Шүлбі ГЭС-і өңірдегі экологиялық теңгерімді сақтау жолында өз үлесін қосуда. Станцияда Ертіс өзенінің балық ресурстарын қалпына келтіру бойынша жыл сайынғы акция өткізілді.
Шүлбі су қоймасына жас тұқыбалықтар мен сазандар жіберілді.
Ғылыми ұйымның келісімі бойынша балықтарды жіберу үшін ең оңтайлы орын ретінде - Ертіс арнасы бойындағы Азов ауылы анықталды. Бұл жер осы балық түрлерінің өмір сүруі мен көбеюі үшін қолайлы жағдайлармен ерекшеленеді.
Мұндай акцияларды өткізу балықтардың теңгерімін сақтауда маңызды рөл атқарып, аймақтың экожүйесін сақтауға септігін тигізеді.
Самұрық-Энерго корпоративтік орталығының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі. Компания қызметкерлері «Баланы мектепке дайындаймыз» қайырымдылық акциясы аясында өз еріктерімен қаражат жинап, мұқтаж отбасыларындағы оқушыларға арнап кеңсе тауарларына сертификаттар сатып алды.
«Jas Energy» жастар кеңесінің мүшелері «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Нариман Акыловпен бірге «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ-ға барып, балаларға сертификаттар мен тәттілер сыйлап, балаларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Ата-аналар Самұрық-Энерго қызметкерлеріне қамқорлығы үшін алғыс білдірді.
Самұрық-Энерго қызметкерлері жыл сайын «Баланы мектепке дайындаймыз» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысады. Басшылық пен қызметкерлердің, сондай-ақ компанияның жергілікті кәсіподағының күшімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде қажетті көмек көрсетіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарында жайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын үздіксіз жақсарту бойынша бағдарламаны іске асыру жалғасуда.
Бағдарлама аясында Екібастұз 1-МАЭС-те бірқатар негізгі қондырғылар жаңартылды:
Ауыз су бұрқақтарын жаңарту. Турбиналық бөлімшеде, қазандық цехтарында және басқа да өндірістік ғимараттарда 12 заманауи ауыз су бұрқақтары орнатылды. Бұл құрылғылар 3 сатылы су сүзу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, ұзындығы 900 метр болатын жаңа сумен жабдықтау жүйесі жүргізілді, ол үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді және ауыз судың сапасын жақсартады. Ауыз су бұрқақтарын жаңарту еңбек жағдайларын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады, өйткені таза ауыз су қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатының кепілі болып табылады.
Санитарлық тораптарды жаңарту. Станцияның бас өндірістік ғимаратында санитарлық тораптар жаңартылуда. Көшедегі ескі дәретханалардың орнына сыртқы механикалық бүлінуге төзімді, жылы модульдік дәретханалар орнатылуда, олар қатал климаттық жағдайда жиі пайдаланылған кезде эстетикалық көріністі сақтайды.
Асхананы жаңғырту. 1-МАЭС асханасына жаңғырту жүргізілді. Тиісті ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін тамақ дайындауға арналған заманауи жабдықтар, жаңа желдету жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, екінші касса орнатылып, станция қызметкерлеріне жылдам қызмет көрсету үшін асхана қызметкерлерінің штаты ұлғайтылды. Тамақтану рационы кеңейтіліп, әртүрлі және теңдестірілген мәзір жасалды.
Қазіргі уақытта 1-МАЭС-тің басқа әлеуметтік-тұрмыстық нысандарына: душ бөлмелеріне, тұрмыстық тамақтану бөлмелеріне, киім ауыстыратын бөлмелерге техникалық тексеру жүргізілуде. Зерттеудің мақсаты-жұмыс орнында жұмысшыларға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ағымдағы жағдайды бағалау және одан әрі қажетті жақсартуларды анықтау.
Жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын техникалық тексеру бойынша жұмыс 2-МАЭС пен АлЭС-те де жүргізілуде.
Өскемен СЭС-те N2 гидроагрегат жаңартылуда. Күрделі жөндеу негізгі жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жаңарту аясында гидрогенератор мен турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, роторды ыстық сыналау жүргізіледі, сонымен қатар генератордың негізгі тораптары жөнделеді.
Турбинаны жөндеу орталықтандырылған майлау жүйесін ауыстыру мен турбинаның негізгі металл құрылымдарын жөндеуден тұрады.
Сондай-ақ күрделі жөндеу кезеңінде жабдықты жаңғырту жоспарлануда: дірілді бақылау жүйесін толық жарақтандыру және жылу бақылау жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешенін енгізу. Бұл қондырғының жағдайын және жабдықтың температуралық режимдерін мейлінше дәл бақылауды қамтамасыз етеді.
Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен өткен кеңесте еншілес ұйымдардың 2024 жылдың 6 айындағы өндірістік қауіпсіздік бойынша атқарған қызметінің қорытындылары қаралды. «Богатырь Көмір» ЖШС, Екібастұз 1-МАЭС, Екібастұз 2-МАЭС және АлЭС басшыларының еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері бойынша есептері тыңдалды
Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Мысалы, 1-МАЭС-те машинистердің кабинасында бейнебақылау мониторлары орнатылған, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеудеге тағатын бейнетіркегіштер сатып алынуда.
Богатырь Көмірде электронды медициналық тексеру жүйесінің аппараттары орнатылды, жазатайым оқиғалар мен авариялық жағдайлардың алдын алу үшін автоматтандырылған жүйе енгізілуде.
Кеңес барысында өндірісте нөлдік жарақаттануға қол жеткізуге және қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға баса назар аударылды. Осы мақсатта тоқтату карталарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады: қызметкерлер қауіпті жұмысты тоқтатуға немесе оны орындаудан бас тартуға құқылы.
Кеңес қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов еншілес және тәуелді ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Богатырь Көмір» ЖШС Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясында көпір кранының машинисі мамандығы бойынша ең үздікті анықтады. Қатысуға 8 адам, негізінен қыздар өтініш берді.
Теориялық бөлімде қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті. Машинист Татьяна Слесарева 30 сұрақтың 30-ына жауап берді, Светлана Волошина 29 ұпай жинады, Вячеслав Погодин 27 сұраққа дұрыс жауап берді.
Практикалық тапсырмада көпір кранының машинистері тіректерді құлатпай, белгілі бір траектория бойынша салмағы 450 кг болатын бақылау жүктерін алып жүруі керек еді.
Конкурстық комиссия іс-қимылдардың дұрыстығы, жүйелілігі, ескерту сигналдарын беру, уақыт сияқты ерекшеліктерді ескерді.
Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша жүлделі орындарды краншы әйелдер жеңіп алды. Бірінші орынды Елена Волошина, екінші орынды Татьяна Слесарева, қола жүлдені Анастасия Гимаева иеленді.
Алматы 3-ЖЭО Өндірістік департаментінде Кайдзен – үнемді технологиялар жүйесі енгізілуде. Бұл үздіксіз жақсарту тұжырымдамасы, жұмыс үрдістерін біртіндеп өзгерту мен инновациялардан тұрады. Ол тиімділікті арттыруға, өндірісті оңтайландыруға және өнімділікті жақсартуға көмектеседі.
«Пилоттық учаскелердегі қызметкерлер кайдзен технологияларының негіздерін үйреніп, 5S жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, бизнес-процестерді картаға түсіру, ағымдағы мәселелерді шешу кезінде табысты қолданып жүр», - деп атап өтті 3-ЖЭО Электр цехының электр монтері Нұрлан Жақан.
Осы тұжырымдаманың қағидаттарына көшу тәжірибесі қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Топтық жұмыс, брейншторм топтары және өндірістік қызметті жақсарту жөніндегі идеялар банкі қызметкерлерді жаңашылдық пен өнертапқыштыққа ынталандырады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен кездесті. Тараптар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысын, сондай-ақинвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Қайрат Мақсұтов өз баяндамасында 1-МАЭС, 2-МАЭС және Екібастұз ЖЭО-да жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталатын болады.
Сондай-ақ, Самұрық-Энерго басшысы инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралыхабардар етті. Екібастұз 1-МАЭС-те №1 энергия блогын жаңғырту аяқталып, отын беруді қайтажаңарту жобасы іске асырылуда.
Екібастұз 2-МАЭС-те әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын 3,4 энергия блоктарын салу жобасыжалғасуда, бұл станцияның қуатын 1000 МВт-ға арттырады.
«Богатырь Көмір» кесігінде циклдық-ағындықтехнология жобасы іске асырылуда. «Богатырь Көмір» ЖШС-нда көмірді тиеп жөнелту бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Алдағы жылыту маусымында электр станциялары көмірмен қажеттікөлемде қамтамасыз етілетін болады.
Екібастұз қаласында Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелері өңірдің «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін негізгі энергетикалық нысандарын аралады. Олар «Богатырь Көмір», Екібастұз ЖЭО, Екібастұз 2-МАЭС және Екібастұз 1-МАЭС станцияларында болып, инвестициялық жобаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйімен және алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есептері және 2024 жылға арналған жоспарлары тыңдалды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов энергетика саласы жобаларының Қор портфеліндегі айтарлықтай үлесінатап өтті.
«Бүгінде Қазақстан 16 ГВт қуатты иеленіп отыр. Болашақта іске асырылып жатқан жобалар есебінен «Самұрық-Қазына» АҚ тағы 12 ГВт қуат енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, генерация екі есеге ұлғаяды, бұл ең жоғары тұтыну кезеңдерінде энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір Қазақстанның электр энергетикасы «қайта өрлеу» кезеңін бастан кешуде», - деді Ернат Бердіғұлов.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компанияның негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады. Еншілес ұйымдардың электр энергиясын жиынтық өндіруі 2023 жылы 35,3 млрд кВт сағ немесе Қазақстан бойынша жалпы электр энергиясын өндірудің шамамен 31%-ын құрады. 2024 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 39,2 млрд кВтсағ дейін ұлғайту жоспарлануда.
Егер 2023 жылы 83 негізгі жабдыққа жөндеу жүргізілсе, 2024 жылы жабдықтардың 116 бірлігіне жөндеу жүргізілетін болады.
«Біздің жұмыс нысандарында күзгі-қысқы кезеңге дайындық кестеге сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 50%-ы орындалды. Тұрғындарды тұрақты энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі жасалуда. Жөндеу науқаны белгіленген мерзімде толық көлемде аяқталады. Жөндеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізудің арқасында біз электр станцияларының тозу дәрежесін жылдан жылға төмендетіп келеміз», - деді Қайрат Мақсұтов.
Экологиялық күн тәртібіне қатысты Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарында атмосфераға шығарындыларды автоматты мониторингтеу жүйесімен кезең-кезеңімен жарақтандыру жүргізілуде. Сонымен қатар, әлемдік жетекші компаниялармен түтін газдарын тазарту бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Баяндамалар тыңдалғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері спикерлерге мәлімет алғысы келетін сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Түркістан облысындағы нысандарын аралау аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті.
Қайрат Мақсұтов облыста Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы Шардара СЭС-інің жұмыс істейтінін атап өтті. Осы нысанда 2020 жылы толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қуаты 126 МВт станция Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңіріндегі ең жоғары жүктемелерді жауып, ЖЭК нысандарын теңгерімдеуді қамтамасыз етеді.
Сайрам ауданында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы технологиясын қолдана отырып, электр станциясын салу бойынша іске асырылып жатқан жобаға ерекше назар аударылды. Бұл станция маневрлік генерация режимінде жұмыс істейді және ұлттық энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға көмектеседі.
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды құрылыс учаскесінде атқарылған жұмыстар жайында және газ инфрақұрылымын, қуат беру, сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарлары туралы хабардар етілді.
Өз кезегінде облыс әкімі энергетикалық қауіпсіздіктің өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың жобаны уақтылы және сапалы іске асыруда толық қолдау көрсететінін айтты.
Жұмыс бабындағы кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар құрылыс аясындағы мәселелерді бірлесіп үйлестіру қажеттігі туралы уағдаласып, Түркістан облысында энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Самұрық-Энерго» АҚ –ның электр энергиясын өндіру көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға өсті.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 20 457 793 мың кВтсағ құрады. Өсім «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «АлЭС» АҚ, Мойнақ, Шардара, Өскемен және Шүлбі СЭС, сондай-ақ «Энергия Семиречья» ЖШС және «Samruk-Green Energy» ЖШС өндіретін электр энергиясы өндірісінің өсуі есебінен болды.
Сондай-ақ, электр энергиясын сату компаниясының электр энергиясын өткізу және электр желілік компаниясының электр энергиясын беру көлемі ұлғайды. Олар тиісінше 4 044 308 мың және 4 527 761 мың кВтсағ құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 11% және 3% - ға өсті. Бұл 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымға жаңа тұтынушылардың көп келуіне, сондай-ақ аймақтағы электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жылу энергиясын босату жоспар бойынша 3214,7 мың Гкал орнына 3285,6 мың Гкал немесе жоспардың 102%-ын құрады.