Екібастұзда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Екібастұз қаласында Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.  

Қоғамдық кеңес мүшелері өңірдің «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін негізгі энергетикалық нысандарын аралады. Олар «Богатырь Көмір», Екібастұз ЖЭО, Екібастұз 2-МАЭС және Екібастұз 1-МАЭС станцияларында болып, инвестициялық жобаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйімен және алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. 

Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есептері және 2024 жылға арналған жоспарлары тыңдалды.   

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов энергетика саласы жобаларының Қор портфеліндегі айтарлықтай үлесін атап өтті. 

«Бүгінде Қазақстан 16 ГВт қуатты иеленіп отыр. Болашақта іске асырылып жатқан жобалар есебінен «Самұрық-Қазына» АҚ тағы 12 ГВт қуат енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, генерация екі есеге ұлғаяды, бұл ең жоғары тұтыну кезеңдерінде энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір Қазақстанның электр энергетикасы «қайта өрлеу» кезеңін бастан кешуде», - деді Ернат Бердіғұлов. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компанияның негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады. Еншілес ұйымдардың электр энергиясын жиынтық өндіруі 2023 жылы 35,3 млрд кВт сағ немесе Қазақстан бойынша жалпы электр энергиясын өндірудің шамамен 31%-ын құрады. 2024 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 39,2 млрд кВтсағ дейін ұлғайту жоспарлануда. 

Егер 2023 жылы 83 негізгі жабдыққа жөндеу жүргізілсе, 2024 жылы жабдықтардың 116 бірлігіне жөндеу жүргізілетін болады. 

«Біздің жұмыс нысандарында күзгі-қысқы кезеңге дайындық кестеге сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 50% орындалды. Тұрғындарды тұрақты энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі жасалуда. Жөндеу науқаны белгіленген мерзімде толық көлемде аяқталады. Жөндеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізудің арқасында біз электр станцияларының тозу дәрежесін жылдан жылға төмендетіп келеміз», - деді Қайрат Мақсұтов. 

Экологиялық күн тәртібіне қатысты Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарында  атмосфераға шығарындыларды автоматты мониторингтеу жүйесімен кезең-кезеңімен жарақтандыру жүргізілуде. Сонымен қатар, әлемдік жетекші компаниялармен түтін газдарын тазарту бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. 

Баяндамалар тыңдалғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері спикерлерге мәлімет алғысы келетін сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. 

 

 

 

 

Самұрық-Энерго басшысы Түркістан облысының әкімімен жұмыс бабында кездесу өткізді

Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Түркістан облысындағы нысандарын аралау аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті.  

Қайрат Мақсұтов облыста Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы Шардара СЭС-інің жұмыс істейтінін атап өтті. Осы нысанда 2020 жылы толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қуаты 126 МВт станция Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңіріндегі ең жоғары жүктемелерді жауып, ЖЭК нысандарын  теңгерімдеуді қамтамасыз етеді. 

Сайрам ауданында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы технологиясын қолдана отырып, электр станциясын салу бойынша іске асырылып жатқан жобаға ерекше назар аударылды. Бұл станция маневрлік генерация режимінде жұмыс істейді және ұлттық энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға көмектеседі.  

Кездесу барысында Дархан Сатыбалды құрылыс учаскесінде атқарылған жұмыстар жайында және газ инфрақұрылымын, қуат беру, сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарлары туралы хабардар етілді. 

Өз кезегінде облыс әкімі энергетикалық қауіпсіздіктің өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың жобаны уақтылы және сапалы іске асыруда толық қолдау көрсететінін айтты. 

Жұмыс бабындағы кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар құрылыс аясындағы мәселелерді бірлесіп үйлестіру қажеттігі туралы уағдаласып, Түркістан облысында энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді. 

 

 

 

 

Самұрық-Энерго электр энергиясын өндіруді 14%-ға ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ –ның электр энергиясын өндіру көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға өсті. 

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 20 457 793 мың кВтсағ құрады. Өсім «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «АлЭС» АҚ, Мойнақ, Шардара, Өскемен және Шүлбі СЭС, сондай-ақ «Энергия Семиречья» ЖШС және «Samruk-Green Energy» ЖШС өндіретін электр энергиясы өндірісінің өсуі есебінен болды. 

Сондай-ақ, электр энергиясын сату компаниясының электр энергиясын өткізу және электр желілік компаниясының электр энергиясын беру көлемі ұлғайды. Олар тиісінше 4 044 308 мың және 4 527 761 мың кВтсағ құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 11% және 3% - ға өсті. Бұл 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымға жаңа тұтынушылардың көп келуіне, сондай-ақ аймақтағы электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты. 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жылу энергиясын босату жоспар бойынша 3214,7 мың Гкал орнына 3285,6 мың Гкал немесе жоспардың 102%-ын құрады. 

 

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу үшін Түркістан облысына барды

Қайрат Мақсұтов бастаған Самұрық-Энерго делегациясы Түркістан облысының Сайрам ауданындағы құрылыс алаңында болды, онда бу-газ қондырғылары технологиясын қолдану арқылы қуаты 1000 МВт электр станциясының құрылысы жүргізілуде. 

 «Түркістан БГҚ» ЖШС басшысы Асқар Құсайынов атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді. Қазіргі уақытта құрылыс кесте бойынша жүргізілуде, алаңға 300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. 2025 жылы қызметкерлер санын 2500 адамға дейін арттыру жоспарлануда. 

2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отырған электр станциясы ең жоғары жүктемелерді жабады және аймақтағы маневрлік энергия көздерінің тапшылығын толтырады. 

«Түркістан БГҚ» ЖШС кеңсесінде Қайрат Мақсұтов компания басшылығымен кеңес өткізді. Сонымен қатар негізгі алаңдағы жұмыстарды,  газ құбырына қосу, электр тарату желілері мен сумен жабдықтау құрылыстарын жүзеге асырып жатқан мердігер ұйымдардың өкілдерімен жеке кездесу өткізді. 

Сапар қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов нақты тапсырмалар беріп, аталған жобаның Қазақстанның энергия жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті. 

 

 

 

Самұрық-Энерго басшысы Алматы ЖЭО нысандарының жұмыс барысын тексерді

Жұмыс сапасы мен мерзімі – Самұрық-Энергоның бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов АлЭС өндірістік департаменттеріне келді.  

Сапар барысында электр энергетикалық холдинг басшысы 3-ЖЭО және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. 

3-ЖЭО-да станцияны қайта құру жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда. Мұнда ЕРС-мердігер мен АлЭС өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жобаның іске асырылу барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Талқылау барысында ЖСҚ әзірлеуді уақтылы аяқтау және құрылыс алаңына шығу қажеттілігі атап өтілді. 

2-ЖЭО-да Қайрат Мақсұтов құрылыс алаңын аралап, орындалған жұмыстарды тексерді. Сондай-ақ ЕРС-мердігер, жобалау институты, тапсырыс беруші инженері және АлЭС өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.  

Сондай-ақ, бұрын берілген тапсырмаларды орындау нәтижелері талданып, орындалған жұмыстар көлемі бағаланды. Жүргізілетін жұмыстардың мерзімдері мен сапасын сақтауға ерекше назар аударылды. 

 

 

Самұрық-Энергода алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық объектілерінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық бағытындағы жөндеу науқаны қызу жүріп жатыр.

Үздіксіз энергиямен және жылумен жабдықтауды тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін «Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобында жалпы саны 104 бірлік жабдыққа 116 жөндеу жоспарланып отыр. 

Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының 50%-ға жуығы  орындалды.  

Екібастұз 1-МАЭС №2, 5, 7, 8 энергия блоктары, Екібастұз ЖЭО-дағы №1 турбина, Алматы 1-ЖЭО-дағы №9, 10, 13 қазандықтар, №8, 5 су жылыту қазандықтары, Алматы 2-ЖЭО-дағы №2, 4, 8 қазандықтар, №1, 3, 4, 6 турбиналар, Алматы 3-ЖЭО-дағы №1,2, 3 қазандықтар, №2,3 турбиналар және т.б. жөндеуден өтті. 

20-дан астам жабдыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде Екібастұз 1-МАЭС-тегі №6 энергия блогы, Екібастұз 2-МАЭС-тегі №1 энергия блогы; Екібастұз ЖЭО-дағы 5 қазандық бар, оның төртеуі күрделі жөндеуден өткізіледі 

Жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүріп жатыр.  

 

Самұрық-Энерго басшысы жұмыс сапарымен Көкшетауға барды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеңес барысында Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Самұрық-Энерго басшысы кеңеске қатысушыларды жобалық жұмыстардың басталуы және жобаны іске асыру жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін өзектендіру рәсімін бастап, «Көкшетау ЖЭО» ЖШС-ны құрды. Құрылыс нысанының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша «ИНТЕР РАО-Экспорт» ЖШҚ-мен келісімшарт жасасу шарасы келісу сатысында. 

Кеңес барысында сыртқы инфрақұрылымды салу, атап айтқанда жер учаскелерін бөлу, темір жолдар мен кірме жолдарды салу, электр энергиясын желілерге қосу, су бұру және сумен жабдықтау мәселелері талқыланды. 

Өз кезегінде өңір әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығын жылумен қамтамасыз ету стратегиялық маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Уәкілетті ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ және «Интер РАО – Экспорт» ЖШҚ болып белгіленді. 

Самұрық-Энерго мен СССС компаниясы Қазақстандағы алғашқы ГАЭС жобасы бойынша ынтымақтастықты талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов және Қытайдың СССG компаниясының Бас директоры, СССС Басқарма төрағасы Ван Хайхуай Қазақстандағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясының (ГАЭС) жобасын іске асыру бойынша алдағы уақытқа жоспарларды қарастырды. 

Тараптар екіжақты келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген прогресті атап өтті. Бұған дейін, 2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында ҚР-да ГАЭС салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. 

Кездесу барысында жұмыс тобын құру және жоба бойынша егжей-тегжейлі Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Қытай тарапы гидроаккумуляциялық электр станциясының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы бейнероликті таныстырды. Сондай-ақ, Ван Хайхуай Самұрық-Энерго басшысын Қытайдағы СССС компаниясы салған ірі ГАЭС-ті көруге шақырды. 

 

Самұрық-Энерго Қазақстанда алғашқы ГАЭС салу туралы келісімге қол қойды

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алаңында Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

"Самұрық-Энерго" АҚ және China International Water & Electric Corporation (CWE) ГАЭС жобасын әзірлеу және оны іске асыру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті. 

Атап айтқанда, CWE компаниясы Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуетін талдаумен қатар жоба бойынша техникалық-экономикалық зерттеуді жүзеге асыруға ниетті. Сондай-ақ, қытайлық мамандар гидроэнергетикалық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісуге және ГАЭС құрылысына атсалысуға дайын екендіктерін білдірді. 

Тараптар қол қойған келісім елдің энергетикалық секторының серпінді жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық пен өзара тиімді серіктестікті нығайту жөніндегі ниетті бекітті. 

China International Water & Electric (CWE) – су электр станцияларын салуға мамандандырылған Қытай халықаралық су және энергетика корпорациясы.  

ГАЭС электр энергиясын өндіру, жинақтау және электр жүктемесі кестесінің тәуліктік әркелкілігін теңестіру үшін қолданылатын су электр станциясы.  

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

 «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры болып Гүлжан Исламова тағайындалды. Компанияның бұрынғы басшысы Еділ Көпенов Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен кетті.   

Жаңа бас директорды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымына «Самұрық-Энерго» АҚ GR, даму және IT жөніндегі басқарушы директоры Елена Ивченко таныстырды.   

Гүлжан Исламова Жетісу экономикалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы аудандық сату бөлімшесінің операторы қызметінен бастаған. 

Әр жылдары Алматы облысы бойынша сату қызметінің жетекші маманы, бас маманы, сату қызметінің және энергоресурстармен қамтамасыз ету орталық қызметінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

2015-2023 жылдар аралығында Алматы қаласының №4, №3, №7 Энергосбыт аудандық бөлімшелерінің басшысы қызметін атқарды. 

Гүлжан Исламова бас директор қызметіне дейін “АлматыЭнергоСбыт” ЖШС-нің сату жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 

Самұрық-Энерго энергетикалық тиімділікті арттыру арқылы 2 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергетикалық тиімділікті арттыру шараларын іске асыру 2,1 млрд теңгені (жоспар бойынша 1,4 млрд теңге) үнемдеуге мүмкіндік берді. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру компанияның энергетикалық саясатындағы негізгі басымдық болып табылады.  

Самұрық-Энергода энергия тұтынуды азайту, отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Электр энергиясы мен жылу өндірісіндегі көмір негізінде жұмыс істейтін жылу электр станцияларының ауқымды үлесін ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ электр жабдықтарын жаңғыртуға, энергия үнемдеуге және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларға баса назар аударады.   

2023 жылы энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған 61 іс-шара өткізілді. Жүргізілген негізгі жұмыстар аясында: IV турбинаны іріктеуден турбо қоректендіру сорғылары (ТҚС) арқылы қуат алатын энергия блоктарының жұмыс уақытын ұлғайту, ТҚС конденсаторларының құбыр жүйесін тазарту («1-ЕМАЭС» ЖШС, «2-ЕМАЭС» АҚ), энергия блоктарының қазандық агрегатының қыздыру беттерін ауыстыру («2-МАЭС» АҚ), жарықтандыруды жарықдиодты шамдарға ауыстыру («БК» ЖШС), маусымдық жүктемесі 35-10 кВ және одан төмен ҚС трансформаторларын ажырату («АЖК» АҚ) сынды маңызды шаралар қамтылды. 

2-МАЭС станциясында қазандықтың газ құбырларының оттығын тығыздау бойынша іс-шара өткізілді. Айта кету керек, артық ауа коэффициенті жанармай мен қазандықтың тиімділігін анықтайтын маңызды режим факторы болып табылады.