«Самұрық-Энерго» АҚ делегациясы Қайрат Мақсұтовтың басшылығымен Тяньцзинь қаласындағы ТВЕА компаниясының өндірістік алаңына барды

Трансформаторлар мен электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт толықтай роботтандырылған және жасанды интеллектті қолдана отырып жұмыс істейді. ТВЕА басшылығы көрме залында өндірілетін өнім түрлерімен таныстырып, Алматы облысында зауыт салу жоспары туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау бойынша кеңес өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана қаласында техникалық командалардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізуге келісті. Онда көмір мен аршыма тау жыныстарын тасымалдауға арналған конвейерлік желілерді салу, көмір станцияларына газ тазарту жүйелерін орнату, қосалқы станцияларды жаңғырту, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану бойынша инвестициялық жобалар талқыланатын болады.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Harbin Electric International компаниясымен кеңес өткізді

Кездесуде «Самұрық-Энерго» инвестициялық жобалары үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды жеткізу бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Қайрат Мақсұтов жабдықты таңдауда жоғары тиімділік, технологиялық жаңашылдық және қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мейлінше аз шығарылуы негізгі критерийлер болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Harbin Electric заманауи техникалық шешімдерді ұсынуға дайын екенін білдіріп, бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуға және олардың экологиялық әсерін азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға және келесі кездесуді Астана қаласында өткізуге келісті.

 

«Самрук-Энерго» мен China Energy International бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

China Energy Engineering Corporation кеңсесінде «Самрук-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен China Energy International Group Басқарма төрағасы Люй Цзэсянның кездесуі өтті.

Кездесу барысында күн және жел электр станцияларын салу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жұмыстарын биыл бастау және Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын 2026 жылы іске асыру жобаларын жеделдету жөнінде уағдаласты.

Сонымен қатар, 2025 жылдың маусым айында Астана қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қытай – Орталық Азия саммитіне дайындық мәселелері талқыланды. Бұл саммит аясында тараптар жобалық келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын басшылары сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында энергетикалық нысандарды салу және жаңғырту бағытындағы әрі қарайғы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шараларды белгіледі.

 

Самұрық-Энерго және Power China International Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғыртуды талқылады

Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов бастаған Самұрық-Энерго делегациясы Бейжіңге жұмыс сапары аясында Sepco 1 және Power China International басшылығымен кездесу өткізді. Кеңесте «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасын ілгерілету мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықтағы басқа да әлеуетті бағыттар талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген жоспар бойынша жұмыс қарқынын күшейтуге және келесі кеңесті Алматы ЖЭО-2 алаңында өткізуге келісті.

 

Самұрық-Энерго делегациясы China Machinery Engineering Corporation өкілдерімен кездесу өткізді

Бейжің қаласына жұмыс сапары аясында қытайлық China Machinery Engineering Corporation (CMEC) компаниясымен кездесу өтті. Келіссөз барысында тараптар газ тазарту жүйелерін салу және ластаушы зат шығарындыларын азайту үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, энергетикалық нысандарды жаңғырту жөніндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

CMEC газ генерациясы және ЖЭК объектілерін салу жөніндегі жобаларға қатысуға, сондай-ақ энергетикалық объектілердің қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін технологияларды трансферттеуге дайын екендігін растады. 

Кездесу қорытындысы бойынша компания басшылары жақын арада әлеуетті ынтымақтастықты талқылау үшін жұмыс тобын құруға келісті.

 

Богатырь Көмір 2025 жылдың I тоқсанында көмір өндіру және оны жөнелту көлемін ұлғайтты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның көмір саласы сенімді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 28,5 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% - ға артық.

«Богатырь Көмір» ЖШС осы оң динамикаға елеулі үлес қосып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания өндіру көлемін 12,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,8% - ға артық.

Көмірді сату да өсуде: үш айда 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл - өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,8% - ға артық. Осы көлемнің 9,9 млн тоннасы ішкі нарыққа, тағы 2,5 млн тоннасы экспортқа бағытталды.

Көмірді өндіру мен өткізу көлемінің өсуі компанияның тұрақты дамуын және оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін растайды.

 

Самұрық-Энергоның электр энергиясы нарығындағы үлесі 34%-дан асты

2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үлесін 33,8% - дан 34,2%-ға дейін ұлғайта отырып, Қазақстанның электр энергиясы нарығында көшбасшылық орнын тұрақты түрде иеленіп отыр. 

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясын өндіру көлемі 11 444,7 млн кВт∙сағатты құрады, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерден 4,4%-ға артық.

 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті

Жеңіс күні қарсаңында Самұрық-Энерго қызметкерлері өз ардагерлеріне ерекше ризашылықпен және алғыс сезімімен құрмет көрсетті. 

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Дәстүр бойынша станция қызметкерлері станция аумағындағы Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ЖЭО жастар активі кәсіподақ өкілдерімен бірге тыл ардагерлері Прасковья Аксенова мен Алексей Коробкинге барды.

Алматы 3-ЖЭО қызметкерлері тыл еңбеккерлерін құттықтады. Олардың ішінде 94 жасқа толған Валентина Семеновна Максименко бар. 

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне де барды. Олар батырларға бейбіт өмір үшін терең ризашылықтарын білдіріп, мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы да алғыс білдірді. Олардың арасында соғыс жылдарында Калинин, Балтық және Беларусь майдандарында атқыштар полкінің құрамында болған ардагер Сәрсенов Қамбар Әмірұлы бар. Батылдығы мен ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен, III және II дәрежелі Даңқ ордендерімен және басқа да медальдармен марапатталған.

Жеңіс күніне орай Өскемен және Шүлбі ГЭС қызметкерлері ҰОС ардагерлерін, концлагерьлердің бұрынғы жас тұтқындарын және қоршауда болған Ленинград тұрғындарын қолдау мақсатында дәстүрлі еріктілер акциясын өткізді. Екі станцияның қызметкерлерінен жиналған ерікті қаражатқа Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында тұратын осы санаттардың барлық өкілдері үшін шамамен 500 кВт*сағ электр энергиясы төленді. 30 отбасына материалдық қолдау көрсетілді.

Ардагерлер «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің ықыласы және қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

 

 

Жеңіс күніне арналады: 1-ЖЭО машинисі Панфиловшы батырлар шыңына шықты

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Айдос Масиралиев Жеңістің 80 жылдығына орай  батырлардың ерлігін еске алу мақсатында 28 панфиловшылар шыңына көтерілді.

«Мен оларға сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келді»,- дейді Айдос. Таудың суықтығына, өзінің шаршағанына, тыныс алудың қиындығына қарамастан, ол панфиловшылардың табандылығы, майдангерлерді құрмет тұтатын өз отбасы туралы ойлай отырып, шыңға жетті.

Айдос – «Үздік өндіріс маманы-2024» байқауының жеңімпазы. Ол осы уақытқа дейін талай шыңға және әр шыңға шыққан АлЭС туын желбіретіп шыққан. 

Бұл жай спорт емес. Бұл - ұрпақтар сабақтастығының символы, адам жадының заманымыздың жаңа кейіпкерлерінің істерінде, болмыстарында және жүректерінде өмір сүретіндігінің дәлелі.

 

 

III Charity Samruk Marathon: Самұрық-Энерго қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты

«Самұрық-Қазына» Қоры ұйымдастырған ауқымды қайырымдылық шарасы Астана ботаникалық бағында өтті. Марафонға «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының 50-ден астам қызметкері қатысты. 

Жүгіру 5 және 10 шақырым қашықтықта өтті. Марафон қорытындысы бойынша 10 км қашықтықта «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Газий Исмухамбетов (60+ санаты) және Екібастұз ЖЭО қызметкері Райгүл Рысқұлова (40-49 санаты) екінші орынға ие болды. 

«АлЭС» АҚ жөндеу қызметінің бас маманы Ержан Жанмайлов (40-49 санатында) және 1-ЖЭО электр монтері Бекзат Калелов (18-29 санатында) үшінші орынды иеленді. 

Марафон кезінде жиналған қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашуға бағытталатын болады.

 

 

Екібастұз ЖЭО-да жүргізілген оңтайландырудың арқасында отын шығыны айтарлықтай қысқарды

Екібастұз ЖЭО 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өтіп, жабдықтардың сенімді және тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етті.
Жылу беру маусымына дейін жүргізілген оңтайландыру мен жөндеу жұмыстарының арқасында отын шығынын едәуір қысқартуға қол жеткізілді: мазутты тұтыну 3,5 есеге - 3284 тоннадан 949 тоннаға дейін төмендеді. Мазутты қолдану көлемінің төмендеуі негізгі жабдықтың тұрақты жұмыс істегенін және станция жұмысының жалпы тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Екібастұз ЖЭО «Самұрық-Энерго» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді. Компанияның еншілес ұйымы – «Energy Solutions Center» ЖШС қысқа мерзімде ауқымды жөндеу іс-шараларын өткізді және станцияның қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етті.
Сөйтіп, он қазандық агрегатына, турбина агрегатына қосалқы және жалпыстанциялық жабдыққа күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар күл үйіндісінің бөгетіне, ғимараттарға, құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ станция аумағында су тұндыру магистралі салынды.
2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберіндегі жөндеу іс-шараларының нәтижесінде станцияның негізгі жабдықтарының тозу деңгейі 3,7%-ға, 51,8%-дан 48,1%-ға, технологиялық бұзушылықтар саны 90%-ға - 191-ден 18-ге дейін төмендеді. Сонымен қатар, күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтау сенімділігіне әсер ететін бірде-бір технологиялық бұзушылық тіркелген жоқ.
Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Екібастұз ЖЭО-да келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындық басталды. Станцияда жөндеу жұмыстары белсенді жалғасуда. Жоспарда  тағы алты қазандық агрегаты мен №3 ст. түтін құбырын күрделі жөндеуді қоса алғанда, 11 бірлік жабдыққа 11 жөндеу жүргізу тұр.