«Самұрық-Энерго» энергетиктері Екібастұзда 4000-нан астам ағаш отырғызды

Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Екібастұзда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

«Самұрық-Энерго» АҚ–ның - Екібастұз 1-МАЭС, 2-МАЭС, Екібастұз ЖЭО және «Богатырь Көмір» ЖШС еншілес компанияларының 500-ден астам қызметкері 4000-нан астам ағаш көшетін екті. Энергетиктердің бірлескен жұмысы корпоративтік ынтымақтастық пен туған қаланың болашағы үшін жеке жауапкершіліктің жарқын үлгісі болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ өңірлерді көгалдандыруға, абаттандыруға және экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған бастамаларды дәстүрлі түрде қолдайды. Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті нығайтуға және Екібастұз тұрғындары үшін қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза Қазақстан: Табиғаттың игілігі үшін энергия

Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов бастаған «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызуға белсенді қатысты.

Астана қаласының №107 мектебінің аумағында энергетиктер бірінші сынып оқушыларымен бірге шырша, қарағай және алма ағаштарын отырғызып, елорданы көгалдандыру мен оның экологиялық болашағына өз үлестерін қосты.

Бұл акция орнықты даму құндылықтарын ілгерілету және жас ұрпақты қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тарту жолындағы маңызды қадам болды.

«Таза Қазақстан» - энергия мен табиғат үйлесім табатын болашаққа салынған үлес.

 

 

АлЭС-тің 38 қызметкеріне жаңа пәтер кілттері табыс етілді

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Компанияның тұрғын үй бағдарламасы — энергетиктерге деген шынайы қамқорлық пен еңбегі мен мамандығына адалдығы үшін алғыс білдірудің көрінісі. Бұл бағдарлама мамандарға ең маңызды өмірлік мәселенің бірі — өз баспанасына ие болуға мүмкіндік береді.

Барлығы 340 өтінімнің ішінен 38 қызметкердің тізімі жасақталды. Жаңа пәтерлер заманауи, жайлы инфрақұрылыммен қамтылған тұрғын үй кешендерінде орналасқан. Қоныстанушылардың арасында түрлі мамандық иелері мен бөлім қызметкерлері бар.

Жанармайды дайындау және тасымалдау цехының тепловоз машинисі Ақылбек Берішев 20 жылдан астам уақыт бойы жұмысқа Талғар қаласынан қатынап, күніне бес сағатын жолға жұмсап келген. «Енді пәтеріміз жұмысқа жақын. Бұл бүкіл отбасы үшін үлкен жеңілдік», — дейді ол.

«Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорнының металл және дәнекерлеу қызметінің дефектоскописі Алмас Ержиенов мамандығында 20 жыл еңбек етіп, сегіз бала тәрбиелеп отыр, олардың үшеуі қазір студент.

«Пәтер алуға мүмкіндік туғанына өте қуаныштымыз. Енді балалар өз үйінде тұратын болады», — дейді көп балалы әке.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Самұрық-Энерго» күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы есеп берді

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Болат Жәмішевтің төрағалығымен күзгі-қысқы кезеңнің өтуін қамтамасыз ету бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов энергетикалық станцияларда жөндеу жұмыстары бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіліп жатқанын, бұл ағымдағы жылу беру маусымын уақтылы бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Электр станцияларына отын жеткізу де кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда көмір қоры 1504 мың тоннаны құрайды. ал норматив бойынша 791,5 мың тонна, мазут қоры - 33,6 мың тонна, норматив бойынша - 23,6 мың тонна. «Богатырь Көмір» ЖШС еншілес компаниясы келісімшарттарға сәйкес басқа да электр станцияларына көмірді үздіксіз жеткізеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ жабдықтарды техникалық жаңғырту, тозу дәрежесін төмендету, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған байланысты компания жыл сайын өндірістік қуаттылықты сақтау мен жаңартуға инвестиция салуды ұлғайтуда.

Мәселен, егер 2024 жылы күрделі және ағымдағы жөндеуге салынған инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 64% - ға ұлғайса, 2025 жылы 2024 жылдың деңгейіне қатысты тағы 78% - ға өсіру жоспарлануда. Бұл техникалық көрсеткіштерді жоспарлы түрде жақсартуға ықпал етеді:

  • техникалық дайындық коэффициенті 87,8% - дан 88,5% - ға дейін өсті
  • жабдықтың тозу деңгейі 62% - дан 59% - ға дейін төмендеді
  • технологиялық бұзушылықтар саны азайды

Жалпы алғанда, жабдықтың сенімділігі мен техникалық дайындығының деңгейі штаттық режимде. «Самұрық-Энерго» АҚ 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге дайын.

 

Самұрық-Энерго және Shanghai Electric Group Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Shanghai Electric Group Co., Ltd. партия комитетінің хатшысы және Басқарма Төрағасы У Лэй мырзамен кездесті. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Өзара түсіністік, стратегиялық әріптестік және Қазақстан энергетикасы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Басымдықтардың қатарында бірлескен жұмыс тобын құру, жергілікті өндірісті және жеткізу тізбегін дамыту, сондай - ақ жел, күн, гидро және газ энергетикасы және waste-to-energy технологиялары саласындағы жобаларды іске асыру бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Shanghai Electric-пен серіктестік отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын және салада озық шешімдерді енгізуге ықпал ететінін атап өтті. 

Меморандумға қол қою ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін негіз қалыптастырады.

 

 

Самұрық-Қазына басшысы Алматыдағы бу-газ станцияларының салыну барысын тексерді

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов Алматы ЖЭО-ға барды. 2-ЖЭО-да олар «АлЭС» АҚ-ның энергетикалық объектілерінің 2025-2026 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу бойынша барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Станциялар күзгі-қысқы кезеңде сенімді әрі тұрақты электрмен және жылумен қамтамасыз етуге дайын. Алматы мен Алматы облысында жылу беру маусымы 8 қазанда басталды.

Сапар барысында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО-ны жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Делегация құрылыс алаңын аралап, жобаны іске асырудың ағымдағы жұмыстары туралы баяндаманы тыңдады. Объектіде газ турбинасы мен генератордың алғашқы жиынтығы орнатылған. Қазіргі уақытта алаңда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде және ағымдағы жылдың қазан айында газ турбинасы мен су жылыту қазандықтарының екінші жиынтығы орнатылатын болады. Станцияны толық пайдалануға беру 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Алматы қаласының экологиясын жақсарту және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов және «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов 2-ЖЭО аумағында ағаш отырғызу шарасына қатысты.

Сапардың келесі пункті «Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру» жобасының құрылыс алаңы болды. Мұнда қуаты 544 МВт бу-газ станциясын салу бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда газ турбинасы мен генератордың алғашқы жиынтығын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жабдықтың екінші жиынтығы Италиядағы Ansaldo Energia өндірістік алаңдарында сынақтан сәтті өтті және Генуя қаласының портынан Қазақстанға жөнелтілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін газ турбинасы мен генератордың бірінші жиынтығын монтаждауды аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ жаңа станцияның негізгі объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылатын болады.

Станцияларды тексеру аяқталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы АлЭС, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және Батыс жылу кешені басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Энергетикалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде АлЭС станцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. 

 

Самұрық-Энергоның бірқатар қызметкерлері ҚР Кәсіподақтар федерациясының мерейтойлық медалімен марапатталды

Кәсіподақтар күні «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлеріне «Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Жоғары кәсібилігі және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 

- «Корпоративтік басқару және орнықты даму» департаментінің директоры Мәдина Айсариева, 

- «Генерация және отын» департаментінің бас менеджері Байтас Оспанов, 

- «Адам ресурстарын басқару» департаментінің бас менеджері Гүлжан Тұржанова,  

- «Генерация және отын» департаментінің бас менеджері Лаурия Әмірова 

құрметті марапатқа ие болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Еліміздің энергетика саласының игілігі үшін одан әрі қарай да табысқа жете берулеріне тілектеспіз!

 

«Самұрық-Энерго» және Masdar қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын бастауға дайын екенін растады

Астана қаласында өткен XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Masdar компаниясының төрағасы Мұхаммед Әл-Рамахи арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облысындағы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанда жаңартылатын қуат көздерін дамыту мен көміртексіздендірудің ұлттық мақсаттарына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болмақ.

Тараптар жобалық құжаттаманы әзірлеу, жел генераторларын орналастыру сұлбасын жасау, сондай-ақ жел генераторлары мен электр беру желілерінің іргетастарын дайындау сияқты негізгі бағыттар бойынша айтарлықтай ілгерілеуді атап өтті.

Жобаға қатысушылар – «Самұрық-Энерго» АҚ және Masdar компаниясы – дайындық жұмыстарына арналған EPC-шартқа қол қоюға және оны ағымдағы жылы іске асыруды бастауға дайын екендерін растады. 2025 жылдың соңына дейін жобалық компания тікелей құрылыс алаңындағы жұмыстарға кірісетін болады.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы XVI KAZENERGY Еуразиялық форум аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сөз сөйледі

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2025/XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Орталық Азия энергетика инфрақұрылымына инвестициялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов сөз сөйледі.

Қ.Мақсұтов өз сөзінде компанияның ел энергетика секторындағы маңыздылығын атап өтіп, қолданыстағы активтерді жаңғыртуға және маңызды бірқатар жобаларға, соның ішінде компания портфеліндегі үлесі жылдан жылға артып келе жатқан жаңартылатын энергия көздері саласындағы бастамаларға тоқталды.

«Бүгінде біздің компания елдегі жалпы генерацияның 34%-ын және көмір өндірудің 42% үлесін қамтамасыз етеді. Активтердің айтарлықтай бөлігі 40–50 жылдан бері пайдаланылып келеді, сондықтан ең алдымен қоршаған ортаға әсерді азайту үшін оларды жаңғыртудың маңыздылығын жақсы түсінеміз», — деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.

Сонымен қатар ол жаңа генерациялайтын қуат көздерін салу, цифрлық шешімдер әзірлеу және энергия нысандарында жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлары туралы ақпарат берді. Жобалардың қатарында апаттық жағдайларды болжауға және ЖЭК өндіруді болжауға мүмкіндік беретін болашақты талдау шешімдері бар.

Бұдан бөлек, компания ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға басымдық беріп, өзінің аналитикалық орталығын құруды жоспарлап отыр. Бұл қадам технологиялық тәуелсіздікті нығайтуға және энергетика саласында өзіндік сараптаманы қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болмақ.

 

Экибастұз ЖЭО кәсіпорнының пойыздарды қабылдаушысы Елена Семёнова KAZENERGY медалімен марапатталды

Астанада өткен KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының VII Форумы аясында энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерді марапаттау рәсімі өтті.

Экибастұз ЖЭО («Energy Solution Center» ЖШС) кәсіпорнының 3-разрядты пойыздарды қабылдаушысы Семёнова Елена Павловна KAZENERGY медалінің иегері атанды. Оның саладағы еңбек өтілі 35 жылды құраса, осы еңбек жолының 23 жылын Экибастұз ЖЭО ұжымында жұмыс істейді.

Елена Павловна пойыздарды қабылдау мен қозғалыс қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады. Кәсіби маманның еңбегінің арқасында жылыту маусымында отын үздіксіз жеткізіліп, кестеге сәйкес орындалады. Сондай-ақ ол өз тәжірибесімен жас мамандармен қуана бөлісіп, кәсіпорынның кәсіби әлеуетін дамытуға үлес қосуда.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы XVI KAZENERGY Еуразиялық форум аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сөз сөйледі

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2025/XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Орталық Азия энергетика инфрақұрылымына инвестициялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов сөз сөйледі.

Қ.Мақсұтов өз сөзінде компанияның ел энергетика секторындағы маңыздылығын атап өтіп, қолданыстағы активтерді жаңғыртуға және маңызды бірқатар жобаларға, соның ішінде компания портфеліндегі үлесі жылдан жылға артып келе жатқан жаңартылатын энергия көздері саласындағы бастамаларға тоқталды.

«Бүгінде біздің компания елдегі жалпы генерацияның 34%-ын және көмір өндірудің 42% үлесін қамтамасыз етеді. Активтердің айтарлықтай бөлігі 40–50 жылдан бері пайдаланылып келеді, сондықтан ең алдымен қоршаған ортаға әсерді азайту үшін оларды жаңғыртудың маңыздылығын жақсы түсінеміз», — деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.

Сонымен қатар ол жаңа генерациялайтын қуат көздерін салу, цифрлық шешімдер әзірлеу және энергия нысандарында жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлары туралы ақпарат берді. Жобалардың қатарында апаттық жағдайларды болжауға және ЖЭК өндіруді болжауға мүмкіндік беретін болашақты талдау шешімдері бар.

Бұдан бөлек, компания ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға басымдық беріп, өзінің аналитикалық орталығын құруды жоспарлап отыр. Бұл қадам технологиялық тәуелсіздікті нығайтуға және энергетика саласында өзіндік сараптаманы қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болмақ.