«Qazaq Green Power PLC» Жария компаниясы Директорлар кеңесінің шешімімен Долқын Исламов «Samruk-Green Energy» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.
Компания ұжымына жаңа басшыны «Samruk-Green Energy» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы – «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов таныстырды.
Исламов Долкын Усманович 1966 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Жетісу облысында дүниеге келген.
Жоғары экономикалық және техникалық білімі бар.
Жалпы еңбек өтілі 32 жылды құрайды, оның ішінде энергетика саласында 14 жылдан асады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2009 жылдан бері жұмыс істейді, оның ішінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Техникалық аудит қызметін ұзақ уақыт басқарды, сондай-ақ компанияның Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз Энергия кешенінің кәсіпорындары - Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде және республика энергетикасы үшін аса маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда. Нысандардың өндірістік алаңдарына жұмыс сапарымен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов келді.
Сапар «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр станциясынан басталды. ЕГРЭС-1 белгіленген қуаты 4000 МВт және қолда бар қуаты 3500 МВт болатын қазақстандық энергетиканың флагманы болып табылады. Ағымдағы жылдың соңында №1 энергия блогын пайдалануға бергеннен кейін станцияның қолда бар қуаты 4000 МВт-ны құрайды. ЕГРЭС-1-дің электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 23 млрд. кВтсағ құрады, бұл станция тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ағымдағы жылдың 6 айында станция 11,2 млрд. кВтсағ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% - ға артық.
ЕГРЭС-1-дің ақпараты бойынша, 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық шеңберінде негізгі жабдықты жөндеу кестесі әзірленіп, бекітілді. Жөндеу науқаны барысында барлық энергия блоктарын жөндеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта №3 энергия блогына күрделі жөндеу жүргізілуде. Көмір жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, олардың тәртібі «КЕGОС» АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілді. 2023-2024 жж. КҚК-ге қарай қоймаларда көмірді жоспарлы жинақтау жүріп жатыр.
Қайрат Мақсұтов станцияның 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығының, оның ішінде жөндеу науқанын орындаудың және көмір қорын уақтылы жинақтаудың маңыздылығын атап өтті. «№1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасын іске асыру туралы айта келе, «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы оны белгіленген мерзімде аяқтау міндетін қойды.
Келесі нысан «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ электр станциясы болды. Оның белгіленген электр қуаты 1000 МВт-ны құрайды. Станция жыл сайын шамамен 6,0 млрд.кВтсағ электр энергиясын өндіреді, сондай-ақ Солнечный кентін жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың 6 айында станция 3,0 млрд. кВтсағ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5% - ға артық.
Қайрат Мақсұтов 2023 жылғы жөндеу науқанының барысымен танысты. № 2 энергия блогы 2 мамырдан 26 шілдеге дейін күрделі жөндеуде, ол аяқталғаннан кейін №1 энергия блогын ағымдағы жөндеуге шығару жоспарлануда. Станция қоймаларында қажетті отын қорлары (көмір, мазут) жинақталған, жеткізу уақтылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылғы отын жеткізуге арналған шарттар бар.
Сондай-ақ, электр станциясының басшылығы «Самұрық-Энерго» басшысын №3 және №4 энергия блоктарын салу жобаларының іске асырылу барысымен таныстырды.
Одан әрі Басқарма Төрағасы «Богатырь» кесігіне келіп, көмір берудің циклдық-ағындық технологиясын енгізу жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты. «Богатырь Көмір» ЖШС жыл сайын ҚР және РФ энергия өндіруші ұйымдары үшін шамамен 42 млн тонна энергетикалық көмір жеткізеді. ЦАТ жобасын аяқтау тұтынушыларға көмір жөнелтуді жылына 52 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың тамыз айында жоспарлануда.
«Самұрық-Энерго» АҚ – 2007 жылы құрылған Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Асан Наурзғалиев «Болат Нұржанов атындағы 1-МАЭС» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов станция ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Наурзгалиев Асан Акимгалиевич 1978 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келді.
Алматы энергетика және байланыс университетін 2000 жылы «Жылу энергетикасы, Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша аяқтайды. Еңбек қызметін 2000 жылы «Қазақмыс, МАЭС» ЖШС бу турбиналарының машинисі болып бастады, содан кейін 2003 жылы турбина бөлімшесінің аға машинисі болып тағайындалды. 2004 жылы ӨТБ бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. 2007 жылдың наурыз айынан бастап кезеңде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жылу энергетигі-инженері лауазымына кіріседі, 2009 жылы даму және қайта құру тобы бастығының орынбасары, 2010 жылдан бастап электр сүзгілерін монтаждау және жөндеу жөніндегі цехтың бастығы болды. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін жөндеулерді дайындау және жүргізу бөлімінің бастығы, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін күрделі құрылыс жөніндегі директор лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде «ERG Capital Projects» ЖШС компаниялар тобында, ССКӨБ АҚ ЖЭО басқарушылық жобалары - бу қазандықтары мен турбиналарды ауыстыру бойынша жұмыс істеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Компанияның Алматы энергетикалық кешеніні кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында электр энергетикалық холдингінің басшысы алдағы жылыту кезеңіне дайындықпен байланысты жұмыстарды тексеріп, Алматы қаласы мен өңірдің энергетикасындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
«Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) орталық диспетчерлік пункті Қайрат Мақсұтов тоқталған алғашқы нысандардың бірі болды. «АЖК» АҚ– республиканың оңтүстігіндегі халыққа электр энергиясын жеткізетін және тарататын ірі өңірлік электр желілік компаниялардың бірі. Ол Алматы аймағының 4 миллионға жуық халқын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бүгінде АЖК энергетиктері жөндеу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын әуе және кабель желілерінде жұмыс жүргізуде. Алматы облысы мен қала бойынша 869 тарату және трансформаторлық қосалқы станцияларда, 600-ден астам күштік трансформаторларда жоспарлы жөндеу жұмыстары іске асып жатыр.
Қайрат Мақсұтовтың келесі аралаған нысаны «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) және оның бірқатар негізгі энергия өндіруші объектілері болды.
АлЭС мамандарының айтуынша, 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында негізгі жабдықты жөндеу кестесі әзірленіп, бекітілді. Жөндеу науқаны барысында 70 негізгі жабдықты (қазандықтар, турбиналық - және гидроагрегаттар) жөндеу, оның ішінде 12 күрделі және 58 ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. Көмір мен газды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстарының тәртібі «КЕGОС» АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алматы ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстарының барысына ерекше назар аударды. ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасының басты мақсаттарының бірі – станцияның қала атмосферасына зиянды шығарындыларын азайту. Бүгінгі таңда жоба практикалық іске асыру сатысына шықты, мердігермен EPC-келісімшартына қол қойылды. Бұл – жабдықты жобалау мен жеткізуден бастап іске қосу-жөндеу жұмыстарына дейін және пайдалануға беруге дейінгі жұмыстардың толық циклін орындауды білдіреді.
Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту – ҚР оңтүстік аймағындағы маневрлік қуаттарды жабу және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін қуаты кемінде 450 МВт бу-газ қондырғысын салуды көздейді. Бұл жобаларды іске асыруды аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы энергокешені нысандарын аралаудың қорытынды жиналысында компания Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов бірқатар тапсырмалар берді:
«АЖК» АҚ-на – коммерциялық шығындарды азайту жұмыстарын жалғастыруды, тәулік сайынғы дисбаланстың орын алмауын және Алматы энергоорталығының тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
«АлЭС» АҚ-на алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жоспарланған жұмыстарды толық аяқтау және Алматы ЖЭО-2, ЖЭО-3 нысандарын газға көшіру бойынша инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімде іске асыру тапсырылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ – 2007 жылы құрылған Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары. Компанияның акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100%тиесілі.
Астанада биылғы жылдың 6 шілдесі күні дәстүрлі түрде Ironman Kazakhstan 2023 өтті. Бұл – дүниежүзі бойынша барлық спорт сүйер қауымның назарында болатын ерекше триатлон жарысы.
Жарыс 3,8 км қашықтыққа жүзуден басталып, 180 километрге велосипед тебумен ұласты. Спортсмендердің қордағы бар күшін салуды талап ететін шешуші дисциплина – марафон жүгірісі — 42,2 км қашықтыққа көзделген.
Ironman Kazakhstan жарысына қатысу – физикалық қана емес, сонымен қатар ментальді дайындық пен төзімділікті қажет етеді. Спортшылар алға қойған мақсаттарына жету үшін жарысқа айлап, жылдап дайындалады.
Биыл Самұрық-Энерго қызметкерлерінің бірқатары аталған жарыстың қатысушысы болды. Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Рысқұлов Айдар Қайратұлы Half Ironman (жартылай марафон) жарысында мәреге төмендегідей көрсеткішпен келді:
жүзуден - 50 минут 16 секунд;
велосипед - 2 сағат 57 минут 16 секунд;
жүгіруден - 2 сағат 9 минут 52 секунд.
Ал Самұрық-Энерго АҚ «ЖЭК және тарату» департаментінің бас маманы Мырзаханов Даурен Садуақасұлы да Half Ironman-да:
жүзуден – 1 сағат 0 минут 11 секунд;
велосипедпен – 3 сағат 49 минут 24 секунд;
жүгіруден – 2 сағат 39 минут 1 секундпен мәреге жетті.
Ironman эстафетасы – триатлонның үш дисциплинасын команда болып өтетін жарыс түрі. Егер жеке қатысушы жүгіруден, велосипед тебуден және жүзуден берілген қашықтықты толығымен өзі еңсерсе, мұнда әр қатысушы бір ғана қашықтықты жүріп өте алады.
Осындай командалық Ironman эстафетасына қатысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры Рашид Есхожин мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі орынбасары Акенев Еркен Болатұлының көрсеткіштері 6 сағат 4 минут 49 секунд болды.
Сонымен қатар толық марафонды еңсерген Самұрық-Энергоның «Нарықты дамыту мен Сату» департаментінің бас сарапшы маманы Бақтияр Ерлан Құсайынұлы да тамаша көрсеткіштермен:
жүзуден - 1 сағат 28 минут 40 секунд;
велосипедпен - 5 сағат 49 минут 13 секунд.
жүгіруден - 5 сағат 7 минут 38 секундта мәреге жетті.
«Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті!Тамаша спорт мерекесі Ironman-нің ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Бұл жарыстың толық дистанциясын өту – өте ауыр әрі үлкен сынақ. Қашықтықтың әрбір кезеңінде маған қолдау білдіріп, демеу көрсеткен жандарға үлкен рахмет айтамын. Мен әрқашан айронменшілерді құрметтеп, тамсана қарайтынмын. Нағыз айронмен атануды өз тәжірибемнен өткіздім. Енді оларды бұрынғыдан артық сыйлаймын! – деп ағынан жарылды Ерлан Құсайынұлы.
Ironman Kazakhstan — спорттық жарыс қана емес, белсенді өмір салты мен бәсекелестік рухының мерекесі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Компанияның жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды.
Мақсұтов Қайрат Берікұлының екі жоғары білімі бар – экономикалық және бейіндік энергетикалық. Әр жылдары банк құрылымдарында, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.
2009 жылдан 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 жылдан қазіргі кезге дейін энергетика саласындағы холдингтік компанияларға басшылық жасады.
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде конкурс жеңімпазы марапатталды. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы бойынша экология департаменті, БАҚ, «Arka Development» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 маусымында «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО гидркүл-қож қалдықтарын қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі ғылыми-техникалық жобаларды іздестіру конкурсын қорытындылады. Конкурстық комиссия егжей-тегжейлі зерделеген әлеуетті қатысушылардан жеті өтінім түсті. Оның құрамына әкімдіктің, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің өкілдері, ғылыми институттардың техникалық мамандары және «АлЭС» АҚ кірді. Ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша байқау жеңімпазы бірауыздан «Arka Development» ЖШС болып таңдалды.
Ұсынылған жоба Алматы 2-ЖЭО жанында жылдық өнімділігі 300 мың тонна күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу кешенін салуға мүмкіндік береді. Күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде өнімнің төрт түрі алынатын болады:
көмір жағу (қазандықтарға арналған брикеттелген өнім),
магнетит (металлургия өнеркәсібіне арналған шикізат ауыр бетон толтырғышы);
микросфера (пластмассадан, гипстен, керамикадан, жеңіл цементтерден жасалған бұйымдар өндірісіндегі толтырғыштар);
алюминий силикат өнімі (құрылыс материалдарына арналған шикізат).
Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40% – ға, 2050 жылға қарай 50% - ға дейін жеткізілуі тиіс.
Бұл жоба Алматы ЖЭО-да пайда болатын күл-қож қалдықтарынан өңдей отыра, олардан 99% - ға дейін пайдалы элементтер алу, күл-қож алаңдарын қысқарту, содан кейін оларды толық қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында «АлЭС» АҚ-ның «Arka Development» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. «АлЭС» АҚ күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үздік ұсыныс үшін конкурс жеңімпазына 1 000 000 теңгеге сертификат табыс етті.
Бұл туралы ұлттық компанияның басшысы Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 200 млн теңге жолдады. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы эвакуацияланған елдімекендердің тұрғындары мен өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде 200 млн теңге жіберу туралы шешім қабылдады. Бүкіл Қазақстан орман өрттері өршіп тұрған Абай облысындағы отандастары үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде де бұл қайғыға бей-жай қарай алмаймыз", - деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы.
Қаражат Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы ұлттық еріктілер желісіне аударылады.
Бүгін Астанада Азия Даму Банкі (АДБ) мен «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдинг құрылымындағы «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) компаниясы арасында Кредиттік келісімге қол қойылды. Құжат «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып жаңғырту» жобасын қаржыландыруды көздейді, жоба бойынша жүргізілген жұмыстар бүгінде практикалық іске асыру кезеңіне өтті.
Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповтың, АДБ президенті Масатсугу Асакаваидың (Masatsugu Asakawa) және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаевтың қатысуымен өтті. Жалпы сомасы 98 млрд теңгені құрайтын Қарыз шартына «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев пен АДБ-ның Оңтүстік, Орталық және Батыс Азиядағы жеке сектордың инфрақұрылымдық жобалары жөніндегі департаментінің директоры Шантану Чакраборти (Shantanu Chakraborty) қол қойды.
Алматы ЖЭО-2 нысанын иеленетін «АлЭС» АҚ үшін АДБ аталған жобаны іске асыру шеңберінде кредиттік келісім жасалған үшінші қаржылық серіктес болып отыр. Бұрын Алматы қаласында ескі ЖЭО-2 жанындағы алаңда жаңа газ станциясының құрылысын қаржыландыру бойынша тиісті шарттар Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен (ЕҚДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен (ҚДБ) жасалған болатын.
АлЭС басшысы Ерлан Киркинбаевтың айтуынша, АДБ-мен қарыз туралы келісімге қол қою жобаны қаржыландырумен байланысты барлық мәселелерді түпкілікті шешетін болады. Станция толығымен табиғи газға ауысып, көмірді отын ретінде пайдаланудан бас тартатын болады.
Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту және газ отынына ауыстыру жөніндегі жоба «Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ қолдауымен іске асырылуда. АлЭС пен АДБ арасындағы кредиттік келісімге қол қою жөніндегі іс-шара шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен АДБ арасында кепілдік шартына қол қойылды. Қор мамандарының айтуынша, қол қойылған құжат тәуекелдерді азайтуға және жобаны несиелеу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ЕҚДБ халықаралық стандарттары мен ережелері бойынша екі кезеңмен өткен ашық халықаралық тендер қорытындысы бойынша энергетика саласындағы жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық үш ірі компаниядан тұратын консорциум жаңа газ турбиналы ЖЭО құрылысының мердігері ретінде айқындалған болатын. Ағымдағы жылғы мамыр айының соңында «АлЭС» АҚ конкурс жеңімпазымен жұмыстардың толық циклін - жобалау, жабдықтарды жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауға, пайдалануға беруге EPC-келісімшарт жасасқан болатын.
АлЭС жобалар портфелінде Алматы ЖЭО-2 станциясын жаңғыртудан басқа - Алматы ЖЭО-3 аумағында қуаты 545 МВт болатын аралас циклді газ станциясын салу, қуаты 250 МВт дейінгі бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын қайта жаңарту жобалары да бар. Сонымен қатар, біз Іле өзенінде қарсы реттегіш нысанын салу және ГЭС каскадын қайта құру арқылы Қапшағай ГЭС-ін жаңғырту жобаларын әзірлеуге кірісіп кеттік.
Осы жобаларды іске асыру жүргізіліп жатқан басқа шаралармен қатар Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының әуе бассейнін айтарлықтай сауықтыруға мүмкіндік бермек, тұрақты жылу және энергия қуатымен жабдықтауды, сондай-ақ өңірдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін боолады. Нәтижесінде, «Алматы электр станциялары» АҚ толығымен «жасыл энергетиканы» дамытуға бағыт алған еліміздегі ірі энергия компанияларының біріне айналатын болады.
«Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық ірі электр энергетикалық холдингі, «Power Construction Corporation of China» (Power China) қытай компаниясы және Алматы облысының әкімдігі Алматы облысының Шелек дәлізіндегі ЖЭК жобасын 810 МВт-ға дейін кеңейтуді көздейтін іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын (Жол картасын) бекітті. Іс-шара Астана Халықаралық форумы барысында өтті.
Жол картасына «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев, «Power China» уәкілетті өкілі Чэн Чэн және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қол қойды.
«Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын келешекте кеңейте отырып, салу» жобасы іске асырылып, нысан 2022 жылдың жазында пайдалануға берілді. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Power China» компанияларының бірлескен жұмысы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болды.
2023 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Power China» арасында Шелек дәлізіндегі ЖЭК жобасын 810 МВт-қа дейін кеңейту бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сол кезде тараптар Алматы облысында қуаты 310 МВт болатын ЖЭС, ГЭС гибридті станциясын салуға және өңірде қуаты 500 МВт жел электр станциясын салуға байланысты жобаларды іске асыру арқылы жобаның бірінші кезеңін 810 МВт-ға дейін кеңейту мүмкіндігін толық зерделеуге ниет білдірді.