ҚР Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО жұмысымен танысты

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты.

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның («АлЭС») ЖЭО-2 және ЖЭО-3 негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. Кәсіпорын Алматы қаласының тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктілері үшін жылу, электр энергиясын өндіреді. ЖЭО-2-нің белгіленген қуаты – 510 МВ, ал ЖЭО-3-тікі –  173 МВТ.

ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін негізгі отын – Екібастұз кен орнының («БогатырьКөмір» разрезі) көмірі. Тамызық отын ретінде мазут пайдаланылады.

2017 жылы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні  жаңғырту жөнінде Үкімет 2020 жылғы 20 қазанда өткізген кеңесте «Самұрық-Энерго» АҚ ұсынып отырған ЖЭО-2-нің жұмыс істеп тұрған қазандықтарын газға ауыстыра отырып жаңғырту және газ инфрақұрылымын салу нұсқасы мақұлданды.

 Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2-ні аралау барысында мамандардың кәсіпорынды жаңғырту бойынша жоспарымен және ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды техникалық орындау мүмкіндіктерімен танысты. 

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасының   техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Жобаны 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» өкілдерінің министрге айтуынша, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы  ЖЭО-3-ті газға ауыстырудың ТЭН-ін әзірлеуді мақұлдау бойынша ішкі корпоративтік рәсімдер жүріп жатыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні.

Бүгін Халықаралық энергия үнемдеу күні.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң 2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен: «Энергия үнемдеу күні – 11 қараша» деген жаңа тармақпен толықтырылғаннан кейін, Қазақстанда бұл маңызды күн екі жылдан бері атап өтілуде.

Әлемде энергия тұтыну деңгейі өсіп келе жатқаны мәлім. Ғаламшар тұрғындары бүгінде сан-қилы тұрмыстық техникасыз, гаджеттерсіз, ұйымдастыру техникасыз, компьютерсіз толыққанды өмір сүруден қалғандай... Бір өкініштісі – бұл үдерістің табиғи ресурстарды сарқылту, қоршаған ортаны ластау секілді теріс жағы бар.

Халықаралық мереке қоғамдастық пен биліктің назарын энергия үнемдеудің маңыздылығына аудару мақсатында тағайындалған.

Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» АҚ энергия ресурстарына ұқыптылықпен және үнемділікпен қарау тақырыбының қаншалықты өзекті әрі маңызды екенін жақсы түсінеді. Компанияда Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, жұмыс істеуде.  Оның мақсаты – энергия тұтынуды азайту және отын-энергетика ресурстарын тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы энергия шығынын азайтуға жағдай жасау.

Осы Бағдарлама аясында 2020 жылғы 9 айда түрлі сипаттағы 45 іс-шара орындалып, соның нәтижесінде 1,7 млрд. теңге болатын 296 мың тонна шартты отын үнемделді.  «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобында энергетикалық тиімділікті арттыруға қаратылған шараларды іске асыру электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға және шартты отынның үлестік шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Мәселен, Екібастұз ГРЭС-1-де қазандық агрегаттардың газды ауа трактын пайдалану режимін жақсарту агрегаттардың ПЖК-ін ұлғайтуға, отынның үлестік шығынын 2,6 т.ш.о./кВт*сағатқа азайтуға әкеп соқтырды, бұл орайда 68 372,9 тонна табиғи отын көлеміндегі көмірді үнемдеу түрінде оң нәтиже алынды, ақшаға шаққанда бұл 182,5 млн. теңгені құрады.

Екібастұз ГРЭС-2-дегі отын жеткізу жүйесінде жұмыс істеп тұрған ұнтақтағыш балғалардың санын  оңтайландыру жөніндегі жаңашылдық ұсынысты енгізу арқасында көлемі 986 мың кВтсағ. электр энергиясын үнемдеу түріндегі оң нәтиже алынды, ақшаға шаққанды бұл 4,5 млн. теңгені құрады.

Энергия үнемдеу негізгі мақсаттарға жатқызылғанын ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобына қарасты, энергия көп жұмсалатын кәсіпорындар мен станциялардың бәрінде мамандандырылған аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен энергия аудиттері өткізіліп тұрады.

Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің барлық қызметкерлерін құттықтап, отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану ісіне қосып отырған үлесі үшін алғыс білдірді. Ел экономикасын өркендету, энергия үнемдеу және экологияны қорғау жолындағы елеулі еңбегі үшін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның, «Шардара СЭС» АҚ-ның, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері бағалы сыйлықтармен атап өтілді.  

Энергетика министрінің Екібастұзға жұмыс сапары

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде ГРЭС-1 станциясының жұмысымен танысты.

«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС жергілікті электр жүктемелерін және Солтүстік Қазақстан біріккен энергожүйесінің жүктемелерін  қамтуға арналған Қазақстан Республикасындағы ең ірі жылу электр станциясы. Ол Қазақстанның барлық электр тұтынуының 20-23% қамтиды. Белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын конденсациялық электр станциясы әрқайсы                       500 МВт-тан сегіз энергоблоктармен жабдықталған. Станцияның бірінші энергоблогы 1980 жылы пайдалануға берілді, соңғы сегізінші энергоблок                 1984 жылы іске қосылды. Пайдалануға берілген сәттен бастап 1980 жылы электр станциясы 435 877 млн. кВТс электр энергиясын өндірді.

Нұрлан Ноғаев энергетиктермен әңгіме барысында станцияларды жаңғырту, жабдықтарды жаңарту бойынша барлық жоспарланған жұмыстар белгіленген мерзімде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті және уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алматы ЖЭО-2 газға көшіру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Оңтүстік мегаполистің басты жылуэлектрорталығын көмір отыннан газға көшіру жоспарына сәйкес әзірленген, «Қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту»  жобасы тағы бір кезеңнен өтті. Бүгін Алматыда өткен Қоғамдық тыңдауда станцияның қоршаған ортаға әсер ету мөлшері және оны жаңғырту варианттарының салдары талқылаудың тақырыбына айналды.

Тыңдау бейнеконференцбайланыс форматында өтіп, оған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуші – «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» АҚ-тың, тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ-тың және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының өкілдері қатысты.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) – ҚР Экологиялық кодексінің талаптарында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген міндетті рәсім.

Жобаға қатысты толық құжаттамамен «АлЭС» АҚ-ның сайтында мына  сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.ales.kz/ru/ustojchivoe-razvitie/153-ustojchivoe-razvitie-2/publichnye-slushaniya/1555-30-10-2020-goda-obshchestvennye-slushaniya-po-obsuzhdeniyu-s-zainteresovannoj-obshchestvennostyu-proekta-predvaritelnaya-otsenka-vozdejstviya-na-okruzhayushchuyu-sredu-k-teo-modernizatsiya-almatinskoj-tets-2-s-minimizatsiej-vozdejstviya-na-okruzhayushchuy

Іс-шара 11.00-де басталып, бір жарым сағатқа созылды. Тыңдау барысында айтылған кейбір негізгі тезистерді төменде көрсеттік.

- ЖЭО-2 тұрғындардың 64 %-ін және заңды тұлғалардың  36%-ін жылумен қамтамасыз ететін қаладағы ең ірі жылу көзі болып табылады. 2019 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВт, жылулық қуаттылығы – 1 411 Гкал/сағ. құрайды. Станция сегіз энергетикалық қазандықпен жабдықталған. Негізгі отын ретінде жобада көзделмеген отын – Екібастұздың тас көмірі пайдаланылады.  Бір жылда шамамен 2,5 млн.тонна көмір тұтынылады.  

- Қаладағы күрделі экологиялық ахуал жыл сайын атмосфераға 123 мың тоннадан астам зиянды заттарды шығарумен байланысты, бұл жерде негізгі үлес көліктің еншісінде: қалада 500 мыңнан астам машина бар және 200 мыңға жуығы шеттен келеді, сондай-ақ ЖЭО-2-нің шығарындылары.  Қаланың ластану деңгейі, Алатау ауданын қоспағанда, оның бүкіл аумағында дерлік азот диоксидінің жоғары мөлшерімен және қаланың төменгі жағында, Жетісу мен Түрксіб аудандарында тоқтатылған бөлшектердің жоғары мөлшерімен сипатталады.

- ЖЭО-2-нің жалпы шығарындылар көлемі арқылы қала атмосферасына тигізетін әсері түрлі баға бойынша 13-тен 27%-ті құрайды. Ауа-райы қолайсыз кезде станция шығарындыларының түрлі заттар бойынша әсер ету аймағы шамамен 15-17 шақырым.

- ЖЭО-2-ні жаңғырту – қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, табиғи газды немесе көмірді жағу кезінде атмосфераға зиянды заттар шығарылуын ЕК-нің талаптары деңгейінде қамтамасыз ететін заманауи газ тазалау қондырғыларын пайдалану арқылы зиянды заттар шығаруды төмендету секілді ТЭН-нің негізгі міндетін шешуге қаратылған.

- Алдын ала жасалған ҚОӘБ және варианттарды экономикалық тұрғыдан бағалау нәтижелері бойынша, жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2-ні газға көшіру вариантын іске асыру ұсынылды.  Бұл вариантта ең жоғары экологиялық тиімділікке қол жетеді – шығарындылар 2019 жылға қарағанда 5,5 есе төмендейді. Бұл орайда, көмір жаққанда пайда болатын күкірт диоксиді мен тоқтатылған бөлшектер мүлдем шығарылмайды, әсер етудің ауқымы мен жиілігі қысқарады, халықтың денсаулығына төнетін қатер де азаяды, деп көзделуде.

- Газға көшкен кезде тұтынушыларға берілетін жылудың тарифы көтеріледі деп күтілуде. Бұл газ отынның екібастұз көмірінен айтарлықтай қымбат болуымен байланысты.

- «ҚР Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына» сай, жұмыс істеп тұрған көмір станциялары 2013 жылдан бастап қол жетімді инфрақұрылым, газдың жеткілікті көлемі болғанда және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келгенде ғана газға көшіріледі.

Бүгінгі таңда ТЭН-ді әзірлеу аяқталып келеді. Келесі кезеңде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы қоса отырып, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама өткізу көзделуде.

Самұрық-Энерго өзінің Алматы қаласындағы барлық ЖЭО-ларын газға көшіреді.

Республиканың аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы ЖЭО-3-ті жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге қажетті корпоративтік  рәсімдерді бастады.

ЖЭО-3-ті көмірден газға көшірудің мүмкіндігін компания 2019 жылы алдын-ала есептеп, талдау жасаған болатын. Бұл жұмыс аясында сондай-ақ станцияны Алматы қаласының газ желісіне қосудың техникалық шарттары да қарастырылды. 

Алдын-ала жүргізілген зерттеудің материалдары қазіргі уақытта компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Бұл орайда, қаржыландыру көздерін айқындауға қатысты сұрақтар, соның ішінде, бюджет қаражаты ма, әлде Қордың қаражаты ма, деген сұрақтар қазір талқылану үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Алматы ЖЭО-1 толығымен газ отынға көшірілді. 2020 жылы, қоршаған ортаға тигізетін әсерін мейлінше азайту жобасы аясында, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту және газға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл ауқымды іс-шаралардың бәрі компанияның: тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз ету; анағұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерін азайту жөніндегі негізгі стратегиялық мақсатына сай келеді.

ЖЭО-3 – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты «АлЭС» АҚ-ның Алматы қаласындағы үш жылу орталығының  бірі. Алматылықтарға ГРЭС атауымен танымал станция, қалада базалық қуат тапшылығы кезінде оны негізгі өндірушілердің қатарына жатады. ЖЭО-3 1962 жылы пайдалануға берілді. Өтеген батыр кенті деп аталатын өндірістік аймақта орналасқан кәсіпорын осы кентті және жақын маңайда орналасқан бірқатар өндіріс ошақтарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бүгіндері ЖЭО-3-тің ресурсы сарқылып, тиімділігі төмендеген. 

Құрылыс аяқталған соң, экологиялық көрсеткіштерін айтпағанда, станцияның ресурсы едәуір ұлғайып, икемділігі арта түседі деп күтілуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

Шардара СЭС-індегі ауқымды жаңғырту аяқталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Жалпы құны 38 млрд. теңгелік жоба аясында станциядағы төрт гидроагрегаттың бәрі де ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясында электр өндіруді жылына 480-нен 537 млн. кВт*сағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Құрылысты австриялық-германиялық Andritz Hydro GmbH компаниясы жүргізді. Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуаттылығын 100 МВт-тан 126 МВт-қа арттырды. Қазақстандық электр энергетикалық холдинг мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаттылығы 100 МВт және төрт гидроагрегаты бар. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, бұл оның технологиялық жабдығы 100%-ке тозуына әкеп соқтырды. Су станциясында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды және өндірістен алып тастаған. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

Қапшағай СЭС-іне 50 жыл

Қапшағай СЭС-і мерейтойын атап өтуде

Қапшағай су электр станциясы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Еліміздің энергетикалық жүйесіндегі маңызды бұл нысан өз жұмысын 1970 жылы бірінші гидро агрегаты қозғалысқа келтіріліп, желіге қосылғаннан кейін бастады.

Жобалық қуаты 434 МВтты құрайтын СЭС пайдалануға тапсырылғаннан бері тұтынушылар қажеті үшін шамамен 53,756 млрд.кВт/сағат, яғни орташа есеппен жылына      1,1 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Ал су аса мол болған 2010 жылы станция 1,78 млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Осы жылдар ішінде СЭС турбиналары арқылы 673 текше километрден астам су өткізілген, яғни жылына орташа есеппен 13,5 текше километр.

Іле өзенінде су станциясын салу идеясын алғаш рет, 1942 жылы, қазақстандық танымал ғалым-энергетик, Республика Ғылым академиясының президенті, академик Ш.Шокин өзінің «Іле бойындағы Қапшағай СЭС-інің техникалық-экономикалық көрсеткіштері» атты кітабында негіздеп берді. Қапшағай СЭС-інің жобасын С.Я.Жук атындағы «Гидропроект» Бүкілодақтық жобалау-зерттеу институтының Қазақ филиалы 1959 жылы жасап, ол жоба 1961-1964 жылдары қайта пысықталды. 1965 жылы болашақ нысанның дирекциясы құрылып, сол жыл СЭС құрылысының басталуы деп саналады.

1970 жылдың желтоқсанында станцияның екінші гидроагрегаты желіге қосылды. Тура бір жылдан кейін, 1971 жылдың қысында, соңғы, төртінші гидроагрегат істей бастады. СЭС-тің бөгеті аумағы 1847 км² келетін ірі Қапшағай су қоймасын құрайды. 1980 жылы Қапшағай СЭС-індегі құрылыс жұмыстарының аяқталуы Алматы мен Алматы облысының энергетика кешені өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. 2007 жылғы ақпаннан бастап станция бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингке қарасты «Алматы Электр станциялары» АҚ-ның құрамында.

Соңғы 12 жыл ішінде жабдықтың сенімділігі мен апатсыз жұмыс істеуін жақсарту мақсатында СЭС-те ауқымды жаңғырту жүргізілді. Атап өту қажет, бұл кәсіпорында энергетиктердің бірнеше буыны кәсіби шыңдалды. Бүгінде Қапшағай СЭС-інде өз ісіне берілген, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Энергетиктердің қазіргі буыны станцияны ұқыпты пайдаланып, мамандардың келесі буынына тиімді, сенімді, іскер станцияны тапсыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

«Самұрық-Энерго» АҚ шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге оңтайландырды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы шығыстары мен күрделі сипаттағы шығыстары 2020 жылы 18,5 млрд. теңгеге қысқартылды.  Қысқарту шаралары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту, компаниялардағы басшылық лауазымдар мен вакансияларды қысқарту тұрғысынан ұйымдық құрылымдарын қайта қарау және т.б. 

2020 жылға жоспарланған шығыстарды талдау қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ консультациялық, аудиторлық және заңгерлік қызметтермен, бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеумен және жаңартумен, резерв жасау және автокөлікті ұстау шығындарымен байланысты және өзге де ағымдағы шығыстарын қысқартты.

Операциялық шығыстарымен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұл бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды. 

Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі күрделі эпидемиологиялық ахуал кезінде өзінің қызметкерлерін қолдау үшін қажетті шаралардың бәрін де қолға алды.

  Карантин кезеңінде компанияның электр станциялары мен кәсіпорындарында жұмыс орындарын қысқартуға, жалақыны кешіктіруге жол берілмеді, сондай-ақ еңбек заңнамасында және ұжымдық шарттарда белгіленген өтемақылар төленіп, жеңілдіктер қарастырылды.

  Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы штаттық режимде іске асырылуда.

Жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 30,5 млрд. кВтсағ. деңгейінде, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 0,3 млрд. кВтсағ. болады деп болжам жасалуда (2019 жылы өндіру көлемі 30,2 млрд.кВтсағатты құрады).  

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру. Ең маңыздысы туралы қысқаша.

«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы ЖЭО-2-нің қоршаған ортаға шығаруларын мейлінше азайту мақсатында, оны жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отырғаны белгілі. Бұл тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, компания осы жобамен байланысты ең өзекті сұрақтарға жауап берді.

Алматы ЖЭО-2: газға көшіру.

Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Осылайша, ЖЭО-2-ні қалай жаңғыртудың және оның қоршаған ортаға тигізетін зиянын мейлінше азайтудың жолдарын талқылаған қызу пікірталасқа нүкте қойылды.

Бұл мәселені көтеруге бастамашы болған қала жұртшылығы, экологтар станцияны экологиялық тұрғыдан таза отын – газға көшіруді үзілді-кесілді талап етті. Олардың уәжі құлаққа шалынып, мемлекеттік деңгейде түбегейлі оң шешім қабылданды. 2019 жылғы 1 тамызда ЖЭО-2-ні жаңғыртудың «жол картасы» бекітілді.

 

Жобаның нұсқалары қалай таңдалды.   

Жаңғыртудың нұсқасы төңірегіндегі пікірталастар мен талқылаулар ашық отырыстарда ғана емес, онлайн режимінде де қызу жүріп жатты. Атап айтқанда, Zoom, Facebook платформалары пайдаланылды. Жалпы алғанда, ашық өткен пікірсайыстарға 20 мыңнан астам адам қатысты. ТЭН әзірлеу туралы техникалық тапсырмаға сәйкес төрт вариант қарастырылды:

  • Газға көшіре отырып, қазандықтарды жаңғырту;
  • Газ тазарту жабдығын орната отырып, жұмыс істеп тұрған қазандықтарды қайта құру;
  • ЖЭО-2-ні кеңейту;
  • Газбен жұмыс істейтін жаңа станция салу.

   Аталған проблеманы мамандармен – энергетиктермен, экологтармен, экономистермен, билік өкілдерімен талқылай келе, жұртшылықтың және сала мамандарының пікірін ескере отырып, станция иесінің жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ оңтайлы, экологиялық таза және техникалық тұрғыдан іске асыруға болатын №1 нұсқаны таңдап алды. ТЭН-ді әзірлеуші – «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» АҚ.

 

Неліктен «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ»?

 «Қоршаған ортаға зиянын мейлінше азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту»     ТЭН-і әлеуетті бірнеше әзірлеушілер тобының: «Энергия» Қазақстандық отын-энергетикалық жүйелердің ғылыми-зерттеу және жобалау-іздену институты» АҚ-ның, ЖК «Қуаныш Ерлан Мұратұлының», «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» Институты» АҚ-ның қатысуымен өткен ашық тендерде таңдап алынды.

Солардың ішінде тапсырысын барлық талапқа сай берген әлеуетті жеткізіп беруші біреу-ақ – «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» Институты» АҚ, ол энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқарады.

2019 жылғы 15 қарашада бұл ұйыммен ТЭН әзірлеуге келісім-шарт жасалды, оның қолданылу мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсан.

 

Ал ЖЭО-2-ні мүлдем сүріп тастаса ше?

   ЖЭО-2 Алматыны жылумен орталықтандырылған қамтамасыз ету зонасының шамамен 50%-ын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Жылу және электр энергиясының берілмеген мұндай көлемін «АлЭС» АҚ-ның қалған нысандары өтей алмайды.

Оның үстіне, станция созылған жылу жүйелері арқылы компанияның өзге энергия көздерімен – ЖЭО-1-мен және Батыс жылу кешенімен байланысады. Олар бірлесе отырып, жылу энергиясын өндіруді оңтайландырады, бір-бірін теңестіреді және отынның шығындалуын азайтады. ЖЭО-2 сүріп тасталған жағдайда, оның белгіленген жылулық қуаттылығының орнын басу үшін, қажетті инфрақұрылымы бар, қуаттылығы 100 Гкал/сағат болатын 14 қазандық керек болады.  ЖЭО-2 жоғалтқан жылу энергиясының орнын толтыруға қаратылған бұл іс-шаралар қаланың экологиясын жақсартпауы сөзсіз. Электр энергиясын көптеген миллиард болатын шығынмен импорттауды жолға қоюға болар, бірақ жылу энергиясын өзге өңірлерден импорттау мүмкін емес. Оның үстіне, дәл мынадай қомақты көлемде – жылына  3 200 мың Гкал.   

Ал жаңа станция салса ше?

Басқа бір жерде газбен жұмыс істейтін жаңа электр станциясын салу – әуел бастан қымбат жоба. Мәселенің құны – 275 миллиард теңге.  Оған қосымша станцияға қажетті инфрақұрылымды: сумен, газбен қамтамасыз етуді, жылу жүйелерін тартуды және т.б. ойластыру керек.

Ұсыныстар мен ескертулер туралы.

ТЭН-ді талқылау барысында әркім өз ойын айта алады. ҚР Экологиялық кодексіне сай мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде құжат толық көлемде қоғамдық тыңдауларға шығарылады. Қоғамдық тыңдауларға барлық мүдделі ұйымдар мен қоғам өкілдері қатыса алады. Қоғамдық тыңдаулардың уақыты мен тәртібі туралы http://www.ales.kz сайты арқылы да, әлеуметтік желілер арқылы да қосымша хабарланады.

 …Минус 80% шығындылар, плюс «ҚазТрансГаз»-дың газы

 №1 жобаны таңдау алматылықтарға не береді? Ең бастысы – таза ауа. «АлЭС» АҚ кешеніне қарасты ЖЭО-2 станциясын газға көшіру қаланың атмосферасын көмір күлінің, күкірт диоксидінің және күлдің шығарындыларынан толық арылтады. Азот пен көміртегі қышқылын шығару азайып, парникті газдар шығару төмендейді. Тұтас алғанда, есептеулер бойынша, ЖЭО-2 газға көшірілгенде атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-тен астамға қысқарады.

 Оның үстіне, жобаның құны да ең азы – 98,4 млрд теңге. Бұл сыртқы екі газ құбырын есептемегенде. Газбен жабдықтау бойынша ұлттық оператор – «ҚазТрансГаз»-бен алдын-ала жасалған техникалық шарт бар.  Бұдан тыс, жобаны жүзеге асыру күл үйінділері төңірегіндегі проблеманы да шешеді. Бүгінде ЖЭО-2-де құрғақтай сақталатын күл үйінділерінің аумағы 200 гектарды құрайды. Станцияны газға көшіру бұл жерді қаланың басқа мұқтажы үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қолда барды бағалай білу.   

  Өткен ғасырдың 70-жылдарында жасалған жобаны 21-ғасыр деңгейінде «түлету» мүмкін бе? Бұл мәселемен айналысып жүрген мамандар уәждерін көлденең тартады. Қарапайым тілмен айтқанда:

  • ЖЭО-2-ні қайта құру қалыптасқан инфрақұрылымы бар қазіргі алаңды пайдалана отырып, энергия көзін сақтап қалуға негізделеді;
  • қазіргі қаңқасын нығайта отырып, шаңкөмірлі қазандықтар газбен жұмыс істейтін қазандықтарға ауыстырылады; яғни сейсмологиялық тұрғыдан қауіпсіз, сенімді әрі мықты іргетасы – бұрынғысы, ал жабдық, технология – жаңа, пайдалы жұмыс коэффициенті жоғары;
  • жаңа қазандық агрегаттар станция орналасқан 0,000 м белгіден жоғары орналасады, бұл қазандықтардың қаңқасына қойылатын ҚР нормативтік талаптарына сай келеді;
  • жаңа қазандық агрегаттар жақсартылған экологиялық және техника-экономикалық көрсеткіштерге ие, олардың ПЖК-і 94,5%-ке тең (қазіргі қазандықтарда шамамен 89%);
  • табиғи газды жаққан кезде азот оксиді бөлінуін қамтамасыз ету үшін уыты төмен 8 газ жағу түтігін және ауа үрлейтін 4 сопло орнату ұсынылады.

Жоба кімнің есебінен іске асырылады?

   2019 жылы жобаны іске асырудың «жол картасы» бекітіліп, соның тармақтарына сай жоба қаржыландырылады. «АлЭС» АҚ-да мұндай ресурстар жоқ. Қаланың да жобаға күші жетпейді. Қазір қаржыландырудың түрлі варианттары қарастырылуда: кредит алу, мемлекеттік бюджет қаражаты, акционердің қолдауы, қазақстандық даму институттарының қатысуы, мемлекеттік-жеке әріптестік, шекті тарифтер. Аралас шешімдер де болуы мүмкін. Бір нәрсе анық: жасыл энергетика қомақты инвестицияларды қажет етеді.

Таза ауа үшін ақша төлеу керек.

Алматы үшін табиғи газ екібастұз көмірінен біршама қымбат отын. Егер шартты отын түрінде есептеп, салыстырар болса, оның құны қазіргі уақытта көмірдің бағасынан 2,3 есе жоғары. Алматының тұтынушылары үшін жылу энергиясының соңғы тарифі оны өндіруге, жеткізуге, бірнеше компаниялар арасында бөліп-таратуға жұмсалатын шығындарды есептеп барып құралады.

 Бірақ ТЭН-де тарифтің өзі емес, ЖЭО-2-нің шығандарын өзгерту тарифтерге қалай әсер ететіні бағаланды. Құжатта станцияны газға көшіру оның тарифтеріне және Алматының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ету қызметіне қалай әсер ететіні көрсетілді.

ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасы іске асырылғаннан кейін мынадай алгоритм айқындалды:

  • өзіндік құндағы отынның үлесі 2,2 есе ұлғаяды.
  • жылу энергиясын өндірудің өзіндік құны 1,6 есе ұлғаяды.
  • «АлЭС» АҚ-да жылу энергиясын өндірудің есептік тарифі 30-40%-ке ұлғаяды.
  • тұтынушылар үшін жылу энергиясының есептік тарифі 20-25%-ке ұлғаяды.
  • ЖЭО-2-ден басқа барлық жылу көздері 2020 жылғы көрсеткіштер деңгейінде ескерілген.
  • Жобаны келісудің және бекітудің қандай кезеңдері алда тұр?
  • 2020 жылғы қазан-қарашада қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
  • Содан кейін ТЭН мемлекеттік сараптамаға келісуге жіберіледі.
  • Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы негізінде ТЭН-ді тапсырыс беруші – «Самұрық-Энерго» АҚ бекітеді.

Жобаны аяқтаудың шынайы мерзімі қандай?

Алматы қаласының жұртшылығы мен әкімдігінің пікірін ескере отырып, қазіргі уақытта станцияны газға түбегейлі көшіру мерзімін қысқарту шаралары қолға алынуда. Бұрын хабарланғандай, бекітілген жоспарға сәйкес ЖЭО-2-ні толық жаңғырту 2029 жылы аяқталады  деп жоспарланған болатын. Дегенмен, станциядағы 8 қазандық агрегатты газға көшіру кезең-кезеңімен іске асырылатынын атап өту қажет. Бұл  – 2025 жылдан бастап ЖЭО-ның бір бөлігі газға көшіріледі деген сөз. 

Алматының энергетикасы «жасылдана» түсуде.

  «АлЭС» АҚ өз нысандарының экологиялығын арттыру жолында жүйелі әрі дәйекті жұмыс жүргізуде. Бірнеше факті:

  • 2013 жылға қарай компанияға қарасты жылу станцияларының барлық қазандық агрегаттары күлді ұстау мүмкіндігі 99,2% - ЖЭО-1-де, 99,5% - ЖЭО-2-де және ЖЭО-3-те жаңа үлгідегі эмульгаторлармен жабдықталды;
  • бұл АлЭС-тің органикалық емес шаң-тозаң бойынша жиынтық шығарындыларын 2007 жылы 19 мың тоннадан 2019 жылы 8 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді;
  • азот қышқылы шығуын азайту және табиғатты қорғау мақсатында компанияның үш ЖЭО-сында негізгі және қосалқы жабдықты жөндеу жұмыстары жүргізілді;
  • ЖЭО-1 2017 жылы 100% газға көшірілді;
  • «АлЭС» АҚ-ның жиынтық шығарындылары 2007 жылы 68 мың тоннадан 2019 жылы 49 мың тоннаға дейін азайтылды, бұл 27%-ті құрайды;
  • ЖЭО-3-ті газға көшіру бойынша алдын-ала ТЭН әзірлене бастады.

    «АлЭС» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ-мен, еліміздің өзге де ірі кәсіпорындарымен, ҚЭҚ және Kazenergy қауымдастығымен бірлесе отырып, ҚР жаңа Экологиялық кодексін, сондай-ақ ең үздік әрі қолжетімді технологиялар жөніндегі анықтамалықты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысады.

 

Алғашқы қадам жасалды. Кезек кімдікі?

   ЖЭО-2 станциясын газға көшіру Алматы компаниясының қаладағы және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі алғашқы және маңызды қадамы болды. Алайда, ЖЭО-2-нің шығарындылары экологтардың соңғы деректері бойынша барлық шығарындылардың 30%-тін ғана құрайды. Үйлерді және моншаларды жылыту үшін көмірді, резинаны және өзге де тиімсіз отынды пайдаланатын жеке меншік сектор атмосфераны ластауға   айтарлықтай үлесін қосуда. Бұған автокөлік пен өзге де жылу көздерін қосыңыз, сонда олардың үлесі 70% болмақ.   

  Экологияны жақсарту бағытында олардың қайсысы энергетиктердің соңынан ереді екен?

Анықтама:

Алматы ЖЭО-2 – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін аса ірі жылу станциясы. Станция  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жаз кезінде 100% ыстық су және 50% электрэнергиясы, жыл бойы «Алматы электр станциялары» АҚ өндірген). ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВтты, жылулық қуаттылығы - 1411 Гкал/сағатты құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Алматы ЖЭО-2 газбен істейтін станция болады

Оңтүстік мегаполистегі жылудың және электр энергиясының негізгі көзі саналатын Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Бұл туралы бүгінде қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту бойынша жұмыс жүргізіп отырған «Самұрық-Энерго» АҚ-да айтылды.

Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуды, өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін  нысандар қалада баршылық (автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмірмен істеу арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар). Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандырумен, жел режимін ескере отырып құрылыс жүргізумен,  отынның сапасымен және т.б. байланысты мәселелерді шешу тұр.

ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқалары қарастырылды. «АлЭС» АҚ-ның тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді.

ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станция әсерін тигізетін зонада ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені еш күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-тен астамға қысқарады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудың тиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерін ескереді.

Анықтама:

Алматы ЖЭО-2 – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін аса ірі жылу станциясы. Станция  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВтты, жылулық қуаттылығы - 1411 Гкал/сағатты құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

2-ЖЭО 40 - жылдық мерейтойын атап өтуде

2-ЖЭО Қазақстанның ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. Бұл электр станциясы құрастырылу жағынан ерекше. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдікке тереңдетілді. Станцияда елімізде алғаш рет сейсмикалық орындаудағы бу өнімділігі сағатына 420 тонна қазандық агрегаттары іске қосылды.

2-ЖЭО энергетикалық қазандары бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес, көмір мен мазутпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда станция оны газға ауыстыруды көздейтін жаңғыртуға дайындалуда.

2-ЖЭО орнатылған электр қуаты - 510 МВт, жылу қуаты - 1411 Гкал/сағ. Орташа жылдық өндіру-2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясы және 3,2 млн Гкал жылу энергиясы. 2-ЖЭО стратегиялық маңызды объект болып табылады, өйткені ол Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен және жыл бойы 50% «АлЭС» АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

2-ЖЭО  арқылы энергетиктердің бірнеше ұрпағы өтті. Оның алғашқы директоры Евгений Волков болды. Кейіннен станцияны 9за0 жылдар бой Қапыш Петр, Кравцов Валентин, Оразбаев Бірлік, Календарев Ахат, Төтебаев Серік, Сабырқұлов Бисембек, Салимов Фазоил басқарды. Қазір 2-ЖЭО-ны Шанлақбаев Асхар басқарады. 40 жыл бұрын станцияға электр цехының аға кезекші электр монтері Мұхамед-Рахимов Нұрлан келді.

Қазіргі таңда ол «Алматы электр станциялары» АҚ басқарады.

Қазір де тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды станцияның кәсіби персоналы қамтамасыз етеді, онда тәжірибелі энергетиктермен қатар болашағы зор жастар да жұмыс істейді. - Біз 2-ЖЭО-де қызмет ететін энергетиктердің аға буыны мен жас қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз,-дейді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. - Еліміздің жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жұмысқа шақырып, ертеңгіге алаң болмау үшін, саналы,  дарынды ұрпақ сабақтастығына ерекше көңіл бөлеміз. Осылайша жастарға жол көрсетіп, тәлім –тәрбие берсек, келер ұрпаққа берері мол кәсіби мамандар болатынына кәміл сенемін.  

2-ЖЭО: тарихының бастауы

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО бірінші энергоблогының қазандығында алау жағылды

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО-нің көрінісі: ауыр мұнара крандарыны, шаң іздерін қалдырған тиелген жүк машиналары болашақ цехтар мен қызметтерге құрылыс материалдарын жеткізді. Ал 26 тамыз күні жаңа елордалық жылу электр орталығының тарихындағы алғашқы жұмыс күні ерекше болды. Кешке қарай қазандық агрегатына құрылысшылар, монтажшылар, т.б. жұмысшылар жиналды. Іске қосу бастығы, қабылдау комиссиясының төрағасы, «Алмаатаэнерго» АБ басқарушысы Жакутов Айтқали Жақұтұлы іске қосуға рұқсат беру туралы журналға соңғы жазба жасап, Алматы 2-ЖЭО бас инженері Виктор Андреевич Тюсинге қазандықты ерітуге өкім берді.

№1 қазандық агрегатын еріту кезінде алауды жағудың құрметті құқығын «Алмаатагрэсстрой» басқармасының кешенді бригадаларының бригадирлері, станция құрылысы басталған кезде бетонның бірінші текше метрін салуға қатысушылар – Амадье Асанов, Степан Пола, ағаш ұстасы Кирилл Бухарев, электр дәнекерлеуші Вера Долгополова, Покровский монтаждау басқармасының бригадирі Эрик Вихту, трест монтаждау басқармасының бригадирлері Брий Пласин мен Виктор Огородников алды.

23.00 қазандық агрегатының алғашқы алауы жағылды. Қазандықтың оттығында өрт шыққанына төрт сағат өтті. Қазандық агрегатының құбыр желісі аса берік құбырларының километрлері күш алуда. Өздігінен жазғыштар басқару қалқанында жүздеген құрылғылар металл беттерін жылыту жылдамдығы мен қысым температурасы туралы алғашқы ақпараттарды тіркеп отырды…

Уақыт түн ортасы, бірақ құрылыс жұмысын жалғастырды: екінші ауысымның құрылысшылары жұмыс істеді, дәнекердің ұшқыны, ал қазандық цехында қазандықтың аға машинисі Валерий Вержук, қазандық цехының ауысым бастығы Рудольф Вольф, станция ауысымының бастығы Владимир Сергеевте қызу жұмыс үстінде. Олар сағат сайын жабдықтар мен жабдықтардың қалыпты жұмысын хабардар етіп отырды.

Күрделі емтиханнан өтті: машиналар өздерінің сенімділігін көрсетті, мамандардың тәжірибесі мен білімі тәжірибеде расталды. Осылайша, жаңа жылу электр орталығы  1980 жылы 26тамызда өмірге жолдама алды.

Бүгін біз Алматы 2-ЖЭО-нің 40 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл Қазақстандағы электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша ең ірі жылу станциясы. 2-ЖЭО  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен жабдықтау және 50% жыл бойы "Алматы электр станциялары"АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

Қазір ЖЭО-2 жыл сайын 2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 3,2 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді, ал алдымен станцияның іске қосылуы 78,5 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 102,8 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді.