«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Богатырь Көмірде көшпелі кеңес өткізді

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 және «Богатырь Көмір» ЖШС-де көшпелі отырыстар өткізді.

Жұмыс сапары аясында электр энергетикалық холдинг басшысы Екібастұз ГРЭС-1-дегі №1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеріп, күзгі-қысқы жылыту маусымы бойынша, сондай-ақ №3 энергоблокты жаңғырту жұмыстары туралы есепті тыңдады.

Содан кейін Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялық-инновациялық кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, отынмен қамтамасыз ету өндірісі кешенін қайта құру және жаңғырту мәселесін қарады.

ГРЭС-2 станциясында «Самұрық-Энерго» АҚ басшысына қысқы жылу беру маусымы бойынша есеп берілді. Жалпы, ГРЭС-1 және ГРЭС-2-де жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Электр станциялары отынның нормативтен тыс қорымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар отырыста 2024 жылға жоспарланған ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ үшінші және төртінші энергоблоктарды орнату арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңғырту жобасының барысы қаралды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-де «Самұрық-Энерго» басшысы көмір өндірудің циклдік-ағынды технологиясы және циклдік-ағындық аршу жүйесі  жобаларын жүзеге асыру жұмыстарымен танысты. Одан басқа көмір сату нарықтарын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары 8 наурыз қарсаңында ардагер энергетиктерді құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарының қызметкерлері Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың бастамасымен энергетика саласындағы ардагер әйелдерді құттықтады.

Компаниялар тобының өкілдері өмір бойы ел игілігі үшін еңбек еткен ардагерлерге алғыстарын білдірді. Олардың қатарында Рыбленкова Қарашаш Абдарқызы мен Махметова Гүлсім Қазтайқызы бар. Екі ардагер де «Богатырь Көмірде» 40 жылдан астам еңбек етіп, «Көмір өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болған.

Қазір Қарашаш Әбдарқызы мен Гүлсім Қазтайқызы зейнеттік демалыста немере-шөберелерін өсіріп отыр. «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері энергетика саласының ардагерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мереке қарсаңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері компания тарихына елеулі үлес қосқан зейнеткерлерге барды. Татьяна Федоровна Нестеренко компанияда 40 жылдан астам жұмыс істеп, өмірін энергетика саласының дамуына арнаған кәсіби маман.

Құлмұратова Ләззат Құлмаханқызы Ш.Шокина атындағы Қапшағай су электр станциясында рұқсаттама бюросының кезекшісі, Қырмызы Дүйсенқызы Қасымбалинова «АлЭС» АҚ отынмен қамтамасыз ету бөлімінде ұзақ жылдар жұмыс істеген. Ал Елена Степановна Бондарева едәуір уақыт бойы логистика бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 8 наурыз мерекесіне орай «АлЭС» АҚ-ның 500-ге жуық зейнеткер әйелдері құттықтаулар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қызметкерлері де өз ардагерлерін назардан тыс қалдырмады. Олар ұзақ жылдар энергетика саласында еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардақты ардагер әйелдерге  мерекелік көңіл-күй сыйлап, мейраммен құттықтады.

Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорнының басшылығы мен белсенді жастары зейнеткерлік  демалыста жүрген энергетиктерге барды. Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гауһар Нұғманова ардагерлерге сыйлықтар табыстап, стансаның құрылуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Еділ Көпенов мерекелік шараға ардагерлерді шақырып, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Кездесу қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тамаша әсер қалдырды.

Энергетика ардагерлері көрсетілген сый-құрмет, ілтипат пен қамқорлық үшін  алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Қазақстанда алғаш рет ГАЭС салу туралы «Самұрық-Энерго» АҚ мен халықаралық корпорация арасында келісімге қол қойылды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Қытай Халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы (ары қарай Қытай энергетика корпорациясы) директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ши Интао Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясының (ГАЭС) жобасы бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Тараптар жобаны әзірлеу және оны іске асыру бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.

Атап айтқанда, Қытай энергетика корпорациясы Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуетін талдауды қоса алғанда, жоба бойынша техникалық-экономикалық зерттеуді жүзеге асыруға ниетті. Сондай-ақ, қытайлық мамандар гидроэнергетикалық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісуге және еліміздегі алғашқы ГАЭС құрылысына жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұған дейін Қытай энергетика корпорациясы Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі су электр станциясы - Мойнақ ГЭС-ін салуға қатысқан болатын. Аталған келісім елдің энергетикалық секторының жаңа бағыттағы серпінді жобасын іске асыру үшін өзара тиімді әріптестік ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы ниетті бекітті.

Айта кетейік, ГАЭС – электр жүктемесі кестесінің тәуліктік әркелкілігін теңестіру үшін қолданылатын су электр станциясы. Бұл станция электр энергиясын өндіріп және оны жинақтау үшін тиімді. Сонымен қатар ГАЭС төтенше  жағдайларда, тіпті жүктеме көп болған кезде де электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ете алады.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысты

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өткен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі.

Қайрат Мақсұтов өз баяндамасында қол жеткізілген өндірістік көрсеткіштер мен 2023 жылы жүзеге асырылған инвестициялық жобалар туралы хабардар етті.

Қысқы жылу беру кезеңінің өтуіне қатысты компания басшысы «Самұрық-Энерго» электр стансаларында жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті. Энергетикалық нысандар отынның нормативтен тыс қорымен қамтамасыз етілген. 

Сонымен қатар, электр энергетикалық холдинг басшысы компанияның 2024 жылға арналған бірқатар инвестициялық жобаларын іске асырудың жоспарларымен бөлісті.

Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытында «Самұрық-Энерго» Энергетика министрлігімен тығыз байланыста және Үкіметтің қолдауымен аталған бағытта көптеген жұмыстар атқаруда.

2023 жылы негізгі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдететін нормативтік құқықтық актілерге бірқатар түзетулер енгізілді. Қайрат Мақсұтов заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары биыл да жалғасатынын атап өтті.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинары өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында комплаенс-оқыту семинары өтті. Оған компания басшылығы қатысты, сондай-ақ іс-шараға құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері онлайн форматта қосылды.

Семинардың спикері ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы Мирас Қарғабай сөз сөйледі. Ол семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан реформалар мен инновациялар туралы айтып берді.

Семинар барысында сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды болдырмау мәселелері және парақорлыққа қарсы күрес аясында қандай шаралар қабылданғаны туралы түсінік берілді.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Қазына» Қоры Басқарма төрағасы ЖЭО-2-ні жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов "АлЭС" АҚ-на қарасты 2-ЖЭО-ға жұмыс сапарымен келді. Станцияны аралау барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов та болды.
«АлЭС» АҚ басшысы Ерік Маширов Қор жетекшісіне жылыту маусымының үрдісі туралы есеп беріп, 2023 жылғы компанияның қызметі мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Одан өзге, Ерік Қанышбекұлы Қор басшысына энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін «Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын жүзеге асырудың барысы туралы баяндады. Айта кетейік, ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру жобасы - зиянды шығарындыларды азайтуға қол жеткіздіреді.
Қазіргі уақытта жобаға дайындық жұмыстары, оның ішінде геологиялық барлау және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталуы 2026 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Еске салайық, 2023 жылғы 31 мамырда «АлЭС» АҚ мен Dongfang Electric International Corporation, PowerChina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және PowerChina Hebei Electric Power Engineering Co компаниялары кіретін консорциум арасында ЖЭО-2 жобасы бойынша EPC келісімшарты жасалған болатын. Консорциум - компаниялар одағы, оның бірінші мүшесі – өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды шығаратын ірі өндіруші, екіншісі – EPC шарттары бойынша жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі бар компания болса, үшіншісі – жобалауға маманданған ұйым.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы компания қызметкерлерімен есептік кездесу өткізді

2024 жылғы 31 Қаңтарда "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Берікұлы Мақсұтов компания қызметкерлерімен есептік кездесу өткізді.

Кездесу аясында Басқарма Төрағасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам қызметінің нәтижелерін және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын айтты. 2023 жылдың негізгі қорытындылары:

- электр энергиясын өткізу, беру және өткізу көлемінің, сондай-ақ жылу энергиясын өткізу көлемінің 100% орындалуына қол жеткізу;

- электр энергиясын өндіруге, беруге және өткізуге арналған тарифтерді, электр қуатының әзірлігін қолдау қызметтеріне арналған тарифті, сондай-ақ жылу энергиясын өндіруге арналған тарифті арттыру;

- қоғамның қаржылық нәтижесін жақсарту;

Компания қызметкерлерінің ESG саласындағы Қоғам қызметін жақсарту, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өтімділікті тиімді басқару, бизнес-процестерді автоматтандыру, заңнамалық бастамаларды табысты іске асыру жөніндегі нәтижесі атап өтілді.

2024 жылға өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту, қоғамның даму стратегиясын өзектендіру, еңбекті қорғау және бизнес-процестерді автоматтандыру, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, инвестициялық жобаларды іске асыру, ESG-рейтингін жақсарту жөнінде  негізгі мақсаттар айтылды. Сондай-ақ қоғамның әлеуметтік саясатын жақсарту, атап айтқанда, қоғам компаниялары тобында әртүрлілік және гендерлік теңдік саясатын жүргізу және басқа да көптеген міндеттер айтылды.

Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы "Самұрық-Энерго" АҚ ұжымына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіріп, компанияның еліміздің энергетикалық секторын дамытуға елеулі әсерін атап өтті.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Ақмола облысында ЖЭО салады

2024 жылғы 30 қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Іс-сапар аясында электр энергетикалық компаниясының басшысы облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановпен «Көкшетау ЖЭО-ны салу» жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесуде тараптар жобаның жобаланған ТЭН-інің нәтижелерін талқылап, жаңа энергия объектісін дамыту және салу перспективасын ескере отырып, қаланы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту қажеттігіне тоқталды. Талқылау барысында баса көңіл бөлінген мәселе - осы өңірдің электр және жылу қуаты тапшылығын жабу міндеті болды.

Қайрат Мақсұтов ҚР және РФ энергетика министрліктері арасында жасалған Меморандумға сәйкес Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ-ға және Ресей тарапынан «Интер РАО-Экспорт» ЖШҚ-ға жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар ретінде уәкілеттік берілгенін атап өтті. Бұл ретте, «Самұрық-Энерго» АҚ тапсырыс беруші ретінде әрекет етіп, станцияны толық иеленетін болады, ал «Интер РАО-Экспорт» компаниясы бас мердігер ретінде әрекет етеді, сондай-ақ станция салу үшін жеңілдікті қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, кеңесте болашақ ЖЭО салынатын орын, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен Жұмыс тобын құруға және қысқа мерзімде осы жобаны іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітуге келісті.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Шүлбі су электр станциясы бойынша жоспарлары

2024 жылғы 27 қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы жұмыс сапары аясында Шүлбі ГЭС-іне барды. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі туралы ақпаратты тыңдап, №5 гидроагрегатты күрделі жөндеу барысымен танысты. Сондай-ақ, Шүлбі ГЭС-інің екінші кезегінің құрылысын іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндалды, жобаны іске асыру ГЭС қуатын 1350 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы №5 гидроагрегатты жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ Шүлбі ГЭС екінші кезегі құрылысының жобасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол картасын ұсынуды тапсырды.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы жұмыс сапарымен Өскемен ГЭС-інде болды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы 2024 жылғы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында электр энергетикалық холдинг басшысы Өскемен ГЭС-інде болып, кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысты. Станцияны аралау барысында энергетикалық нысанның №2 гидроагрегатын күрделі жөндеуден өткізу және су электр станциясының қуатын 380 МВт-қа дейін арттыру мақсатында төртінші гидроагрегатты жаңғырту бойынша жақын арадағы жоспарлармен танысты.

Өскемен ГЭС-інің қызметкерлерімен өткізілген іс-сапардың қорытынды жиналысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы станцияны одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ШҚО әкімдігі Өскемен қаласында ЖЭО құрылысын іске асыруды талқылады

2024 жылғы 26 қаңтарда Өскемен қаласында жылу электр орталығын (ЖЭО) салу жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаевпен кездесу өтті. Жиынға ШҚО әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы қатысты. Отырыс барысында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭО) әзірлеуді бастау және оны биыл аяқтау қажеттігі айтылды. Қаланың алдағы уақыттағы даму перспективасын ескере отырып, болашақ станцияның электр және жылу қуатын есептеу қажеттігі де сөз болды. Жоба бойынша қорытынды деректер ТЭО бекітілгеннен кейін белгілі болмақ, сол кезде құрылыстың құны да анықталатын болады.  

Одан бөлек, жиында болашақ ЖЭО салынатын жер учаскесін анықтау, қаланы жылумен қамту схемасын өзгерту қажеттілігі, инженерлік инфрақұрылым мен жылу желілерін салу мәселелері талқыланды.

Отырыс нәтижесінде Самұрық-Энерго мен ШҚО әкімдігінің бірлескен Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, ол жобаны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын жедел әзірлеуі тиіс.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2