоблок іске қосылған болатын. «Самұрық-Энерго» АҚ электр қуатының болжамды тапшылығын азайту үшін ЕГРЭС-1 №1 энергия блогын қалпына келтіруден басқа, мынадай жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өту қажет: - Екібастұз ГРЭС-2-нің қуаты 636 МВт болатын үшінші энергия блогын пайдалануға беру; - 2028 жылдан 2035 жылға дейінгі аралықта Екібастұз ГРЭС-1 станциясының жиынтық қуатын 240 МВт-қа арттыру мақсатында 3, 4, 5, 6, 7, 8 блоктарды кезекпен қайта жаңарту; - АлЭС-ке қарасты Алматы ЖЭО-3 нысанының белгіленген қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып және маневрлік режимді қамтамасыз ете отырып, қайта жаңарту; - АлЭС-ке қарасты Алматы ЖЭО-1 қайта құру, қуатын 250 МВт-қа дейін арттыру және 2030 жылға дейін маневр жасау мүмкіндігін тудыру; - 2026 жылы Қапшағай ГЭС-інде қуатты реттеу диапазонын 300 МВт-қа дейін ұлғайтуды қамтамасыз ететін, қуаты 40 МВт болатын Кербұлақ ГЭС-ін пайдалануға беру; - Шелек дәлізінде өңірдің жел және су әлеуетін игеру жобаларын дамыту. Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 – әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын сегіз энергоблокпен жабдықталған, белгіленген қуаты 4000 МВт Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясы. Ол республика бойынша барлық электр тұтыну көлемінің 20-23% қамтамасыз етеді. Станцияның иесі - қатысу үлесі 100% құрайтын отандық ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы, акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б.

Еңбек қауіпсіздігі әрдайым басымдыққа ие

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелерінің қатысуымен «Ұйымда денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия өткізілді.

Сессия өткізудегі мақсат қауіпсіздік мәдениетін дамыту арқылы өндірістік жарақаттарды мүлде болдыртпауға ұйым басшыларының ықыласын аудару, сол іске жұмылдыру болып табылады.

Компания басшыларының өз қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Басқарма төрағасы С.К. Есімханов қорытынды сөзінде өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын, және де ҚжЕҚ саласындағы ережелерді бірінші кезекте компания басшыларының сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы тапсырмасының талаптарын орындау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобымен Қоғамның ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша іс-шаралар, оның ішінде:

1) персоналды басқару;

2) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

3) корпоративтік басқару;

5) мүдделер қақтығысын реттеу;

6) өзге де бизнес-процестер мәселелері бойынша өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобы анықтама дайындады, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шаралар көрсетілген, сондай-ақ белгіленген тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жұмыс жоспары дайындалды.