Екібастұз 1-МАЭС №1 энергия блогы іске қосылды

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те «Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасын іске асыру аясында №1 энергия блогы желіге қосылды.   

Жобаның мақсаты – елдің электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру. Жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігі мен зиянды шығарындылар бойынша көрсеткіштері жақсартылған қуаты 540 МВт жаңғыртылған энергия блогы орнатылды. Шілде айының ортасынан бастап №1 энергия блогы 460 млн. кВтсағ астам электр энергиясын өндіру арқылы желіге қосылды.   

Ағымдағы сәтте іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталып, 2024 жылдың қазан айында Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою жоспарлануда.   

Осылайша, 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңде Екібастұз 1-МАЭС сегіз блокты режимде жұмыс істеуге дайын болады. Станция соңғы 30 жылда алғаш рет 4000 МВт жүктемемен толық қуатқа қол жеткізе алады.   

"Екібастұз ГРЭС-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобына кіреді, оған электр станциясының 100% үлесі тиесілі.   

 

Богатырь Көмірде Кенші күні қарсаңында еңбек сіңірген кеншілерге құрмет көрсетілді

Богатырь Көмірде Кенші күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Бүгін кәсіпорынның әртүрлі бөлімдерінде еңбек ардагерлеріне және бірқатар жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан еңбек сіңірген кеншілерге құрмет көрсетілді.  

Жас кеншілер құрметті қонақтарға арнап мерекелік бағдарлама дайындады. Өз кезегінде ардагерлер компания басшылығы мен жас кеншілерге көрсеткен қамқорлығы мен ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді. 

 

Шүлбі су қоймасында балық популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Шүлбі ГЭС-і өңірдегі экологиялық теңгерімді сақтау жолында өз үлесін қосуда. Станцияда Ертіс өзенінің балық ресурстарын қалпына келтіру  бойынша жыл сайынғы акция өткізілді. 

Шүлбі су қоймасына жас тұқыбалықтар мен сазандар жіберілді.  

Ғылыми ұйымның келісімі бойынша балықтарды жіберу үшін ең оңтайлы орын ретінде - Ертіс арнасы бойындағы Азов ауылы анықталды. Бұл жер осы балық түрлерінің өмір сүруі мен көбеюі үшін қолайлы жағдайлармен ерекшеленеді. 

Мұндай акцияларды өткізу балықтардың теңгерімін сақтауда маңызды рөл атқарып, аймақтың экожүйесін сақтауға септігін тигізеді. 

Самұрық-Энерго қызметкерлері дәстүр бойынша «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясына қатысуда

Самұрық-Энерго корпоративтік орталығының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі. Компания қызметкерлері «Баланы мектепке дайындаймыз» қайырымдылық акциясы аясында өз еріктерімен қаражат жинап, мұқтаж отбасыларындағы оқушыларға арнап кеңсе тауарларына сертификаттар сатып алды. 

«Jas Energy» жастар кеңесінің мүшелері «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Нариман Акыловпен бірге «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ-ға барып, балаларға сертификаттар мен тәттілер сыйлап, балаларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Ата-аналар Самұрық-Энерго қызметкерлеріне қамқорлығы үшін алғыс білдірді.                 

Самұрық-Энерго қызметкерлері жыл сайын «Баланы мектепке дайындаймыз» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысады. Басшылық пен қызметкерлердің, сондай-ақ компанияның жергілікті кәсіподағының күшімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде қажетті көмек көрсетіледі. 

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсаруда

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарында жайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын үздіксіз жақсарту бойынша бағдарламаны іске асыру жалғасуда.  

Бағдарлама аясында Екібастұз 1-МАЭС-те бірқатар негізгі қондырғылар жаңартылды: 

  1. Ауыз су бұрқақтарын жаңарту. Турбиналық бөлімшеде, қазандық цехтарында және басқа да өндірістік ғимараттарда 12 заманауи ауыз су бұрқақтары орнатылды. Бұл құрылғылар 3 сатылы су сүзу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, ұзындығы 900 метр болатын жаңа сумен жабдықтау жүйесі жүргізілді, ол үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді және ауыз судың сапасын жақсартады. Ауыз су бұрқақтарын жаңарту еңбек жағдайларын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады, өйткені таза ауыз су қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатының кепілі болып табылады.
  2. Санитарлық тораптарды жаңарту. Станцияның бас өндірістік ғимаратында санитарлық тораптар жаңартылуда. Көшедегі ескі дәретханалардың орнына сыртқы механикалық бүлінуге төзімді, жылы модульдік дәретханалар орнатылуда, олар қатал климаттық жағдайда жиі пайдаланылған кезде эстетикалық көріністі сақтайды.
  3. Асхананы жаңғырту. 1-МАЭС асханасына жаңғырту жүргізілді. Тиісті ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін тамақ дайындауға арналған заманауи жабдықтар, жаңа желдету жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, екінші касса орнатылып, станция қызметкерлеріне жылдам қызмет көрсету үшін асхана қызметкерлерінің штаты ұлғайтылды. Тамақтану рационы кеңейтіліп, әртүрлі және теңдестірілген мәзір жасалды.

Қазіргі уақытта 1-МАЭС-тің басқа әлеуметтік-тұрмыстық нысандарына: душ бөлмелеріне, тұрмыстық тамақтану бөлмелеріне, киім ауыстыратын бөлмелерге техникалық тексеру жүргізілуде. Зерттеудің мақсаты - жұмыс орнында жұмысшыларға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ағымдағы жағдайды бағалау және одан әрі қажетті жақсартуларды анықтау. 

Жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын техникалық тексеру бойынша жұмыс 2-МАЭС пен АлЭС-те де жүргізілуде.  

 

 

Өскемен CЭС-інде гидроагрегатқа жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуде

Өскемен СЭС-те N2 гидроагрегат жаңартылуда. Күрделі жөндеу негізгі жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 

Жаңарту аясында гидрогенератор мен турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, роторды ыстық сыналау жүргізіледі,  сонымен қатар генератордың негізгі тораптары жөнделеді.  

Турбинаны жөндеу орталықтандырылған майлау жүйесін ауыстыру мен турбинаның негізгі металл құрылымдарын жөндеуден тұрады. 

Сондай-ақ күрделі жөндеу кезеңінде жабдықты жаңғырту жоспарлануда: дірілді бақылау жүйесін толық жарақтандыру және жылу бақылау жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешенін енгізу. Бұл қондырғының жағдайын және жабдықтың температуралық режимдерін мейлінше дәл бақылауды қамтамасыз етеді. 

 

 

 

Самұрық-Энергода өндірістік қауіпсіздік жөнінде кеңес өтті

Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен өткен кеңесте еншілес ұйымдардың 2024 жылдың 6 айындағы өндірістік қауіпсіздік бойынша атқарған қызметінің қорытындылары қаралды. «Богатырь Көмір» ЖШС, Екібастұз 1-МАЭС, Екібастұз 2-МАЭС және АлЭС басшыларының еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері бойынша есептері тыңдалды 
 
Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Мысалы, 1-МАЭС-те машинистердің кабинасында бейнебақылау мониторлары орнатылған, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеудеге тағатын бейнетіркегіштер сатып алынуда. 
 
Богатырь Көмірде электронды медициналық тексеру жүйесінің аппараттары орнатылды, жазатайым оқиғалар мен авариялық жағдайлардың алдын алу үшін  автоматтандырылған жүйе енгізілуде.  

 
Кеңес барысында өндірісте нөлдік жарақаттануға қол жеткізуге және қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға баса назар аударылды. Осы мақсатта тоқтату карталарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады: қызметкерлер қауіпті жұмысты тоқтатуға немесе оны орындаудан бас тартуға құқылы. 
 
Кеңес қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов еншілес және тәуелді ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

 

 

Краншы әйелдер Богатырь Көмірде өткен кәсіби шеберлік байқауында үздік атанды

«Богатырь Көмір» ЖШС Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясында көпір кранының машинисі мамандығы бойынша ең үздікті анықтады. Қатысуға 8 адам, негізінен қыздар өтініш берді. 

Теориялық бөлімде қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті. Машинист Татьяна Слесарева 30 сұрақтың 30-ына жауап берді, Светлана Волошина 29 ұпай жинады, Вячеслав Погодин 27 сұраққа дұрыс жауап берді.  

Практикалық тапсырмада көпір кранының машинистері тіректерді құлатпай, белгілі бір траектория бойынша салмағы 450 кг болатын бақылау жүктерін алып жүруі керек еді. 

Конкурстық комиссия іс-қимылдардың дұрыстығы, жүйелілігі, ескерту сигналдарын беру, уақыт сияқты ерекшеліктерді ескерді.   

Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша жүлделі орындарды краншы әйелдер жеңіп алды. Бірінші орынды Елена Волошина, екінші орынды Татьяна Слесарева, қола жүлдені Анастасия Гимаева иеленді. 

Алматы 3-ЖЭО-да үздіксіз жақсарту жүйесі енгізiлуде

Алматы 3-ЖЭО Өндірістік департаментінде Кайдзен – үнемді технологиялар жүйесі енгізілуде. Бұл үздіксіз жақсарту тұжырымдамасы, жұмыс үрдістерін біртіндеп өзгерту мен инновациялардан тұрады. Ол тиімділікті арттыруға, өндірісті оңтайландыруға және өнімділікті жақсартуға көмектеседі. 

 «Пилоттық учаскелердегі қызметкерлер кайдзен технологияларының негіздерін үйреніп, 5S жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, бизнес-процестерді картаға түсіру, ағымдағы мәселелерді шешу кезінде табысты қолданып жүр», - деп атап өтті 3-ЖЭО Электр цехының электр монтері Нұрлан Жақан. 

 Осы тұжырымдаманың қағидаттарына көшу тәжірибесі қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Топтық жұмыс, брейншторм топтары және өндірістік қызметті жақсарту жөніндегі идеялар банкі қызметкерлерді жаңашылдық пен өнертапқыштыққа ынталандырады. 

Самұрық-Энерго басшысы мен Павлодар облысының әкімі алдағы жылыту маусымына дайындық барысын талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен кездесті. Тараптар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысын, сондай-ақинвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады.  

Қайрат Мақсұтов өз баяндамасында 1-МАЭС, 2-МАЭС және Екібастұз ЖЭО-да жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталатын болады.  

Сондай-ақ, Самұрық-Энерго басшысы инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралыхабардар етті. Екібастұз 1-МАЭС-те №1 энергия блогын жаңғырту аяқталып, отын беруді қайтажаңарту жобасы іске асырылуда.   

Екібастұз 2-МАЭС-те әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын 3,4 энергия блоктарын салу жобасыжалғасуда, бұл станцияның қуатын 1000 МВт-ға арттырады. 

«Богатырь Көмір» кесігінде циклдық-ағындықтехнология жобасы іске асырылуда. «Богатырь Көмір» ЖШС-нда көмірді тиеп жөнелту бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Алдағы жылыту маусымында электр станциялары көмірмен қажеттікөлемде қамтамасыз етілетін болады.